Бүгін 1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай кітапхана ұжымының жас қызметкерлері Теміртау қаласының «Қысқы бақ» көрінісін тамашалауға барды. Бақтан түрлі құстар мен әр түрлі экзотикалық ағаштарды, қояндардың ерекше түрлерін көрдік, бұл бақта еліміздің тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров отырғызған кипарис, Т.Мұсабаев отырғызған олеандр, тағы басқа да белгілі тұлғалар еккен бірнеше өсімдіктер түрлері бар екен. Қазіргі кезде бақтан планетаның шөлді аумақтары мен тропикалық және субтропикалық елдерінде ғана өсетін 120 өсімдікті кездестіруге болады.

Теміртау қысқы бағының ғимараты сәулет жауһары десек те болады – ол толығымен шыны витраждардан тұрғызылған, іші әрдайым жылы әрі шуақты. Көктемнің алғашқы күні Металлургтер қаласының ортасында орналасқан табиғат сұлулығының аралына барған саяхатымыз баршамызға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қысқы бақ қызметкерлеріне алғысымыз шексіз!