Сіздерді 2015 жылы аталып өтетін айтулы күндер ішінен Қазақстанның мәдениет саласындағы мерейтой иелері туралы қорымыздағы әдебиеттермен таныстыруды жөн көрдік.

Қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл (1845 – 1904 жж.)

Абай қазақ халқы мен Шығыс халықтарына өзінің поэзиясы мен тамаша әндері арқылы кең танымал болған ұлы тұлға. Оның өлеңдері мен әндерін халқымыз әрдайым ұйып тыңдаған, құрметтеген.

Аталмыш жинаққа Абайдың өзінің төл әндері еніп отыр. Бұл әндердің фортепианолық сүйемелдеуін жазу ісіне Қазақстан композиторлары мол еңбек сіңірді. Осындай қажырлы шығармашылық еңбектің нәтижесінде Абай әндері әрлене түсіп, оның тәрбиелік мәні мен эстетикалық нәрі арта түсті. Жинақ ән сүйер көпшілік қауымға арналған.

Мүсінші, Қазақстанның халық суретшісі, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хакімжан Есімханұлы Наурызбаевтың туғанына 90 жыл (1925 – 2009 жж.)

Бұл альбом Қазақстанның көркем өнер тарихында есте қаларлықтай қолтаңбасың қалдырған, мүсінші Қазақстандық мүсін өнерінің қалыптасуы мен дамуына үлесін қосқан суретші, әрі қоғам қайраткері Хакімжан Есімханұлы Наурызбаевтың шығармашылық мұрасына және өмірлік жолына арналған.

 

Қыркүйек 2005 – Ұлытауда "Қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі" монументі орнатылғанына 10 жыл

Санаңды сан тарапқа шарлатып, қиялыңды қияға қондыратын тарихи-танымдық толғаныстардан тұратын кітап елі мен жерінің, туған Отанының тарихы қызықтыратын қалың оқырманға арналады. Сонымен қатар,Ұлытау ауданында орнатылған "Қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі" монументінің тарихы және авторы туралы деректермен таныса аласыздар.

 Келіңіздер! Бірге оқиық!