Кітапхана үлгілі кітапхана статусын 2008 жылы алды. Кітапханада 2 кітапханашы маман жұмыс атқарады:
1. Искакова Қымбат Кабдикаримовна. Орта арнаулы кітапханашы , «Мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын сырттай бітірген. Еңбек өтілі - 19 жыл.
2. Мейрманова Гүлжан Амангелдиевна. Арнаулы орта , кітапханашы, еңбек өтілі - 1 жыл.
Кітапхана мәдениет үйінің 2 қабатында орналасқан, аумағы 323кв.м. Жылу жүйесі орталықтан жылытылады. Жөндеу жұмыстары жасалған, кең жарық оқырмандармен жұмыс жасауға қолайлы. Жиһаздары үлгілі кітапханаға сай – 6 үстел, 6 орындық, 6 стелаж, 2 кітап көрмесінің стелажы.
Халық саны – 5100 адам, балалар саны – 15 жасқа дейінгі -681 бала. Кітап қоры – 15106 кітап, оның ішінде қазақшасы – 2104 дана . 2013 жылы кітап қоры 211200 теңгеге 275 дана жаңа кітаппен толықтырылып, 23 түрлі мерзімді басылымға жазылып жас оқырмандардың сұранысын қанағаттандырып отыр.
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны – 715
-
Келушілер саны – 8610
-
Кітап алымы – 13140
-
Балалар кітапханасында – 1 компьютер, 1 лазерный принтер, 1 сканер.
ABBY Finereader программасы жұмыс жасайды. Орталық Қазақстан, Қарқаралы газеттеріне шыққан өлкетану тақырыбы бойынша 7 оцифровка жасалынды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы» бойынша жұмыс жасап, оқырмандар сұранымын қанағаттандырылады.
«Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» бойынша компьютерден сауатылықтарын ашуға балабақша тәрбиешілері және бастауыш сынып мұғалімдері келіп үйренеді және де 6-7-8-9 сыныптар келіп өздері дайындалады.
Библиографиялық жұмысты кітапханашылар атқарады. Кітапханада балалардың оқу мәдениетін дамыту мақсатында айына бір рет төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде "Жас кітапханашы" мектебінің сабақтары және "Кітапхана-кітап үйі", кітап үйі, "Кітап қалашығына саяхат"-1 сыныптар апталығы, "Балғьшдарға - кітап әлемі " шаралар айдары. "Кітап патшасында қонақта" шоу, "Білім патшасы-ақпарат мемлекеті", "Кітап теңізінің лоцманы", "Дымбілместе қонақта", "100 кеңес - 100 жауап" библиографиялық сабақтар өткізіліп тұрады. Осы мақсатта кітапханада 2-ші сынып оқушылармен "Кітап патшалығы- данышпан мемлекет" ертеңгілік; "Бала, Кітапхана, Кітап " әңгіме - сұхбаты; "Жануарлар әлемінде" ойын саяхат; "Міне, ең ғажайып - оқу" ойын - сайыс; "Отбасымен ғажайып" оқырман болу; "Кітап-білім бұлағы" мақал мәтел және жұмбақ шеңбері. Актив мүшелерімен:
-
- «Кітаппен қалай жұмыс істеу керек?»;
-
- «Кітапты қалай таңдау керек?»;
-
- «Әңгімені калай өткізу керек?»;
-
- «Окырманға қалай қызмет көрсету керек?»:
-
- «Қарыз оқырмандармен қалай жұмыс істеу керек?» деген тақырыптарда сабақтар жүргізіледі.
Библиографиялық анықтама дәптері жүргізіліп күнделікті берілген тақырыптар тіркеледі. Анықтама, энциклопедиядан, мерзімді басылым беттерінен тауып береміз. РАБИС бағдарламасын қосу биыл жоспарланып отыр.
Кітапханада өлкетану жұмыстары бойынша Өлке тарихы, еңбек ардагерлері, мәдениет майталмандары, Мәди Бәпиұлы, Қарқаралы ауданында туылған ақын жазушыларға арналған, балалар жазушыларына арналған, мектеп бағдарламасына көмек папкалары жинақталған.
Сонымен қатар кітапханада «Ертекші» қуыршақ үйірмесі төменгі сынып оқушылары арасында жұмыс жасайды. «Ертекші» қуыршақ үйірмесінде балалар өздеріне ұнаған ертегісін дайындап көрермендерге ұсынады. Балалар мақал мәтелдер айтып тілдерін жаттықтырып, кейіпкерлердің жуан, жіңішке дауыстарын салып дайындалады. Артынан жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездемелер беріледі.
Кітапханада әрбір нақтылы жағдайға байланысты оқырмандар аудиториясының белсенділігін, кітаптарды насихаттауды тиімді тәсілдері мен түрлерін, әдістерін ұштастыра отырып әр түрлі өткізген жөн: мысалы, ауызша журнал, оқырмандар конференциясы, пікірталас, ауызша насихат, дөңгелек үстел т.б. түрлерін түрлендіріп өткізу қажет. Өйткені бүгінгі оқырмандарды өздері енжар қабылдауына бағытталып жүргізген іс-шаралар емес, керісінше олардың өзін белсенді түрде ұйымдастыратын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан оқырмандарымыздың рухани жан дүнмесін байыту үшін «Бұлақ көрсең көзін аш, сусыныңды қандырар» - деген халық нақылын ескеріп, іс-шараларды түрлендіріп өткізіу қажет. Кітапханада өтіп жатқан кездесу, дискуссиялық клуб, диалог-шолу, дауыстап оқу, ойын-саяхат, слайд-шоу, кітаби жиындар, экспресс-тренингтер, онлайн-тестілеу, веб-викториналар, флэш-моб жаңашылдықтың балалар кітапханасында көптеген тақырыптарда жұмыстар балалармен қызғылықты өткізіледі. Балаларды қызықтырған кітап көрмелері «Сен білесің бе?» викториналық кітап көрмесі, мұнда сұрақтар ілініп қойылып кітаптар қойылды. Мысалы: Құлақ не үшін керек? Осы бойынша балалар сол полкадағы кітаптарды оқып шығып пікірлерін жазады. «Құрбылар кеңес береді» 5-6 сынып оқушыларына, «Әдебиет әлемінде» 7-8 сынып оқушыларына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Жас келсе іске» сыр сұхбат 5-6 сыныптар арасында өткізілді. Әр түрлі тақырыптарда флешмоб, библио алаң өткізу қолға алынған . Балалар мен көпшілік жұмысын өткізуге ең негізгі тек іс-шараны өткізу керек деген мақсат болмау керек. Керісінше өткізілетін кез келген іс-шара оқырман мен қарым — қатынас, күнделікті жұмыс әңгімесінің жалғасы сияқты, балаларға арналған ең жақсы кітаптар өзінен өзі насихатталатындай ойлануға, сезінуге мәжбүр ететіндей, сауатты сөйлеуге үйрететіндей болуы тиіс.
Мысалы үшін біздің іс-шаралармыздың негізгі бағыттары:
-
- «Қазақстан 2050»
-
- «Өткен тарих жолымыз»
-
- «Отанды сүю - Отанға қызмет ету»
-
- «Заң және біз»
-
- «Адамдар арасында өмір сүру де өнер»
-
- «Жер келер ұрпақ мұрасы»
-
- «Дені сау үрпақ - қоғам болашағы»
-
- «Біз және бізді қоршаған әлем»
-
- «XXI — ғасыр білім мен ғылым ғасыры»
-
- «Рухани мәдениеттік таным»
Міне, біз осы бағыттарды негізге ала отырып жоспар жасадық. Осы бағыттарымыздың біреуінің мазмұнын ашып беретін, бір ғана «Қазақстан 2050» бағытын жүзеге асыру үшін екі тарауға бөліп қарастырдық.
-
1. «Болашақ сендердің қолдарында» атты тарауда:
-
- «Жастай алған білімің, тасқа басқан таңбадай». (шығармалар байқауы).
-
- «Білім мен байлық, қайсысы артық?» (пікір талас).
-
- «Замандас, заман талабына лайықтысың ба?» (кәсіпкерлермен кездесу) жоспарланды.
-
2. «Қоғам мен жастар» тарауында:
-
- «Жастар мен билік» (әкімшілік адамдарымен кездесу).
-
- «Кәсіпкерлер мен фермерлерге сенің көзқарасын?» (дөңгелек үстел).
-
- «Қазақстанның жаңа ғасырдағы қадамы» (ел туралы толғаныс жоспарланған. )
Кітапхананың болашағы, әрине балалармен байланысты. Қазіргі кезде төменгі сынып оқушылары кітапханаға жиі келгенді ұнатады және бір-бірі мен жарысып кітап оқиды. Кітапханада олармен дауыстап оқу өткізіліп тұрады. Оларды қызықты хикаялар қызықтырады. Ал жоғарғы сынып оқушылары мектеп тапсырмасы бойынша оқиды.
Балалар кітапханасы Қарағайлы кентінің №16, 17 және «Балдырған» бала бақшасы мен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Осындай жұмыстар атқарылғанмен кітапханада үлгілі кітапханаға сай компьютерлер мен жиһаздар жетіспейді. Қазіргі таңда жас оқырмандар үшін үлгілі кітапхананың келешегі өте зор. Балалар кітапханасын ғылыми, техникалық, технологиялық және мәдени дамудың жоғары деңгейіне шығару мақсатында кітапхана саласында жаңа инновациялық жұмыстарды дамыту жолға қойылса, жаңа жиһазбалаларға арналған кейінгі үлгіде, көрме стелаждары жаңа үлгіде шыныланған болса, компьютерлер залы балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің баланың оқырман болып қалыптасуының мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық оқу арқылы кітапхананың атқаратын қызметін қалыптастыру және дамытуды жаңа сапалық мазмұнға көтереді.
Уақыт өзгерген сайын кітапхана саласындағы қызметте оның әдістері мен бағыттары да түрлене алға басуда. Бала біздің болашағымыз. Қазақстанның бүгінгі мен болашағы жастардың еншісінде. Елімізді 2050 жылы барысқа айналдыратын күш те -бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Ендеше бүгінгі жас буын мемлекетіміздің мығым тірегі болсын десек - XXI ғасыр жастарын жан-жақты терең білімді, сауатты болуға баулу қажет. Бұл тұрғыда жүйелі жәрдем беретін шаңырақтың бірі - кітапхана.
Қасым Аманжолов үлгілі кітапханасы 2004 жылы 28-желтоқсанда Үлгілі кітапхана статусы берілді.
Кітапханашы: Ізбасарова Айсұлу Қапиятқызы, білімі жоғары, кітапханашы маман.
Кітапхананың орналасқан жері: Қ.Аманжолов селолық округі, Талды ауылы, бұрынғы балабақша ғимаратының екінші қабаты.
-
Кітапхана аумағы – 152,3
-
2008 жылы 1 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.
-
Халық саны: - 1140
-
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны: - 650
-
Кітапханаға келімі: - 7650
-
Кітап алымы: - 15200
-
Кітап қоры 23404, оның ішінде қазақшасы 9778, 2012 жылы кітап қоры 435,700 теңгеге 360 данаға толығып, 157.2 теңгеге 33 түрлі мерзімді басылымдар алып, оқырмандар сұранысын қанағаттандыруда.
Оқырмандар арасында көп пайдаланылатын мерзімді басылымдар : Орталық Қазақстан, Егемен Қазақстан, Қазақстан әйелдері, Парасат, Аңыз, Жұлдыздар отбасы, Жұлдыз, Қазақстан-Заман, Дала мен қала, Ислам және өркениет, Қазақ әдебиеті, Айқын, Ана тілі, Атамекен, Тылсым дүние, Экономка, Қарқаралы, Иман, Жалын, Денсаулық, Қазақ тарихы, Ақиқат, Қазақ тілі мен әдебиет.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы» бойынша Әкімшілік, қоғамдық ұйымдар, ұстаздар, жеке кәсіпкерлер, Шаруа қожалықтар басшылары, үй шаруасындағы аналар қызметтеріне және жеке іс-әрекеттеріне пайдалану мақсатында сұраныстар жасайды. Бірақ айта кететін мәселе цифрлы кітапхана заңдары ескі, жаңа заңдармен толықтыруды қажет етеді.
Библиографиялық жұмыстар: аудандық «Қарқаралы», «Орталық Қазақстан» т.б. газеттер бетіне шыққан мақалаларды: Қ.Аманжоловтың 100 жылдығына байланысты материалдарының көшірмелері жасалды. Және өлкенің мақтаныштары, атақты адамдарына арналған материалдар жинақталып, және тағы да сирек кездесетін, маңызды өлкемізге байланысты материалдар жинақталуы жалғасуда.
Кітапханада «Ұлы Абай ұлағаты», «Ақырын жүріп анық бас» /салауатты өмір салты/, Азапты жылдар шежіресі» / саяси қуғын-сүргін/, «Желтоқсан тарихынан», «Қазақстанның болашағы ана тілінде», «Тұғырлы тұлға» Қ.Аманжолов, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Жолдау болашаққа бағдар» атты папкалар жинақталған.
Өкінішке орай біздің кітапханада интернет желісінің нашарлығына байланысты байланыс жүйесі әзірге қиындық туғызып отыр. Себебі ауылда Қазтелеком арқылы ғана шығуға болады. Ол көп уақытты қажет етеді, дегенмен мұғалімдер, ауыл жастары мүмкіндігінше жұмыс жасайды. Электронды түрде оқырмандарымызды қанағаттандырып отырамыз. Сонымен қатар РАБИС бағдарламасымен де жұмыс жасалмай отыр.
Кітапханаға 37409 телефоны қосылған.
Кітапхана №19 орта мектеппен, Мәдениет үйімен, Кент орман-тоғай шаруашылығымен, Ақбай-Қызылбай, Сарыобалы, Аққора, Белдеутас елді мекендерінің кітапханашылары , ұстаздарымен бірлесе отырып, әртүрлі шаралар ауқымында жандандырып, кітапхананы насихаттап, оқырмандарды көбейтуде үнемі әр топтағы оқырмандар сұраныстарын орындай отырып көпшілік іс-шаралар жұмыстары жүргізіліп отырылады. Кітапхана бойынша сандық көрсеткіштерден оқырмандар санының кемуі биыл байқалуда. Оқырмандардың оның ішінде оқушылардың 70 пайызы оқу бағдарламасына көмек ретінде сұраныспен келеді. Ал 20 пайызы өз білімдерін көтеру үшін кітап алады. Негізгі оқырмандар құрамын жастар мен үй шаруасындағы аналар құрайды.
Өлкеге байланысты құнды құжаттар көшірмесі жасалуда.
2011 жылы аудандық Қ.Аманжолов атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткіәзілген «Дархан дауылпаздың дара дидары» атты әдеби-альманах байқауының қорытындысы бойынша аса ізденімпаздықпен жасалған бұл жұмысымыз барлық қауымға таптырмас мұра, ақын өміріне қатысты барлық мәліметтерді бір арнаға тоғыстыру жұмыстары жүктелген болатын. Ақынның қызмет жасаған жері Орал қаласынан көптеген мағлұматтар, құжаттар, фото-суреттері алынып сонымен қатар туған жеріндегі Қасым құдығы, ескерткіштері суретке түсіріліп, №19 орта мектептегі мұражайдан естелік хаттары жинақталды.
Осы байқаудың қорытындысында үздік альманах иегері деп танылды. Әлі де болса кеңінен насихаттап, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің басты міндетіміз.
Кітапханада «Жас өркен» жастар орталығының жұмысын дамыту (2006ж құрылған), «Жас толқын» жас тілшілер үйірмесі бағдарламасын жандандыру, «Нұрлан шоу» әзіл-сықақ бағдарламасын, «Ауыл тынысы» ауыл әкімі аппаратының хабаршысы ауылдық газетінің шығарылуына ат салысу, 1997 жылы құрылған «Шаңырақ» салт-дәстүрді насихаттайтын қызығушылар клубы жұмыстарын жандандыру, «Еліміздің азаматын, жеріміздің тарихын білейік» атты ауыл энциклопедиясын толықтырып отыру жұмыстары жүргізілуде.
Кітапханада өз ұлтының , халқының мәдени мұраларын игерген, салауатты өмір салтын берік ұстанған әр түрлі толғанарлық тақырыптардағы мәдени шаралар, ойындар, байқаулар, жастар шоу бағдарламалары, сайыстар көптеп өткізіліп тұрады.
2011 жылы 8-шілде күні Қарағанды қаласында облыстық Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы ұйымдастырған: Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына және Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына орай; «Дарындылардың алтын шашуы: Әдеби калейдоскоп» - деген тақырыпта семинар-кеңесте «Дархан дауылпаздың дала дидары» атты мастер класс өткізіп, Арнайы осы шараға дайындап әкелген: «Аманжол Рахымжанның Қасымымын...» атты фото-альбом, слайдтардың электронды нұсқалары ұсынылып, көмекші құралдар мен вымпельдар таратып, семинарға қатысушыларға кеңінен насихаттап іс-тәжірибелерімен бөлісті.
19-тамыз күні Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай: «Шабыт берші ақиық ақын арқалы, Жырдан шашу тойыңызға торқалы» атты аймақтық жыр мүшайрасын өткізді.
Кәсіби шеберлікті шыңдауда инновациялық формаларға енгізілген жобалар, бағдарламалар, үйірмелер, клубтар бойынша түрлі қызықты шаралар өткізу, мысалы: «Библиошар», «шебер класс», «сұрақтар қою арқылы спорттық ойындар» түрінде қызықты бағдарламалар, акциялар ұйымдастыру.
Өз жұмысымызды үнемі жергілікті әкімшілікпен, қоғамдық ұйымдармен серіктестік әрекетте қызмет атқарып, тығыз қарым-қатынаста болуға тырысамыз.
Кітапхананың қоғамның әлеуметтік өміріндегі орны және оқырмандармен жүргізілетін жұмыстарының тәсілдерін жетілдіру мәселелері де қарастырылады.
Үлгілі кітапхананың келешегі зор, жүргізілетін жұмыстар өте көп, ауылға библиограф маманы қажет.
Қазіргі таңда ауылымызда халық тұрақтамайды, себебі ауылда табыс көзі жұмыс жоқ. Ауылда тұрақты жұмыс жасап тұрған кітапхана, мектеп, әкімшілік, отбасылық амбулатория.
Үлгілі кітапхана осы өз атына сай ұлттық құндылығымызды жоғалтпау үшін талмай қызмет жасауда кітапхананың келешегі өте мол. Жаңаша түрде жұмыстар жүргізуде, өлкетану жұмыстарын насихаттай отырып, ауылымыздың, туған жеріміздің тарихын жандандырудағы рөлі ерекше.
Бүгінгі күні, кітапхана ісі саласына байланысты ғылыми ізденістер, осы салада көкейкесті мәселелерді шешуге байланысты облыс, аудан бойынша кітапханалармен шығармашылық іс-шаралар. Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.
Егіндібұлақ селолық орталық кітапханасының іргетасы 1928 жылы қаланды. Кітапхана 2004 жылдың қаңтар айынан бастап үлгілі кітапхана мәртебесіне ие болды.
Қазіргі уақытта кітапхана 2 пәтерлі тұрғын үй есебінде салынған ғимаратта отыр. Кітапхана орны 322,6 шаршы метрді құрайды
Кітапханада бес адам қызмет істейді. Кітапхана меңгерушісі О.Жарылғапова , білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 33 жыл.
Г. Жылтыбаева , білімі жоғары кітапханашы, еңбек өтілі 25 жыл,
Г.Сағатова, білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 30жыл, Ж.Касимова ,білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 25жыл,
Б. Айтжанова, білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 8 ай.
Егіндібұлақ селосындағы халық саны - 2978.
-
Оқырмандар саны - 2097.
-
Кітапханаға келуі - 10245.
-
кітаптың берілімі - 20509
-
Кітапханада 91 - 4 – 58 телефоны қосылған.
Кітапхана компьютер үстелі 2, жұмыс үстелі 1, телевизор тумбасы 1, оқырмандар үстелі 6, оқырмандар орындығы 12, көрме стеллаждары 6, екі жақты стеллаж 15, айналмалы кресло 2, Кафедра выдачи 1, Компьютер 2, телевизор 1, коприовал. аппарат 1, сканер 1, принтер струйный 1, принтер лазерный 1, источник бесперебойного питания 2, 1 модеммен қамтамасыз етілген.
2007 жылы кітапхананың жылу қазандығы күрделі жөндеуден өтті. Бірақ кітапхана үйіне, жылу қазандығына тағы да күрделі жөндеу керек.
Кітапханада барлығы 34851 дана кітап қоры бар , оның ішінде қазақшасы 25335 дана. 2012 жылы 797100 теңгеге 767 дана кітаппен кітап қоры толықтырылса, 69 түрлі газет – журналдарға жазылды.
Кітапханада «Орталық Қазақстан», «Егеменді Қазақстан», «Дала мен қала», «Қазақ әдебиеті», «Қарқаралы», «Айқын», «Түркистан», «Халық сөзі»,газеттерімен, «Жұлдыз», «Жалын», «Тіл», «Мәдениет», «За рульем», «Аргументы и факты», «Қазақ тарихы» журналдары оқырмандар арасында көп сұранысқа ие.
Кітапханада «Күй күмезі Тәттімбет» ұсыныс тізбесі, «Мәңгілік жыр тудырған ақын», «Кеудесін кек кернеген кесек талант», «Ой түбіндегі – Оралхан» анәдістемелік библиографиялық кітапшалар мен слайд жасалды. Адам құқығы бойынша цифрлық кітапханадан полиция қызметкерлері, мекеме басшылары, әкімшілік қызметкерлері кейбір заң актілеріндегі өзгерістерді қызмет бабында пайдалануға алады.
Компьютерге салынған СИН – программасы арқылы кітапхана оқырмандары да кеңінен пайдаланады.Оқып үйренеді.
Сондай – ақ кітапханада құжаттарды цифрлау және РАБИС бағдарламаларымен 2011 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Кітапханада «Бабаның елі Балқантау» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылған. Жылма жыл шілденің алғашқы сенбісі дәстүрлі «Ауыл күнін» атап өтеді.
Кітапханада баба жөнінде материалдар «Қара қылды қақ жарған Қазыбек би» , «Халық әндерінің академигі» (Жүсіпбек Елебеков), «Тұрсын періште ақын», «Күндіз ақын, түнде – жарық жұлдызбын...», «Күй атасы – Тәттімбет» , «Ел еркесі – ер Мәди», «Қазақтың атақты әншісі Ғаббас Айтбаевтың туғанына 130 жыл» атты папкалар жинақталған.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында небәрі 36 жыл ғана өмір сүрген ақын жерлесіміз ақын Тұрсын Жұмашевтің артында қалған мәңгілік өшпейтін, жүрегін жарып шыққан, оның жақұт жырлары қалды. Тұрсын ағамызға «Халқының жүрегінде ақын жыры» атты еске алу кеші өтті.
Қазақтың ғажайып азаматтарының бірі, әрі бірегейі, ақын, балалар ақыны Кәрім Сауғабай. Кәрім сауғабайдың 70 жыл толуына орай «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби ертеңгілік өтті.
Республикалық домбырашылар конкурсының лауреаты, шертпе күй шеберінің тікелей мұрагері, Тәттімбет мұрасын жігерлі насихаттаушысы Тұрысбек Түсіпбеков жөнінде материалдар жинақталып кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Қасым жылы, қазақтың төріне шық» поэзиялық кештер өтті.
Сонымен қатар кітапханада «Ата – Мұра» қызығушылар клубы жұмыс жасайды. Папкаға материалдары жинақталды.
Сонымен қатар кітапханада «Өлкетану» картотекасы жүргізіледі. Бұл картотекаға өлкеде болып жатқан жаңалықтар және ақын жазушыларымыздың мерейтойлары, айтулы даталы күндер карточкаға жазылып картотекаға құйылады.
Сонымен қатар кітапханадағы «Ауыл мемлекеттің керегесі» атты ауыл энциклопедиясы толықтырылуда .
Келешекте үлгілі кітапхананың оқырмандарға берері зор. Сондықтан үлгілі кітапханалардың саны өссе нұр үстіне нұр болар еді.
Ақжол ауылдық кітапханасы 1950 жылдан бері жұмыс жасайды, ал 2008 жылы желтоқсан айында үлгілі кітапхана мәртебесі берілді.
Кітапханашы Нафталова Назира Кенесовна, білімі жоғарғы, КарГу, педагогика и психология маманы. 2011 жылы Челябинскінің мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының ақпараттық- кітапханалық қызмет кафедрасының, ақпараттық ресурстар мен технологиялар факультетіне түсіп, КарМТИ-да оқуын жалғастыруда, жұмыс стажы: 9 жыл.
Кітапхана орналасқан ғимараты: мәдениет үйінде (клуб), жер көлемі 120 кв.м. 2010 жылы «Жол картасы» бойынша ремонт жүргізілген, жылу жүйесі пеш котелімен жылытылады.
-
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны – 694
-
Кітапханаға келімі – 7580
-
Кітап берілімі - 9620
-
Кітапханадағы кітап қоры -19444, оның ішінде қазақ тілінде 10054
2012 жылы кітап қоры 473800 теңгеге 397 дана кітаппен толығып, 31 түрлі мерзімді басылымдарға жазылды. Оқырман сұранымына ие басылымдар Жұлдыздар отбасы, Аңыз адам журналдары, Жас Алаш, Орталық Қазақстан, Қарқаралы, Ақ босаға, Тылсым дүние, Ұлан, Айқын, Қазақ спорты, Қазақстан әйелдері, Ақ желкен, Денсаулық, Ертегілер әлемінде, Айгөлек, Балдырған. Ақжол ауылындағы халық саны - 1050. “Компьютермен оқыту-уақыт талабы” деген сөзді басты мақсатқа ала отырып,«Келіңдер компьютер үйренейік» деген ұранмен «Халықты компьютерлік салауаттыққа оқыту бойынша электронды оқулық» СИН бағдарламасы бойынша жүргізілуде.
«Адам құқығы бойынша цифрлық кітапхананы» күнделікті жұмыс барысында насихатталады.Әкімшілік, мектеп, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, мұғалімдер өздеріне қажетті құжаттарды алып отырады. Цифрлы кітапхана заңдары ескі, жаңа заңдармен толықтыруды қажет етеді.
Кітапхана интернет жүйесіне қосылған, бірақ жылдамдықтың аздығынан бұл мүмкіндікті толық қолдана алмай отырмыз, арасында оқырмандарға қызмет көрсетеміз.
Кітапханаға 33420 телефоны қосылған.
«Қарағанды облысы кітапханаларында өлкетану құжаттарының қорын сақталуы» жобасы аясында құжаттарды цифрлау жұмысы жасалуда. Өлкеге байланысты құнды құжаттар көшірмесін көшіріліп, жергілікті «Қарқаралы», «Орталық Қазақстан» т.б. газеттер бетіне шыққан мақалаларды, өлкенің мақтаныштары, атақты адамдары М.Мамыраев,Т.Әубәкіровке арналған материалдар жинақталуда.
«Артқа адал, сертке берік сарбаздар.» (Қазақстан қарулы күштеріне 20 жыл), «Жазықсыз жапа шеккен Жайық еді» Ж.Бектұров -100 жаста, «Қазақтың бұлбұлы» К.Байсейтованың туғанына -100 жыл,
«Бір туар құбылыс иесі» Д. Қонаев , «Ұлт басына төнген қасірет» Ашаршылыққа - 80 жыл, «Әлем таныған Әуезов», «Дауыл мен оттан жаралған ақын Қ.Аманжолов», «Ғұлама ғалым - Ақжан Машани», «Абай -дана қазақтың»,«Қоянды жәрменкесі тарихынан»,«Поэзия тұлпары» М.Мақатаев,«Ғұлама ғалым» Е. Бөкетовқа-85 жыл, Жерлес жазушы Ж. Өмірбеков туғанына 90 , «Алаш ардақтылары», «Ауылдан түлеп ұшқан өнер саңлақтары» папкалары жинақтаған.
1987 жылдан бастап кітапханада «Шежіре» қызығушылар клубы „Туған өлке-туған шежіре² девизімен жұмыс жасайды.
«Шежіре» клубы, өз өлкеннің мәдениетін, тарихын, табиғатын зерттеу, Ақжол ауылымыздың тарихын таныта отырып, өз өлкеміздің мәдени-тарихи дәстүрлерін, мұрасын сақтап, жинап ел игілігіне беру және зиялы ұл-қыздарынның, ата-бабаларынын өмір жолдарын білу мақсатында жұмыс жасайды.
Кітапхана тарихына байланысты « Неткен сұлу, неткен көркем, кең жазира туған өлкем» энциклопедиясы толықтырылуда және «Шежірелі батырлар мекені» атты слайд жасалды.
Кітапхана жас оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында „Ауыл тарихы-ұрпаққа мұра, келешекке аманат“ бағдарламасымен жұмыс жасауда.
Оқырмандарға ауылымыздың тарихын таныта отырып, өз өлкеміздің мәдени-тарихи дәстүрлерін, мұрасын сақтап, жинап ел игілігіне беру,оқырмандардың өлкетанушылық – қызығушылартарын арттыру. Кітапхана өз жұмысын әкімшілік, мектеп, мәдениет үйімен бірлесіп жүргізеді.
Жалпы ауыл тұрғындардың кітапханаға деген көз қарастары жақсы. Көпшілік жұмыстарға белсене қатысады. Кітапханамыздың өсіп, көркеюіне тілектес.Ауыл тұрғындары үшін кітапхана өте қажет, өйткені бізде қаладағыдай интернет жүйесі жұмыс атқармайды, кез келген ақпаратты үйде отырып интернеттен ала алмайды.Сондықтан газет, журналдар, кітаптардан іздейді, ал оларды сатып алу ауыл тұрғындарының қалтасы көтермейді. Сондықтан олар кітапхана қызметіне жүгінеді.
Кітапхана оқырмандарының негізігі құрамын мектеп оқушылары, жасөспірімдер, үй шараусындағы әйелдер мен зейнеткерлер құрайды. Оқырмандар залында энциклопедиялар және мерзімді басылымдармен көп жұмыс жасайды. Оқушылар, студенттер, мұғалімдер үшін кітапхананың көмеге зор, үнемі керек тақырыпта ақпараттан туып жатады.
Кітапханада мерекелік даталық күндерге және ақын-жазушылардың мерейтойына байланысты әр-түрлі кітап көрмелер, шолу, конференциялар және т.б. шаралар өткізіледі.
Облыстық Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың жанынан құрылған «Жыр жауһар» поэзия клубының мүшесі ауылымыздың тумасы жас ақын Ақбергенов Еркебұланның бастауымен «Ақжол деген ауыл бар қыр басында...» атты жас ақындардың жыр кеші өтті. Кешке «Жыр жауһар» поэзия клубының мүшелері, бірнеше республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері Дулат Аманжол, Ж.Әлиман, Ө.Еділхан, Ж.Қуандық, Е. Қуатбек, Қ.Зимолла, Б.Тәжібековтар өз жүрекжарды жырларын халыққа тарту етті..
Үлгілі кітапханалардың келешегі зор, кітапхана жұмысын әрі қарай жандандыра жүргізе беру кітапханашының міндеті деп ойлаймын.
Аппаз ауылындағы кітапханасы 1965 жыл құрылған. Ал 2011 жылдан бастап «Үлгілі» кітапхана статусын алды. Кітапханашы: Какимова Бақытгүл Амангельдіқызы. Білімім: гуманитарлық арнаулы орта, «Болашақ» институтының мәдениет тану бөлімінде сырттай оқуда. Еңбек өтілі 1 - 3 жыл аралығы. Кітапхана мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан, көлемі 120 кв.м, Жылу қазандығымен жылытылады. Кітапханаға 2009 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кітапхана 1-компьютер комплект, 1-компьютер үстелі , 1 кітапханашы үстелі, , 6 оқырмандар үстелі , 12- орындық, 6-екі жақты стеллаж, 6-бір жақты стеллаж, 1-телевизормен қамтылған. Аппаз ауылында 1620 тұрғын бар.
Кітапханадағы кітап қоры 13028 оның ішінде қазақшасы 6687. 2012 жылы 353500 теңгеге 276 дана кітап алынып кітап қоры толығып, 23 түрлі мерзімді басылымдарға жазылды.
Кітапханада Орталық Қазақстан, Егемен Қазақстан, Қаркаралы, Ақ босаға., Ислам және өркениет,Ұлан,Ақ баян, Қазақстан әйелдері, Денсаулық, Жұлдыздар отбасы, Айгөлек, Балдырған газет – журналдардың сұранысы жоғары.
Кітапханада 61525 телефоны қосылған.
Кітапханадағы СИН бағдарламасымен №18 орта мектеп оқушылары, мұғалімдер оқып үйрену үшін пайдаланады.
Интернет жүйесі қосылмаған, РАБИС бағдарламасы биыл орнатылмақшы.
Ауылдың « Гүлдене бер, нұрлана бер ауылым» энциклопедиясы толықтырылуда.
«Қыз өмірдің қызғалдағы» қызығушылар клубы 13.09.1998 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қызығушыларклуб №18 орта мектеп оқушы қыз балаларымен жұмыс атқарады.
«Қыз өссе –елдің көркі»деп әр қазақ нәзік ,сыпай, инабатты жандарға ерекше құрметпен қарап, қошемет көрсеткен. Сондықтан казіргі қыз жеткіншек балаларымызға әдеп - ғұрыпымызды заман талабына сай тәрбиелеп, оларға шыншыл да нәзік болуларына, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеуге,оны ары қарай жандандыруға және де сақтай білу үшін құрылған.
Қызығушылар клубы қыздар арасында көптеген сайыстар, сырласу кештері, пікірталас сабақтары өткізіліп тұрады.
«Жер бетіндегі бар асыл қасиет күнің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған», «Тәрбие басы - тал бесік», «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» , «Тәуелсіздік бақ күнім», «Білімді ұрпақ ел болашағы»,
«Қазақтың дара туған ғұламасы» , «Жаралы жылдар жарасы» , «Көркем сөздің шебері» атты тәрбие сағаттары, кездесу кештер, оқырмандар конференциясы өз мәнінде өткізілсе, кітапханада «Алтын бесік елім менің», «Өз елім, өз жерімде еркеледім» , «Жерлес қаламгерлер», «кітапхана – білімнің қайнар көзі» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Біздің кітапханада оқырманда қызыға келіп кітап оқиды.
Кітапхана әкімшілік, мәдениет үйінің қызметкерлерімен , ауыл мектебімен тығыз байланыста бірігіп жұмыс істейді.
Кітапхана «Дарынды жастар» (2011-2013) бағдарламасымен жастар және жасөспірімдермен жұмыс жасау қолға алынған.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеті: Жиһандану ғасырында ұлттық мәдениетті сақтап қалу,ұлттық тілді дамыту,отанын шексіз сүйетін патроттарды тәрбиелеу,жастарды бос уақытын тиімді пайдалануын ұштастыру,білімдерін жетілдіру. Кітапхананың маңызды ролі бірлестіру арқылы, жинақталған кітап қоры арқылы оқырмандарға әсер беру,жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру,жетілдіру,дамыту,тез шешім қабылдауға бейімдеу,есте сақтау денгейін,шығармашылық қабілетін жоғары, сөздік қоры бай,ойын еркін жеткізе алатындығын,елмен жаксы қарым-қатынас жасай алатын етіп тәрбиелеу мақсатында.Жастардың «Бос уақытын пайдалану»шарасын дәріптеу, кітапханашылар еклген оқырмандардың таным-талғамына қызығушылығына,сұранысына сәйкес тиімді қызмет көрсете білу.
Осы мақсатта «Рухы күшті жастар –тәрбие жемісі»әнгіме шолу, «Талатты жастар ел мерейі»кітап көрмесі, «Ұйықтап жатқан жүректі жыр оятар»қол жазбалар жинағы, «Поэзия пайғамбары Мұқағали» мәнерлеп оқу шалалары үнемі жүргізіліп отырылыады.
Кітапханада кейінге оқырмандарға сай «Сыр сұхбат», «Айтуға оңай» теледидар бағдарламасынан алынып кітапханамызда өткізіліп отырылады.
Мектеппен бірлесе отырып «Отбасының игі дәстүрлері» тәрбие сағаты, « Үлгілі отбасы» сайыстары ұйымдастырылып өз дәрежесінде өтті.
Кітапханадағы библиографиялық жұмыс «Туған жердің самалы»тәрбие сағаты, «Өз елім өз жерімде еркеледім»дөнгелек стол өткізілді,
«Сүйем сені туған ел»атты кеш ұйымдастырылды. Бізде Алфавиттік, жүйелі және өлкетану, Казакстаника картатекалары, Абай дана қазақта, мәдени мұра, Қарқаралы арқадағы гүлстан мерзімді басылымдарға картатекалар толықтырылып отырады.
Біздегі папкалар: Т уған жерім асқар белім. Жер шоқтыға Қарқаралы,Тарихы жоқ ел жетім, Ұлты төмен ұлт жетім. Мың тағзым саған туған жер. Қазақстан Республикасының Заңдары. Ақын жазушыларға байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы. Поэзия алыбы-Мұқағали атты папкалар жасалып, «Гүлдене бер, нұрлана бер ауылым» атты ауыл энциклопедиясы жасалып, бүгінгі күні толықтырылуда.
Үлгілі кітапхананың келешегі бар .
Тек интернет желісі кітапханаға қосылып берілсе, басқа жұмыс жасауға қиындықтар туындамайды деп ойлаймын.