2018 жылдың 23-24 қазаны күні "ГОГОЛЕВКАҒА"

Ашық есік күніне шақырамыз!

Бағдарламада:

  • КІТАП ӘЛЕМІ" библиосеруені
  • "Орнымызбен ауысайық: Сіз – кітапханашысыз, Мен – оқырманмын!" шығармашылық байқау
  • "Кітапханаға қалай өтуге болады?" стрит-мобы
  • "Гоголевка студент көзімен" Instagram байқауы
  • "Буккроссинг немесе бүкіләлемдік кітапханаға қош келдіңіз! – акция жалғасуда": кітаптарды табу, кітаппен бөлісу, кітап құмар қауыммен танысу
  • "Өлкетанумен таныс болыңыз!" өлкетанулық ресурстарды таныстыру. "Тілегімізді қабыл алыңыз!" газетке арналған тақта
  • Тақырыптық кітап көрмелері
  • Кітаптық викториналар мен анограммалар, шығармашылық тесттер, шолулар, зияткерлік-танымдық ойындар.

Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз!

Біздің мекен-жай: Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44-үй

Жыл сайын 18 қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады.

Қазақстан – көпұлтты, көп конфессиялы, әлденеше мәдениеттер тоғысқан ел. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың парасатты басшылығы арқасында мемлекетімізде алуан тіл мен діндегі, мәдениеттегі ұлттар мен ұлыстар өзара ауызбірлік пен ынтымақта тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Биылғы күздің алғашқы күндері жанға жылу сыйлап, шуақты ауа райымен қуантты. Қазан айы да осы жылулығын сақтайды деп сенеміз, себебі алдымызда ұзаққа созылатын қыс мезгілі бар.

Күз айларында кітапханада жұмыстың қарқындылығы күшейеді, биыл да қазан айы былтырғы күзден айырмашылығы аз-кем. Айдың алғашқы күнінен бастап кітапханада ай бойы жалғасатын іс-шаралар ұйымдастырылады.

Біз оқырмандарымызды акцияларға, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелеріне, шолулар мен тұсаукесерлерге шақырамыз. Сонымен қатар, Сіздерді жазғы демалыстардан кейін есігін айқара ашқан қызығушылықтарыңызға қарай жұмыс істейтін клубтар күтеді.

 Қазан айына арналған іс-шаралар жоспары

Қазақ жыраулар поэзиясының алыбы, Абылай ханның ақылшысы болған Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Қарағанды облысы бабаның мерейтойын  өз дәрежесінде өткізіп, түрлі республикалық шаралар, әлеуметтік маңызды істерді жүзеге асыруда. Осы мәдени-көпшілік шаралардың бірі ретінде 2018 жылдың 1 қазан күні "Абыз жырау – аңыз жырау мұрасы" атты С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен онлайн-конференция өтті.

Нашақорлық – қоғам дерті. Ғасыр дертімен күресу керек. Жат қылықтарға әуес жасөспірімдердің жағдайы бүкіл адамзатты алаңдатады. Құмарлық және тәуелділік. Бұл мәселеге қалай шектеу қоюға болады? Жауап бар: жасөспірімдерді өз өмірлерін дұрыс басқаруға үйрету қажет, өмірлік қиын жағдаяттардан шығу жолын көрсету, зиянды әрекеттерден аулақ болуды насихаттау.

Ай кітабы