Page 4 - Seydimbek
P. 4
Өмірі мен еңбек жолы
(1942 - 2009)
«Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты
өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Сондықтан бұл
жолда еткен еңбек пен төккен терді Тәңірдің сыбағасына
балай жүріп, өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-
жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберуіміз қажет-ақ»
(А. Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» (2002 ж. кітабынан )
Қазақтың бағына біткен қарымды қаламгер Ақселеу Сланұлы Сейдімбек
көзі тірі болса биыл 80 жасқа толар еді. Ол 1942 жылы 12 желтоқсанда
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу ауылында (қазіргі
Байдалы би атындағы ауылда) дүниеге келген. Әкесі Слан Ұлы Отан
соғысында қайтыс болғаннан кейін, ағасы Аманбектің тәрбиесінде болған.
Ақселеу Сейдімбек Жаңа Арқа ауданында 1959 жылы №1 қазақ орта мектебін
бітірген соң, өскен ортасы аудан орталығының шалғайдағы мал
шаруашылығында еңбек жолын бастайды. Кейін 1961 – 1968 жылдар
аралығында Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде
журналистика факультетін оқып бітіріп шығады. 1963 – 1964 жылдары
Университетте оқып жүріп, Троицк қаласында әскери міндетін атқарады. Ол
қазақстандағы шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға етене араласа
бастайды. Еңбек жолын жоғарыда айтып кеткендей мал шаруашылығынан
бастап, кейін 1968-1975 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінің
тілшісі, 1975-76 жылы Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан» газетінің
жауапты хатшысы ретінде, 1976-83 жылдары «Социалистік Қазақстан»
(қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінің
меңгерушісі және де «Білім және еңбек» журналының бас редакторы,1988-97
жылға дейін ҚазКСР ғылым академиясының «Әдебиет және өнер
институтында» ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші
ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1997-98 жылдары
Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры,
2000 жылдан бастап Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде
кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Белгілі қоғам қайраткерінің ел өміріне белсене араласа отырып, ұлттық
рухани мәдениетімізге, ғалым, филология ғылымдарының докторы, халқына
мол мұра қалдырған жан. Ол прозалық шығармалар арқылы ұлттық төл
тумамызды айғақтауға тырысты. Бұрын зерттелмеген қазақтың қара өлеңдері
мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсірді. Оның еңбектері
қазақ публицистикасына жаңа деңгейге толымды үлес қосты. Көзі тірісінде
аңызға айналған тұлғаның болмысы бекзадалық пен тектілікке тұнған
жанашырының ханға да, қараға да қарайтын боямасыз мінез иесі болған.
Жазушының соңында бір ұлы, үш қызы қалған. Артында қалған балалары әке
ізін қумаса да, артына кір келтірмеуге тырысып, бар дүниені түгендеуді
мақсат тұтқан. Халқын ерекше сүйген, ұлтжанды жазушының
4