Құрметті оқырман, мағыналы, ойлы сұхбат, маңызды деректер, тарихи сараптамалық материал, мәдениеттегі айтулы оқиғалардың бәрін бір басылымнан – "Мәдениет" журналынан таба аласыздар!

Қазақ мерзімді басылымдар ішінде ойып орын алатын "Мәдениет" мәдени-сараптамалық журналы 2006 жылдан бастап шығады. Бас редактор әдебиет сүйер қауымға кеңінен танымал, бірнеше буын жастарды өз шығармаларымен тәрбиелеп өсірген, танымал жазушы, драматург Дулат Исабеков.

Журналдан мәдениет саласында еңбек етіп жүрген өнер адамдары мен қоғам қайраткерлерінің сұхбаты, олардың шығармашылықтары, жеткен жетістіктері жайлы оқып, біле аласыздар. Қайраткерлер мен тарихи тұлғалар туралы жан-жақты зерттеулерді, танымдық еңбектерді тарих және әдебиет саласына қажетті материал ретінде пайдалануға болады. Саясат, ғылым, театр, сурет өнері, музыка, би, дін түгел қамтылып, ақпарат өте қызықты әрі ғылыми түрде беріледі. Мемлекет негізіндегі мәселелер сарапталып, талданып шығады. Әлем жаңалықтары мен елдегі түрлі оқиғалар, өнер, мәдениет саласындағы премьералар, жаңа кино, алыс-жақын шетелдегі фестивальдар жайлы да "Мәдениет" тұрақты түрде хабардар етіп отырады.

"Тарих", "Алаш арыстары", "Мәдени мұра", "Мұражай", "Театр", "Әлем поэзиясы" бөлімдеріндеізденуші жастар, студенттер, оқытушы ұстаз, өнер сүйер қауым үшін пайдалы ақпараттар жазылған.

Бұқаралық ақпарат кеңістігіндегі, қазақ ақпарат құралдары арасындағы шоқтығы биік, ойы терең, өте мағыналы журнал – "Мәдениет" деп сенімді айта аламыз. Әр парағы оқырманға пайдалы ақпарат пен қажет деректер беруді мақсат еткен. Дәл осы уақыт пен қазіргі кездің тыныс-тіршілігін әдеби-көркем тілмен халық арасына тарата білетін басылым. Жаңалық жаршысы, мәдениет хабаршысы, саясат сарапшысы бола білген журналға жазылып, оқып-танысуға асығыңыз!

Құрметті оқырман! Сізді қызықтыратын, оқып-танысқыңыз келетін  газет-журнал жайлы ой бөлісіп, жазылып оқығыңыз келсе және өнер туралы әдебиеттер бөлімінің жұмысы туралы тілек-талаптарыңыз болса, біздің кітапхананың karlib.kz сайтына жазуларыңызға болады.