Page 4 - Төлен Әбдік
P. 4
Өмірі мен шығармашылығы
(1942 ж.)
"...Ұлтты сүюді нағыз ұлтжандылардан үйрену керек!"
Төлен Әбдік
Қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар
Төлен Әбдік 1942 жылы 4-ші қыркүйекте Қостанай
облысы, Жангелдин ауданы, Еңбек ауылында дүниеге
келген.1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінде филология факультетін бітіріп
шығады. Еңбек жолын сол жылдан бастап «Қазақстан
пионері»
(қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім
меңгерушісі, «Жалын» альманахында бөлім
меңгерушісі, бас редактордың орынбасары,
«Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, Қазақстан КП Орталық
комитетінің мәдениет бөлімнұсқаушысы, сектор меңгерушісіболып жұмыс
істей бастайды. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан
жазушылар одағының екінші хатшысынан кейін 1993 жылдан ҚР Президентінің
мәдениет саласындағы көмекшісі, 1997 жылдан бері бүгінгі күнге дейін Төлен
Әбдікұлы Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлім меңгерушісінің бірінші
орынбасары болып қызмет етіп келе жатыр.
Жазушының шығармашылығы ең алғаш «Райхан» атты әңгімесі жас
жазушылардың «Таңғы шық» әңгімелер жинағында (Алматы, 1964ж.)
жарияланды. Оқырманын ойға жетелейтін, дүние сырына тереңірек үңілдіретін,
шығармаларын қазақ баласы сүйсініп оқитын жазушының қаламынан
«Көкжиек» (1969 ж.) атты тұңғыш жеке кітабы оқырман қолына тиді. Одан
кейін «Күзгі жапырақтар» (Алматы, 1971ж.), «Ақиқат» (Алматы, 1974ж.),
«Айтылмаған ақиқат» (Алматы, 1979ж.), «Өліара» (Алматы, 1985ж.),
«Ақшоқыда қыс қатты» (Алматы, 1987ж.), «Таңдамалы» (Алматы, 1991ж.),
«Оң қол» (Алматы, 2002ж.), «Парасат майданы» (Алматы, 2002ж.), «Әке»
(Алматы, 2005ж.) атты роман, повес, әңгілер жинақтарының қазақ әдебиетінің
тарихына қосқан өзіндік үлесі бар.Жекелеген әңгіме, повестері орыс, украин,
өзбек, қырғыз тілдерінде аударылған. Мысалы жазушының «Ақиқат» атты
кітабы орыс тілінде «Истина» (1981-1982ж.) деген атпен шыққан. Грек
аңыздары «Эллада ерлерін» (1977ж.) қазақ тіліне аударған.Кино драматургия
саласында да атсалысты. Оның Ғ.Мүсірепов атындағы жастар және
жасөспірімдер театрында ақынның «Біз үшеу едік» атты драма шығармасы
«Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Өтелмеген парыз», «Белгісіз ұлдың тағдыры» т.б.
көркем фильмдердің сценарийлерін дайындап жазған.
Жазушы-драматург қазақ әдебиетіне алпысыншы жылдардың ортасынан
бастап ойып орын алатын көрнекті қаламгердің проза мен драмадағы дара
қолтаңбасы бар. Ол өзінің жазған шығармаларымен талай оқырманын
4