Құрметті оқырмандар!
Биыл қазақтану ғылымының қара нары, бүкіл саналы ғұмырын шығармашылық пен әдебиетке, ғылым мен мәдениетке арнаған толағай тұлға Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толады.
Осы мерейтойы аясында кітапханамызда Ақселеу Сланұлының өмірі мен шығармашылығын жан - жақты таныту, оның қайталанбас туындыларын кеңінен дәріптеу мақсатында «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» атты өлкетанулық әдеби – марафоны ұйымдастырылады.
Он айға түрлі тақырыпта, түрлі формада ұйымдастырылатын шараның жоспарымен таныс болыңыздар.