Құрметті оқырмандар!

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі "Жаңа кітаптар" атты көрмесін Сіздердің назарларыңызға ұсынады.

Бұл көрмеде ұлттық музыка мәдениетіне арналған Б. Тұрмағамбетованың "Ұлттық өнер – өміршең қазына", бейнелеу өнер саласының мамандарына арналған өнертанушы Қ.Оразқұлованың "Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана: мәдени-философиялық талдау", ал театр және бейнелеу өнері саласында еңбек етіп жүрген мамандарға арналған М. Жақсылықованың "Қазақ кәсіби актерлік өнерінің даму ерекшеліктері" атты еңбектері жинақталған.

Сонымен қатар, әнсүйер қауымның көптен күткен "Мөлдір махаббат" атты әндер жинағы қорымызға келіп түсті. Бұл жинақта халық арасында жиі орындалатын әндер нотасымен жарық көріп отыр.

Сонымен бірге, кітапханамызға келетін жас оқырмандарымыз үшін де сүйінші кітабымыз бар. Ол кез-келген оқырманның қызығушылығы мен сұранысын қанағаттандыратын "Әлем кереметтері" деп аталатын суретті альбом. Екі тілде ұсынылған бұл еңбектегі керемет суреттерді арнайы 3D көзілдірігімен тамашалап, рухани байлыққа кеңелесін.

Қорыта айтқанда, "Өнер  білген өлмейді" демекшіжаңа кітаптар өнер сүйер қауымға да, қалың көпшілікке де қызықты болар деген сенімдеміз.

Келіңіздер! Бірге оқиық!