Кітапхана үлгілі кітапхана статусын   2008 жылы алды.

 1. Сұлтанбекова Жанар Қабыкенқызы. Қарағанды мәдениет колледжі. Кітапханашы. Орта арнаулы, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнында сырттай білім алуда. Жалпы еңбек өтілі -7 жыл, кітапханада -5 жыл

 2. Ахмолдина Күлзайра Төлеуовна. КГТИ-Лингва Орталық Қазақстан Университеті, әлеуметтік жұмыс маманы, жоғарғы,   « Мәдениеттану»  мамандығы бойынша екінші жоғарғы оқу орнын бітірген.

Жалпы еңбек өтілі - 37 жыл, кітапханада-2 жыл.

3. Омашева Мөлдір Темірханқызы, орта арнаулы КГТУ колледжі, қазақ тілі және қазақ әдебиеті маманы, кітапханадағы еңбек өтілі - 2 ай.

Кітапхана мәдениет үйіндегі 2 қабатында орналасқан, аумағы-446,4.

Жылу жүйесімен қамтылған.Жиһаздар: 6 үстел,12 орындық.,кітап көрме стеллажы-4,стеллаж-6.

  • Халық саны – 5100.
  • Кітап қоры -  41798, оның ішінде  қазақ тілінде-33894.
  • Кітап қоры 2012 жылы 725800 теңгеге 725 дана кітаппен толықса, 50 түрлі мерзімді басылымдарға жазылып, оқырмандар сұранысын қанағаттандыруда.

Оқырмандар сұранысына ие газеттері мен журналдар :Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар, Иман,  Жұлдыздар отбасы, Аңыз адам, Жұлдыз, Денсаулық., Қарқаралы, Орталық Қазақстан . 

Бақылау көрсеткіштері:

  • Оқырман саны-2274.
  • Оқырман келімі-18099.
  •  Кітап берілімі -   40219.

Кітапхана компьютермен жабдықталған. Интернет жүйесі арқылы ғаламтор байланысы  жұмыс жасайды. Оқырман залында 45132 телефоны қосылған. Кітапхана РАБИС бағдарламасымен жұмыс жасайды, АРМ «Катализатор»,  бар. Кітапханаға  45132  телефоны қосылған. Ақпараттық - библиографиялық бөлімде әр түрлі анықтамалық басылымдар, библиографиялық көрсеткіштер, кітап және газет мақалаларының жылнамалары жинақталған, негізгі жұмыс бағыттары: дәстүрлі және электронды түрде библиографиялық, фактографиялық ақпараттарды жинайды және сақтайды.  Газет, журнал басылымдарын өңдейді: пайдаланушылар үшін қажетті әрбір ақпаратты қарап отырады, жаңа ақпараттық технология көмегімен дәстүрлі және электронды картотекаларды және библиографиялық мәліметтер базасын қалыптастырады, ақпараттық қызмет, анықтама – библиографиялық қызмет көрсетеді. Оқырмандар құрамына сан-алуан және барлық санаттағы пайдаланушылар кіреді.Кітапханада «Қазыналы Қарағайлы», «Қарқаралының ақиқтары» т.б папкалар жинақталған , ал «Қазыналы Қарағайлым» ауыл энциклопедиясы үнемі толықтырылып отырылады.

Оқырмандар сұранысын  орындауға кітапханада:

  • өлкетану, алфавиттік, жүйелік каталогтар;
  • мақалалардың  тақырыптық  картотекасы;
  • тақырыптық жинақ папкісі;
  • кітапхананың кітап қоры негіз болып табылады:

Ақпараттық - библиографиялық бөлім:

  • - ақпараттық – библиографиялық анықтамалар;
  • - библиографиялық тізбелер;
  • - библиографиялық көрсеткіштер;
  • - ұсыныстық библиографиялық  құралдар кұрастырады;
  • - деректер базасынан ақпарат береді;

Интернетті пайдаланушыларға жеделғабыл әрі тиімді және сапалы қызмет көрсетіледі. Кітапхана қорларында жоқ ақпараттар алу үшін. Интернетке қолжеткілімділікті қамтамасыз етілген. Кітапхананың мәдени – ағарту, жұмыстан бос уақыт өткізу және ақпараттың іс-қызметіне, сондай-ақ білім және өз бетімен білім алуға көмек берудегі қызметіне жәрдемдесіледі. Интернет пайдаланушылар бағдарламаларын оқытуды ұйымдастырылған.

Өлкетану жұмыстары бойынша папкалар жинақталады, Қарқаралы, Қарағайлы тарихы, ұзақ жылдар еңбек еткен адамдар туралы, мәдениеті туралы және Мәди, Қарқаралы ауданында туылған ақын жазушылар туралы папкалар жинақталады. Өлкетану тақырыбы бойынша мерзімді басылымдардағы мақалалардың библиографиялық жазбасы  енгізілген  «Өлкетану картотекасы» бар.

 Халқымыздың өткен тарихынан сыр шертетін, әдеби-тарихи жазба мұралар қазақ ұлтының өткен ғасырларда білімді, мәдениетті, өркениетті ел болғандығына дәлел аманаты жазба мұраларды зерттеп-зерделеп, тарихи деректерді жинақтау мақсатында «Қазыналы Қарағайлы» энциклопедиясы толықтырылып отырады.

         «Қарағайлы қариялары» атты тарихи-шежірені насихаттау мақсатында жоба (2011-2013) жасалып, халқымыздың ғасырлар бойы жинап, сақтап келген рухани мұрасын қайта пайымдап, өскелең ұрпақ үшін рухани нәр көзіне айналдыру мақсатында  жұмыс жүргізіп келеді.  

        «Алтын аймақ кенді өлке» бағдарламасы (2009-2011) жүргізілді. Бұл бағдарламаның мақсаты: егеменді еліміздің арқасында жасөспірімдерге кенді өлкеміздің тарихымен мәдени дәстүрлерін, жер қойнауындағы кенін келешек ұрпақтың игілігіне жеткізіп, жүзеге асыру болатын.Осы мақсатта біраз жұмыстар атқарылды.

          «Тағзым» қызығушылар клубы 1998 жылдан жұмыс істейді. Клуб жұмысының мақсаты: әрбір халықтың саналы өмір сүруі ұлттық өнерімен танылады. Ұлттық өнерді, мәдениетті, тарихты танып білу – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Мұражайларға бару, театр мен кино әлемі жайлы түсінігін кеңейту, музыка және би өнері, бейнелеу өнерімен жете танысу, олар жайлы өзіндік пікір айта білу әр адамның талғамын кеңейтеді.

 Кітапханада өтетін   іс-шаралар осы клуб мүшелерінің  қатысуымен өтеді.  Сондықтан да кітапханашыға көркем әдебиеттегі және өнердегі үлгі өнегелерді тани біліп оқырмандармен жоғары эстетикалық және этикалық қарым-қатынас жасай білуге қол жеткізу мақсатында ұйымдастырылады. Ұлттық салт - дәстүр тәрбиесін жас ұрпақ санасына дарытуды, өнердің қайнар көздері: шешендік, білімділік, ақынжандылық, тапқырлық, имандылық, әдептілік, ақыл-парасатты қалыптастыруға сәтті қадамдар жасайды. Кітапханада «Ұлт рухын көтерген ұлы тұлғалар», «Туған халқын жырлаған ақын» Қ.Аманжолов, Қарағайлының өткені мен бүгінгісіне арналған «Алтын аймақ кенді өлкем», «Қарқаралы ақиықтары», «Ұлт мұрасы ұрпаққа»,  «Ұлылардан қалған мол мұра», «Ұмытытылмас есімдер», «Тарих қойнауынан», «Алаш ардақтысы»,«Асыл мұра ұлттық тіл»  атты кітап көрмелері , «Ананың көңілі балада» , «Той тәңірдің қазынасы» атты наурыз күніне орай әдеби дастархандар,  31 қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштың асыл перзенті»  еске алу кештер, оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстел, пікір алмасулар, әдеби-музыкалық кештер ұйымдастырылады. Сонымен бірге биыл ана мен баланы қорғау проблемасының маңыздылығы өкімет тарапынан көтерілуде. Бізде ауыл тұрғындарының  көбі әйелдер мен балалар. Сондықтан біз салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ананың тән саулығы - ұрпақтың жан саулығы» деген тақырыпта деңгелек үстел ұйымдастырдық. Дөңгелек үстел барысында оқырмандарымыз Елімізді алдыңғы қатарлы мемлекет қатарына қосатын болашық ұрпақ десек, ал болашақ ұрпағымызда көбелек қыздар көбейіп, тастанды балалардың саны артуда. Оқырмандардың неліктен деген сауалдарына «Әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Ж.Төлеуханқызы ана мен балаға тиісті қамқорлық өз дәрежесінде болмауынан, тәрбиенің де өз дәрежесінде өтпегендігінен деді. Және бұл қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе екенін айта келіп, болашақта ана мен балаға қандай қамқорлық жасалатыны туралы мәліметтер айтты. Ұлтымыздың ұлы мұраттары мен мақсаттары жолында кітапхана оқырмандардың рухани байлығын арттырып, халықтың салт-санасын қалыптастыруда шығармашылықпен жемісті еңбек етіп келеді. Осы мақсатта оқырмандарға Кент тұрғындары ішінде зейнеткерлер бұрынғы ескі жазушыларымыздың шығармаларын, орта буын оқырмандарды детективтер, тарихи кітаптар, дін туралы әдебиеттер қызықтырады.

Лендьел Виктор атты оқырманымыз келген сайын кітапханаға кітап сыйлап тұрады.

Кітапхана әкімшілікпен, №16,17 мектеп оқушыларымен тығыз байланыста болып,  іс-шараларды бірігіп өткізеді. Сонымен қоса «Қазақмыс», «Кентөбе» мекемелері мен жеке шаруа қожалықтары арасында демеушілермен жұмыс жасалуда көп жұмыстар атқарылуда, алайда кітапхана жұмысын жандандыруға демеушілердің ықпалын көп қажет етеді. Кітап қорының көбеюіне, заман талабына сай жаңа технологиялық инновацияларды еңгізіп, кітапхананың материалдық – техникалық базасын нығайтуда жаңа үлгідегі кітапханалық жиһаздармен жабдықтауға бар күш- жігерін жұмсап келеді. Кітапхананы жаңа ақпараттық технологиялық жүйеге еңгізіліп, кітапханалық ИРБИС бағдарламасының жобасын жүзеге асырылса. Кітапхананы жаңарту мен дамыту процесстерінің маңызды құраушысына кітапхана мамандарын кәсіби дайындау деңгейін біртіндеп көтеру жатады: жаңа жағдайдағы жұмыстарға үйрету, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау. Оқырмандардың рухани байлығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруда біздің кітапханашылардың әрқайсысының орны ерекше. Осындай мамандықты өмірлеріне серік еткен ұжым мүшелерінің алда атқарар істері әлі де көп.