Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырылған виртуалды кітап көрмеміз өз тағдырын Қарағандымен сабақтастырып, соңында өлместей мұра қалдырған, жасындай жарқ етіп, қазақ әдебиетіне әлемдік тың үрдісті енгізген қаламгер Саттар Ерубаев жайында.
Қазыналы қарашаңырақ Қарағандының қала мәртебесін алуының 80 жылдығы тойланар жылы, осы кеншілер мекенінің алғашқы қалыптасу кезеңінің куәсі болып, сол бір күңдерден бүгінгі буынға жастықтың асыл арманын арқау еткен, өлмес туындысы - «Менің құрдастарым» романын қалдырған жазушының туғанына 100 жыл толмақ.
Саттар тойының әрқашан Қарағанды қаласының мерекесімен тұспа-тұс келуінің өзі адам болмысынан тыс, жаратқанның құдіретінен болса керек. Олай болса, Саттар есімі мен Қарағанды шаһарының арасындағы сабақтастық мәңгілік. (Е. Лұқпан //Орталық Қазақстан.- 2004.-17 ақпан)
«Саттар қанаттанған қала» атты виртуалды кітап көрмеміз шаһарымыздың 80 жылдық мерейтойына арналмақ.
Аталмыш виртуалды кітап көрмесінде белгілі жазушы С.Ерубаевтың ақындық, журналистік және пародия жанрындағы көркем тілмен жазылған таңдаулы туындыларымен таныса аласыздар.
«Саттар – ақын», «Саттар – публицист», «Саттар – прозашы» « Саттар – пародист» бөлімдерінде белгілі сәкентанушы, ғалым Т.Кәкішевтің, ғалым М.Дүйсенбековтың зерттеулерінің толық мәтінін оқуға мүмкіндіктеріңіз мол.
Оқырмандар жүрегінің төрінен орын алған С.Ерубаевтың шығармаларына арналған виртуалды кітап көрмесі керқұла кеуделеріңіздің көкірек көзін ашып көңілдендіреріне кәміл сенеміз.
«Саттар қанаттанған қала» атты виртуалды көрмедегі мәліметтер әрдайым жаңа деректермен толықтырылып, жалғастырылады.

Оқыңыздар! Танысыңыздар! Өз пікірлеріңізді қосыңыздар!

 


Copyright ©2014 Қарағанды ОҒӘК