Page 8 - КЗД каз 2023
P. 8
ҚАҢТАР
1 қаңтар Қазақ балалар жазушысы Ермек Өтетілеуұлының туғанына 85
жыл (1938-2006 жж.)
1 қаңтар Кеңес Одағының Батыры, 8-ші Гвардиялық дивизияның
командирі, генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың
туғанына 130 жыл (1893 - 1941 жж.)
1 қаңтар Әдебиет зерттеушісі, ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 80 жыл
(1943 ж.)
1 қаңтар Қазақ КСР-нің халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты Бикен Римованың туғанына 100 жыл(1923- 2000 жж.)
1 қаңтар Театр актрисасы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі Аққағаз
Мәмбетованың туғанына 100 жыл (1923-2004жж.)
5 қаңтар Театр суретшісі, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері
Анатолий Иванович Ненашевтің туғанына 120 жыл (1903-
1967 жж.)
8 қаңтар Белгілі сазгер Жолан Дәстеновтың туғанына 80 жыл (1943-1991
жж.)
15 қаңтар Қызылорда облысының құрылғанына(1938 ж.), Павлодар
облысының құрылғанына(1938 ж.), Атырау облысының (1938
ж.) құрылғанына 85 жыл
17 қаңтар Қазақ ақына Нұрхан Жанаевтың туғанына 90 жыл (1933ж.)
18 қаңтар Жазушы, ақын, журналист Құсайынбек Ахметұлы Әміровтің
туғанына 120 жыл (1903-1989 жж.)
19 қаңтар ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Алексей
Матвеевич Степановтың туғанына 100 жыл (1923 – 1989 жж.)
31 қаңтар Қазақ жазушысы, драматург Мұқай Баққожының туғанына 75
жыл (1948-2008 жж.)
АҚПАН
1 ақпан Әнші, сазгер, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек
Қоразбаевтың туғанына 75 жыл (1948 ж.)