Page 16 - Seydimbek
P. 16
2002 жыл: «Елдіктің ортақ мүддесі. Ұлттың жады өшірілуде» - (Егемен
Қазақстан. 2002. 1 ақпан).
А.Сейдімбектің есіміне берілген мұражайлары мен өзі қолданған құнды
жәдігерлері:
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы жалпы
білім беретін мектепте Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері Ақселеу Сейдімбек атындағы ресми
мұражай 2021 жылдан бастап ашылды.
Мұражайда Ақселеу Сейдімбектің өмірі туралы
стендтер, ол туралы мақалалар, оның еңбектері,
оқушылардың ғылыми жұмыстары мен
фотосуреттері қойылған.
Жазушының атымен 80 жылдығына орай Астанадағы
№54 мектеп-лицейі 2021 жылдан бастап ресми түрде
атала бастады. Ал «Ақселеу Сейдімбек атындағы
музей» 2010 жылдың 11 - қыркүйегінен ашылып,
жұмыс істейді.
- Ақселеу ағаның сырлы, әдемі әр түрлі таяқтары (11 түрлі);
- Костюм - шалбары ілулі;
- Былғарыдан жасалған креслосы бар (университетте жұмыс істеп
жүргенінде қолданған екен);
- Қыздары Зере мен Салтанатқа арнайы өзі жасаған домбыралары ілулі;
- Өзі жасаған 2 шақша, шаңқобызы музей төрінде тұр;
- Қолымен өрнектеп жасаған торсық ыдыс та музейдің көрікті жәдігерлерінің
бірі;
- Өзі жасаған насыбай үккіш те осында;
- Жазушының еңбектері жинақталған 6 томдық жинағы, майлы бояумен
салынған жеке портреті музей төрінде орналасқан;
- Тағы бір жәдігер – қазақтың қоңыр қобызы. Ақселеу Сланұлы – көзі
тірісінде 5000-нан астам қазақтың күйі туралы аңыздарды жинақтап, шығу
тарихын жазған қаламгер;
(Музейді жәдігерлермен қамтамасыз еткен және жабдықтаған ғалымның
ұл-қыздары).
16