-
Жезқазған қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ-сі
-
№ 2 үлгілі кітапхана -филиалы.
Кітапхана 1976 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдан бастап М.Әуезов атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрамына кірді. Кітап қоры 3000 дана көлемінде болған.
Жезқазған қаласының әкімдігінің қаулысының шешімі бойынша № 884112 25.12.2008 ж. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ, «Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 Заңдарға сәйкес, 2007-2009 жылдарға арналған Қарағанды облысының мәдениет саласын дамыту» аймақтық бағдарламасына сәйкес №2 кітапхана-филиалы №2 модельді кітапхана-филиалы деп аталды.
Оқу залы, абонемент, балалар бөлімі бар.94.8 шаршы метр көлемі бар шағын ғана кітапхана 74,79 ықшам аудандары мен Рыбачий, Комбинатский елді-мекендеріндегі тұрғындарға қызмет етеді. Жылдан жылға көп жетістіктерге жетіп келеді.
Қазіргі таңда кітапханаларды компьютерлендіру, ғаламторға қосылу, ақпараттандыру ісі жаппай белең алды, кітапханашылар жаңа технологияларды меңгеруші маманға айналды. Осы орайда біздің кітапхана да жаңа талапқа сай жабдықталып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғаламторға қосылып, телефон орнатылды, «РАБИС» электрондық бағдарлама мәлімет алуға қол жеткізді. Осы бағдарлама арқылы жаңа түскен әдебиеттерді кіргізіп, баспа бетіндегі мақаларды және өлкетану мақалаларын кіргізу арқылы электрондық картотека жасап, пайдаланушылардың сұраныстарын тез арада қанағаттандыратындай жұмыстар атқаруда.
Кітапхана қорында 10090 дана кітап бар, оның ішінде кітап-9595,газет-131,журнал-311,электронды басылымдар-53.Мемлекеттік тілде-7097. 2012 жылы кітап қоры толық тексерістен өтіп, 9411 кітап шығысқа шығарылды, оның 542 данасы мемлекеттік тілде.
Жаңа жиһазбен жабдықталған оқу залы 15 орынмен қамтылған. Жылдан жылға оқырман залының қоры жаңа энциклопедия, мерзімдік басылымдармен толықтырылады. «Ұлттық энциклопедия», «Денсаулық», «Оқушы анықтамасы», «Айбын», т.б. энциклопедияларды студенттер мен оқушылар, «Мектептегі мерекелер», «Тәрбие құралы», т,б. мерзімдік басылымдарды мұғалімдер көп пайдаланады. Бір жылда 1500 оқырманға қызмет етіледі.
Кітапханамызда оқырмандарды қызықтыру үшін сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен бірлесе көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады.
«Жаңа Қазақстан,жаңа бағыт» «Тәуелсіз Қазақстан: Күннен күнге», т.б. атты тұрақты көрмелер, мерзімді «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты көрме- сөзжұмбақ, «Тәуелсіздік-адамзаттың бақыты» атты көрме-сандық, т.б. әр түрлі көрмелер ұйымдастырылады. «Тілім менің – тірлігімнің айғағы » - сайыс, «Курение: дань моде, привычка или болезнь?»,- ток-шоу, «Қоршаған ортаны қорғау»-тазалық шеруі, т.б. іс-шаралар әр түрлі оқырман топтарымен өткізіледі.
Жалпы оқырмандар саны 2315, кітап берілімі 43536, келушілер саны 31680 адам болып отыр. Кітапханамыз оқушыларға, ұстаздарға, студенттерге, мекеме қызметкерлеріне қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.Заман талабына сай заманауи технологияны қолданып, ғаламтордан алынатын мәліметтерді оқырмандарға ұсынып келеміз.
Абонементте 1220 оқырманға қызмет жасалады. Бір жылда 17410 оқырман келіп үйге 24473 басылым алып оқылады.
Кітапханамызда оқырмандарды қызықтыру үшін сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен бірлесе көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Кітапханамыз сонымен қатар ЖТК,КБК студенттерін «Кәсіби бағдар» атты жарнамамен кәсіптік білім сериясынан шыққан оқулықты мамандықтарына байланысты ЖТК колледжінің кітапханашысы Акимочкина Л.Ю бірлесе отырып тоқсан сайын жарнамалап кітап тізімін ұсынамыз.
Балалар бөлімінде әсем безендірілген, кең көлемде «Балалар әдебиетінің қазынасы. Мир детской литературы» тұрақты кітап көрмесі жаңа кітаптармен толықтырылып балаларға жұмыс жасайды.Осындай іс шаралардың басым көпшілігі отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын тақырыптарға арналған. Ашық көрмелерде жаңа кітап, журналдар орналасқан. Кейінгі кезде «Әлем балалар әдебиеті», «Табиғатты ғажайыптар», «Алтын классикасы, «Тарихи тұлғалар» атты сериялар бойынша келіп түскен кітаптар, «Сен білесің бе?», «Қызықты биология», т.б. энциклопедиялар балаларды көп қызықтырады. Жылда 1095 бала 19063 кітап алып оқиды. «Біз бақытты баламыз»- думанды шоу, «Балдәурен балалардың серігі» -әдеби саяхат, т,б. Қызықты іс-шаралар үйымдастырып тұрады.
Интернат және «Үміт» үйінің тәрбиеленушілеріне қуаныш пен шаттық сыйлау, жандарын жылылыққа, мейірімге бөлеу, сонымен қоса кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен балалар мерекесіне орай «Күлсін барлық бала шат!»-атты мереке-шоу, «Біз өмірдің гүліміз» атты жұлдызды сәт, «Через книгу к добру и свету» атты акция өткізілді. Осы сияқты іс,шаралар жыл сайын өткізуге дәстүрге айналған.
2011 жыл Алматы қаласының Бегалин атындағы кітапханасының ұйымдастырған «Иран –жемчужина Востока » атты сайысқа тұрақты оқырман Жалмурзин Бекзат қатысып Ираннан келген алғыс хатқа ие болды.
Оқырмандардың қызығушылығына байланысты «Зерде», «Қиялшылар», «Ертегілер ізімен», «Жанұя» топтары белгіненді.
Соның бірі «Жанұя» тобында алғашқыда 5 отбасы болса, кейін тағы 5 отбасы қосылып отбасылар мүшелерін кітап оқуға қызықтыру, ересек пен балалардың арасындағы қарым-қатынасын жақындату, бос уақытты тиімді пайдалана білуге ықпал ету мақсатымен «Жанұя » клубы деп аталды.
«Имандылық жарасады ұл-қызға» -танымдық кездесу, «Шаңырақтың шуағы»-сұхбат, «Отбасындағы кітап оқу мәселесі» «Взрослые заботы о детском чтении»-көрме-презентация, «Отбасы-алтын дінгек»-сайыс, «Супер-оқырман-отбасы»-фотостенд (Салықовтар, Сәрсетай, Жухановалар, Рустамовтар, Қожахметовтар, Зайковы, Әмір, Шмидт, Әшеновтар) т.б. іс-шаралар арқылы отбасылар мүшелерін кітап оқуға қызықтыру, ересек пен балалардың арасындағы қарым-қатынасын жақындату, бос уақытты тиімді пайдалана білуге ықпал ету мақсатымен ұйымдастырылды.
Кітапхана өлкетану жұмысына көп көңіл бөледі. Оқушыларға отан сүйгіштікке тәрбиелеу, табиғатты аялау, аға-апаларымыздың елін, жерін ерлікпен, жау-жүрек батырлықпен қорғау білгенін, олардан үлгі алуға баулу мақсатымен өткізілген «Болашақ үшін күрескен...» атты естелік сағаттың, «Қазақ тарихындағы қасіретті жылдар» атты тарихи сағаттың, «Бір шаңырақ астында» атты достық орбитаның, «Қандай нәзік Жер-ана» атты калейдоскоптың мәні зор болды. Қ.Сәтбаевтың Жезқазған қаласының дамуына үлесі мол туралы «Дара шыққан дарын»-өлкетану сағаты, «Ұлттың ұлы перзенті»-көрме-шежіре, «Үлкен Жезқазған»- библио -саяхат өткізу аясында М.Сәрсекеевтың «Дара дарын» Ж.Ерманның «Өлеңнен өрнектелген өмір» атты кітаптардан, «Қаныш Сәтбаев» энциклопедиясынан, «Жезқазған –туған мекен», «Жезқазғанның белгілі адамдары» атты тақырыпты папкалардан көп мәлімет алды.
Кітапхананы, кітапты насихаттау мақсатымен көптеген әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Солардың бірі «Ата-аналар, сіздер үшін!»-экспресс-жарнама, «Детям о курении»-ақыл-кеңес, «Мұғалімдер, сіздер үшін!»-ұсыныс тізім, «Журнал әлеміне саяхат»-жарнама, «Я познаю мир»-ұсыныс құрал. «Сіздер үшін хабарламалар!» - ұсыныс тізімдер шығарылған.
Кітап күніне қарсы қалалық деңгейде ұйымдастырылған ірі іс-шараның бірі «Кітапхана аялдамасы». Кітапханашылар поезі аялдамасына кітап көрмелері поездың вагондары сияқты етіп қойылып, бірнеше үстелге орналастырылған. «Оқырман отбасы», «Менің сүйікті кітабым» атты суретті көрмелер ілінді. Кітапхана белсенділері кітап туралы, өлеңдер оқып, ән шырқады. «Өзіңе сыйлыққа кітап таңдап ал» акциясына қатысуға шақырылды.Біз, кітапхана қызметкерлері, өздеріміздің біліктілігімізді әрдайым қалалық семинар-кеңестерге қатысу арқылы және қәсіби журналналдар оқу арқылы арттырып отырамыз. Сондай-ақ «Кітапхананы насихаттаудағы жұмыстарының жаңа түрлері» атты іс-тәжрибе алмасу күні біздің кітапханада өтті. Сол күнге ұйымдастырылған «Жаңа баспа сенікі!» атты көрме-ассорти, өткізілген Ж.Кейкіннің «Қазақы атаулар мен байламдар» атты кітабы бойынша бір кітапқа саяхат қатысқан кітапханашылардың көңілдерінен шықты.
2012 жыл өткізілген «Модельді кітапхана-әлеуметтік даму айнасы» атты конкурсқа қатысып, «Тау ұлы »(Баубек Бұлқышевтің шығармашылығына) слайд ұйымдастырылды. «Махаббат жаршысы» (Ә.Нұршайықовтың махаббат тақырыбына) дәстүрлі емес кітап көрме жасалды. «Кітап- рухани нәрдің бұлағы» атты эссе І кезеңде орындалды.
2 кезеңде ІІ орынға иеленіп 100000 тг бюджеттен кітап қорын толықтырылды. Түрлі түсті фотоаппарат сыйға тартылды.
Оқырмандардың сұраныстарын сапалы орындауда библиографиялық құралдардың, картотекалардың, тақырыптық папкалардың орны ерекше. Үйткені көп табылмайтын мәліметті мерзімдік басылымдардан алуға болады. Іс-шараларды дайындау барысында міндетті түрде тақырыпқа байланысты жауынгер-жазушылар», «Тарихи тұлғалар», «Бір ел-бір кітап акция аясында «М.Жұмабаев –жыр патшасы», «Ж.Аймауытовтың әлемі», «Қазақтың Фаризасы»,т.б. папка-досьелер ашылды.
Сексенбаева Динара Мақсұтқызы – кітапхана-филиалының жетекшісі.
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің орыс тілі мен әдебиет, ағылшын мамандығын тәмамдаған, еңбек өтілімі – 6 жыл.
Кітапхана саласында кітапханашылықтан бастап жетекшілікке дейін көтерілді. Жаңа технологияны кітапхана ісіне оңтайлы пайдалануда. Бүгінгі күні бала күтіміне байланысты демалысты. (суретте оң жақта).
Жансейітова Наушагүл Карбозқызы – ж.д., ж.с. кітапханашы. Қыздар педагогикалық институтының кітапхана бөлімін бітірген, еңбек өтілімі – 32 жыл. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруда елеулі үлес қосуда. «Жанұя» отбасылық клубын ұйымдастырушысы. Кітап қорын іс-шара арқылы насихаттауда.
Сүлейменова Жанат Алиасқарқызы –ж.д., санаты жоқ кітапханашы. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің экономика-менеджмент мамандығын тәмамдаған, еңбек өтілімі -1 жыл. Аз уақыт ішінде кітапхана жұмысын үйренуге деген ынтасы айқын байқалады және кітапханадағы өтілген іс-шараларды жауапкершілікпен өткізуге ат салысады. Сонымен қатар кітапхана тынысын БАҚ арқылы насихаттауда сүбелі үлес қосуда.