29-шы Красноград Қызылтулы атқыштар дивизиясы

(1943 ж. 1 наурызынан 72 гвардиялық) құрылу штабы Ақмола облысында болды. 1941 жылдың соңынан 1942 жылдың басында Қарағанды мен Ақмола облыстарынан жіберілген тұрғындардан құралды.
Құрамында: 106, 128, 299 СП, 77 АП және әскери қамтамасыз етілген бөлімдер мен материалды- техникамен жабдықталған бөлімдер, барлығы 11840 адамнан құралды.
1942 жылы шілде майданға аттандырылды. 64А-ның құрамында Оңтүстік- батыс және Оңтүстік Сталинградты қорғау шайқастарында, 6 неміс-фашист әскерін қоршауға және талқандауға қатысты. 1943 жылдың 1 наурызынан 72-ші Гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Полктері 222-ші, 224-ші, 229-шы Гвардиялық атқыштар және 155-ші Гвардиялық артиллерия полкі деп аталатын болды. Курск шайқасында Белградтың оңтүстігіне қарай Солтүстік Донец өзенінде қорғанды. Краснодар қаласын жау қолынан азат еткендігі үшін дивизияға «Краснодарлық» деген құрметті атақ берілді (19.09.1943 ж). Бородаевка селосының қасында (Днепродзержинскінің солтүстігіне қарай) қолда бар құралдарды пайдаланып жедел түрде Днепр өзенінен өтеді. 1944 жылдың қаңтарында Кировоградты азат еткендігі үшін «Қызыл Ту» орденімен марапатталады. Оңтүстік Буг өзенінен өтеді, Молдавияның солтүстік аудандарын босатады, сонымен қоса Румынияны, Венгрияны және Австрияны азат етеді. Праганың оңтүстігіне қарай соғысты аяқтайды. Днепр жағалауында Радянск селосында Гвардиялық 72-ші АД жауынгерлеріне ескерткіш орнатылған. Дивизияға Ф.Н.Жабрев, А.И.Колобутин, А.И.Лосев, Г.М.Баталов, А.Г.Панков басшылық жасады.





Copyright © 2015, karlib.kz