Page 73 - kzd
P. 73

Армиясы  қатарына  шақырылады.  Әскери  міндетін  өтеп  қайтқан  соң,  оқуды  әрі  қарай
            жалғастырып, 1968 жылы университетті бітіріп шығады. Сол жылы республикалық «Лениншіл
            жас» (қазіргі «Жас алаш») газетіне әдеби қызметкер болып қабылданады да, кешікпей Орталық
            Қазақстан  облыстары  бойынша  осы  газеттің  меншікті  тілшісі  болады.  Мұнан  әрі  Қарағанды
            облыстық  «Орталық  Қазақстан»  газетінде  жауапты  хатшы,  республикалық  «Социалистік
            Қазақстан»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан»)  газетінде  әдебиет  және  өнер  бөлімінің  меңгерушісі
            болып  қызмет  атқарады.  1983-1988  жылдары    республикалық  «Білім  және  Еңбек»  ғылыми
            көпшілік  журналының  бас  редакторы  қызметін  атқарды.  1987-1997  жж.  Қазақ  КСР  ҒА-ның
            М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтында  лаборант,  бөлім  меңгерушісі  болып
            қызмет атқарады. 1997-1998 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының
            директоры, 1998-1999 жж. ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі
            орынбасары  болып  қызмет  атқарды.  2000  жылдан  бастап  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия
            ұлттық университетінде журналистика кафедрасының меңгерушісі. Филология ғылымдарының
            докторы,  профессор.  Астана  қалалық  студенттер  мен  жастардың  «Аудитория»  газетінің  Бас
            редакторы.
                  Ақселеу  Сейдімбеков  1971  жылдан  КПСС  мүшесі.  1972  жылдан  СССР  Журналистер
            одағының  мүшесі.  1988  жылдан  ҚазССР  ҒА-ның  Әдебиет  және  өнер  институтында  ғылыми
            қызметкер,  «Әлем»  альманағының  бас  редакторы.  «Ақиық»  (1972),  «Қыр  хикаялары»  (1977),
            «Тауға  біткен  жалбыз»  (1979)  атты  әңгімелер  мен  повестер  жинағы,  «Күңгір-күңгір
            күмбезедер» (1983) ғылыми-көпшілік очерктер кітабы, «Кеніш» (1979),  «Серпер» (1982) атты
            очерктер  жинағы,  қазақтың  қара  өлеңіне  арналған  «Мың  бір  маржан»  монографиясы  (1989),
            «Қазақ  әлемі»  атты  оқу  құралы  (1997)  жарық  көрді.  Бірқатар  шығармалары  орыс  тілінде
            «Аққыз» (1986) деген атпен басылды.
                  Гомердің әйгілі «Илиада», «Одиссея» (1974) поэмаларымен қазақ оқырмандары Ақселеу
            Сейдімбековтың  аудармасы  арқылы  танысты.  Оларды  қара  сөз  жүйесіне  келтіріп  аударған.
            «Алпамыс» (1979) эпосын қара сөзбен жазып шықты.
                  Ақселеу Сейдімбековтың әңгіме, повестері  орыс, қырғыз, өзбек, венгр, неміс тілдерінде
            жарық көрді.
                  Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты (1989) және Қазақстан Журналистер
            одағы сыйлығының жүлдегері (1979). «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген
            қайраткері. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).
                  Ақселеу  Сейдімбек  2009  жылдың  16  қыркүйек  күні  Астана  қаласында  қайтыс  болды.
            Жазушының  өсиеті  бойынша,  Ақселеу  Сейдімбек  Жаңаарқа  ауданының  орталығы  Атасу
            кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі
            Иманғали  Тасмағамбетов,  Асанәлі  Әшімов,  Алдан  Смайыл,  Ғалым  Жайлыбай,  Серік
            Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі.
                  Желтоқсан  айында  Ақселеу  Сланұлы  Сейдімбектің  туған  күніне  орай  Л.Н.  Гумилев
            атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәстүрлі «Сейдімбек оқулары» өтеді.

                                                          Әдебиеттер:
                  Сейдімбек А. Алыстан келген асыл мұра // Бұқар жырау тағылымы: әдеби-сын мақалалар
            мен  зерттеулер  жинағы  /  ҚР  білім  және  ғылым  министрлігі,  Е.  А.  Бөкетов  атын.  Қарағанды
            мемлекеттік университеті, "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығы; құраст.: С. Б. Жұмағұлов, А.
            Б. Жұмағұлов. - Қарағанды: TENGRI LTD, 2015. - 357-366 б.
                  Сейдімбек  А.  Ақселеу  айтқан  асыл  сөз...  //  Тұрысбекқызы  М.  Өнернама:  [естелік].  -
            Алматы: Полиграфкомбинат, 2019. -  221 б.
                  Сейдімбек А. Әңдер // Сыр сандық: қазақ әндерінің антологиясы / құраст. Қ. Байбосынов. -
            Астана: Дәуір, 2016. - 382-385 б.
                  Сейдімбек  А.  Батырдың  анасы  //  Қыран  қазақ:  [жинақ]  /  құраст.:  Е.  Төлеу,  Ш.
            Кашкимбекова. - Нұр-Сұлтан: Кәусар, 2019. - 17 б.
                  Сейдімбек  А.  С.  Қазақтың  ауызша  тарихы:  зерттеу:  шежірелік  деректерді  пайымдау.  -
            Астана: Фолиант, 2017. - 726 б.

                                                             73
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78