Page 3 - kzd_2021_kz
P. 3
Оқырманға
Жыл сайын Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасының ақпараттық - библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан
Республикасының ұмытылмас, тарихи күндеріне арналған күнтізбе шығарады.
Осы күнтізбеде елімізге танымал ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер
қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің
2021 жылы аталып өтілетін мерейтойлы даталары қамтылған.
Басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының
мемлекеттік және кәсіби мерекелері күндері енгізілген. Құрастырушы мерейтойлы
даталарды атап өтуде өзіндік көмегін тигізеді деген мақсатта Н.В. Гоголь атындағы
ОӘҒК қорынан табылатын әдебиеттер тізімін де ұсынған.
Күні мен айы белгісіз айтулы даталар бөлек беріліп, оларға да әдебиеттер тізімі
жасалған.
Күнтізбе материалы әр айға бөлініп, онда жалпы тізім бойынша орналастырылған.
Күнтізбе қазақ және орыс тілдерінде шығады.
Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп
мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.
2021 жыл – ___________
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері
1-2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
21-23 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
7 мамыр Отан қорғаушы күні
9 мамыр Жеңіс күні
6 шілде Астана күні
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Демалыс күндер
_________ Құрбан айттың 1-ші күні
7 қаңтар Православиелік Рождество
Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге мерекелердің тізбесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні - 10 қаңтар
Алғыс айту күні - 1 наурыз
Жерге орналастыру, геодезия және картография күні - наурыздың екінші сенбісі
Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі
Ғылым қызметкерлері күні - 12 сәуір
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні - 21 мамыр
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу - 31 мамыр
күні
Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні - мамырдың соңғы жексенбісі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні - 4 маусым
Эколог күні - 5 маусым
Полиция күні - 23 маусым
Мемлекеттік қызметші күні - 23 маусым