Армысыздар, құрметті оқырмандар! Мемлекет және қоғам қайраткері, үш ұлы бидің бірі Қаздауысты Қазыбек Келдібекұлының туғанына 355 жыл. Осыған орай, сіздердің назарларыңызға өлкетану әдебиеті бөлімінің дайындаған «Ұлт рухының кемеңгері» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз.

Құрметті өнер сүйер қауым! Биыл, еліміздегі тұңғыш кәсіби кинорежиссер, қазақ киносына айрықша еңбек сіңірген дара тұлға, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Мәжит Сапарғалиұлы Бегалиннің туғанына 100 жыл. Осыған орай, сіздердің назарларыңызға “Қазақтың Мәжиті” атты бейнешолуды ұсынамыз!

«Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған: библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С.Шохшина. – Қарағанды, 2022. – 9 б.

Қазақтың арғы-бергі тарихында ерлігімен есте қалып, аты аңызға айналған батыр аналарымыз аз емес. Олар ел шетіне жау келгенде қолдарына найза ұстап, ел ішіне дау келгенде сөз алып, қасқайып ханға дат айтты. Соғыс ұшақтарымен жау аспанын тілгілеп, оқ - қарумен отанын қорғады.Солардың бірі де, бірегейі тарихқа алтын әріппен жазылған есім - Мәншүк Мәметова деп білеміз.

Ендеше, құрметті оқырмандар,қаһарман қазақ қызы Мәншүк Мәметованың туып-өскен жері, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы қызықты да, танымды деректер жинақталған «Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Көрсеткішті құрастыру барысында облыстық кітапхананың каталогы, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қордағы кітаптары, тарихи – танымдық анықтамалықтар мен тарихи еңбектер, мерзімді басылымдар беттеріндегі деректі мақалалар пайдаланылды.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

Алаш қозғалысы аясында қазақ зиялыларын бір мақсат-мүддеге жұмылдырған ұлттық-демократиялық «Қазақ» газетін шығарып, «Алаш» партиясын құрып, Алаш қайраткерлерінің идеялары мен жүзеге асырған істері бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жалғасын тапты.

Сіздердің назарларыңызға Алаш қозғалысының басында болған бес арысымыз – ұлтын сүйген ұлы тұлғаларымыз жайлы және қазақ ұлтына сіңірген ерен еңбектерін танытатын «Алаштың бес арысы» атты бейне презентациясын ұсынамыз!

Ай кітабы