Құрметті достар!

6 қазан күні сағат 11.00-де Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған "Сүйем сені, Туған өлкем" атты облыстық балалар сурет байқауының қорытындысы жарияланады.

Сіздерді балалар сурет көрмесін тамашалауға және байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсіміне қатысуға шақырамыз.

                                      Мерекелік көрменің қонағы болыңыздар!