Майданды демеген қуатты күш

Соғыстың қиын-қыстау кезеңінде елдің тылында аса маңызды өнеркәсіптік база болған Қазақстанның индустриалды жүрегі - Қарағанды облысына үлкен маңыз берілді.
Бұл жылдарда Қарағанды көмір бассейні қорғаныс өнеркәсібін жоғары сапалы отынмен үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Жер астында жұмыс істеген лавалардың саны 1941-45 жылдары 63-тен 158-ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Жалпы 39 шахтада 43 мың адам жұмыс істеді, соның ішінде 12 мыңы майданға кеткен шахтерлердің әйелдері, апа-қарындастары, қыздары.
Орталық Қазақстан еңбекшілерінің алдына қойылған басты мақсат - көмір мен түсті металл өндіруді арттыру, майданға жан-жақты көмек көрсету. Қарағандының колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Астық және басқа негізгі ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру жоспары толық орындалды. Егіс алқаптары 28 пайызға артты.
Қарағандылықтар еліміздің қорғаныс қорын жасау жолындағы бүкілхалықтық қозғалысқа белсене қатысты. Олар 100 миллион сомнан астам соғыс заемы облигацияларын сатып алды, «Қарағанды шахтері», «Қарағанды теміржолшысы», танк колонналары, «Қарағанды әйелдері» санитарлық авиация звеносын, «Нүркен Әбдіров» ұшағын жасауға көп қаражат жинады.
Майданға екі жарым жыл ішінде 94 вагон азық-түлік, 37 мың жылы тон, 24 мың пима, 10 мыңға жуық құлақшын, биялай, шұлық, 22 мың пұттан астам астық, 55 трактор, 40 трактор соқасы, 11 мың ірі қара, 44 мыңдай қой-ешкі, 2 млн. сомдай ақша т.б. керек-жарақтар жіберілді.
Облыстың әр кәсіпорындарында, барлық ұйымдарында майдан сұраныстарын мүлтіксіз орындау жолындағы ерлік күрес өріс алды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Балқаш мыс қорыту зауыты салынып болды. Соғыс кезінде өндірістік алаңдарынан Кольчугин түсті металдар прокаты зауытының жабдықтары осында орналастырылды. Молибден рудасын өндіру басталды. Соғыстың аяқ шенінде Балқаш өнеркәсібі - елімізде қорытылатын қара мыстың үштен бірін, молибден өнімінің, түсті прокат пен вольфрамның едәуір бөлігін өндірді. Жезқазған өнеркәсібі қағаз, жарылғыш заттар, сұйық шыны, карбид өндірісін, күрделі қосалқы бөлшектер мен жабдық шығаруды игерді, руда шығару үш есе өсті.
1944 жылы желтоқсанда Самарқан поселкесінде (қазіргі Теміртау) Қазақ металлургия зауыты іске қосылып, Қазақстанда тұңғыш болат балқытылды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде облыс шаруашылықтары үлкен үлес қосты. Мал шаруашылығын дамытқаны, сондай-ақ жоспардан тыс астық өнімдерін қамтамасыз еткені үшін Қарағанды облысы және оның Осакаров ауданы Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды.
Жау басып алған аймақтан көшіп келгендерді жұмысқа орналастыру, балаларын бақшалар мен мектептерге орналастыру, майдангерлер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету, госпитальдарды қамқорлыққа алу жөнінде де тыңғылықты жұмыстар жүргізілді. Азат етілген Донбасстың шахталарын тезірек қалпына келтіруге барынша жан-жақты көмек көрсетілді. Қарағандыдан Донбассқа эшелондармен шахта жабдықтары және тау-кен машиналары, сондай-ақ 250 инженер, техник, тау-кен шеберлері және 250 кенші жіберілді. Қарағанды облысының еңбекшілері Сталинградты, Харьковты және басқа азат етілген аудандарды қалпына келтіру қорына бірнеше рет өздерінің бір күндік еңбекақыларын аударды.
Адамдардың отаншылдық сезімін күшейтіп, жеңіске деген сенімдерін нығайтуға арқау болған әдебиет пен өнердегі Отан қорғау тақырыбы - қарағандылықтардың рухани өмірінде негізгі желіге айналды. Госпитальдарда, әскерге шақыру пункттерінде, дала қостары мен шахталарда өнер көрсететін концерттік бригадалар құрылды. Қарағандының мәдени өміріне Леся Украинка атындағы Киев драма театрының, Мәскеу камера театрының көшіп келген ұжымы да белсене қатысты.
1943 жылғы 13-шілде мен 14-тамызда Қарағандыда ақындар айтысы болып өтті, онда Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков сынды бүкіл республикаға аттары мәшһүр халық ақындары мен композиторлары өнер көрсетті. Еңбекшілерді тылдағы ерлік еңбекке жігерлендіруде айтыстың үлкен маңызы болды. 1943-1945 жылдар аралығында Сарыарқаның суырып салма саңлақтарының сөз сайысы Балқашта, Жезқазғанда, Қоңыратта, көптеген аудан орталықтарында болып өтті. Біздің жерлесіміз, әскери-тілші Баубек Бұлқышевтің публицистикалық мақалалары Отан қорғаушылардың рухани бейнесін сипаттады, ол 1942-1943 жылдары "Комсомольская Правда" газетінің беттерінде "Шығыстың ұлына хат", "Өмір мен өлім туралы" атты жарқын мақалаларды жариялады. Н.Тихонов "қазақ поэзиясының інжу-маржаны" деп атаған Қ.Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз" деген дастаны қазақ әдебиетінің соғыс жылдары дүниеге келген тамаша туындылардың бірі болып табылады.
Біздің жерлестеріміз шығарған туындылар күресіп жатқан халықтың рухани қазынасын құраған жұмыстардың қатарына ілікті. Мәселен, Е.Брусиловскийдің "Сарыарқа" және В.Великановтың "Қазақ сифонияларында" Тәттімбет күйлерінің әуендері пайдаланылды.
Жау басып алған аймақтан көшіп келгендерді жұмысқа орналастыру, балаларын бақшалар мен мектептерге орналастыру, майдангерлер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету, госпитальдарды қамқорлыққа алу жөнінде де тыңғылықты жұмыстар жүргізілді.
Қарағандылықтар өздерінің осындай ерен еңбектерімен Ұлы Отан соғысындағы барша халықтың фашизмді жеңуіне зор үлес қосты.

Әдебиеттер:

Ақпанбаева Т.             Өшпес ерлік, өлмес мұра. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. - 358 б.
Байсеркеев Л. Майданды демеген қуатты күш. - Алматы: Қазақстан, 1985. - 160 б.
Ел мен ердің жеңісі: публицистикалық мақалалар,очерктер,естеліктер / Құраст. М.Кеңбейілов. - Алматы: Қазақстан, 1985. - 256 б.
Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында: тарихи-құжаттық зерттеу / құраст. Б. Ғ. Аяған. - Алматы: Өнер, 2010. - 639 б.
Лұқпанов, Е. Жауынгер қыздар [Мәтін] = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды : [б. и.], 1995. - 138 б.
Майдангер қаламгер: анықтамалық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. - Алматы: Олжа, 2010. - 133 б.
Темірғалиева К. Т. Ерлік даңқы мәңгі өшпейді: монографиялық зерттеу музей орынан / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков; Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі. - Қарағанда: Гласир, 2010. - 262 б.
Халықтың өшпес ерлігі : Отан соғысы және тыл ардагерлерінің естеліктер жинағы = Бессмертие подвига народа : воспоминания казахстанцев-ветеранов войны и тружеников тыла / ред. төрағасы М.Р. Сағдиев. - Астана : Арай, 2005. - 672 б.

***

Ақылбекова Қ. Тылда да, майданнан кем болған жоқ // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2010. - 7 мамыр (№ 33). - 4 б.
Алпысұлы С.  Бақыт бақшасының бәйтерегі // Орталық Қазақстан. - 2008. - 24 қаңтар. - 4  б.
Аппазова Т.  Тылдағы еңбегі еленген ақсақал // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 12 ақпан. - 3  б.
Аршабеков Т. Жеңіс жолы жадымызда // Арқа ақшамы. - 2014. - 8 мамыр (№ 17). - 9 б.
Асқар Н. Ғибратқа толы ғұмыр // Орталық Қазақстан. - 2014. - 15 мамыр (№ 86/87). - 3 б.
Асқартегі Т. Жиырма бір қыздың ерлігі // Сыр мен сымбат. - 2005. - № 12. - 4 б.
Ахметова Қ. Жарқын жүзді аға // Сарыарқа. - Ботақара поселкасы. - 2011. - 9 шілде (№ 27). - 5 б.
Аяпбергенов Б. Тылда шыңдалдық // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2009. - 8 мамыр (№ 50). - 3 б.
Әбдібекова Ш. Жезді кені - Жеңіс дәнекері // Орталық Қазақстан. - 2010. - 10 сәуір (№ 54). - 3 б.
Әбдіманұлы А.  Ардагерлер даңқы асқақтай берсін! // Қарқаралы. - 2000. - № 1/2. - 8-12 б.
Әбдіманұлы А. Соғыс зардабын тартқанбыз // Қарқаралы. - 2005. - 30 сәуір, 14,21 мамыр.
Әбдірахманов А. Отты жылдар естелігі // Орталық Қазақстан. - 2005. - 12 мамыр. - 7  б.
Әбдірахманұлы А.  Биыл – Ұлы   Женіске 55 жыл // Қарқаралы. - 2000. - 15 сәуір.
Әбдіраш Ә. "Мылтықсыз майданның" қаһармандары немесе тылдың тыныс-тіршілігі туралы // Мысты өңір. - 2011. - 6 мамыр (№ 19). - 6 б.
Әбілда Қ. Жарты ғасыр жарасқан ғұмырлары // Орталық Қазақстан. - 2005. - 5 ақпан. - 13  б.
Әбілдин Қ. Бұғанамыз бекіген сұрапыл жылдар // Қарқаралы. - 2007. - 5 мамыр (№ 35/36). - 4 б.
Әбілдин Қ. Соғыстың сызы әлі бар // Орталық Қазақстан. - 2005. - 18 тамыз. - 12  б.
Әбілдинов Қ. Қарағандының алғашқы автоинспекторы жүз жасқа толғанын тойламақ // Орталық Қазақстан. - 2005. - 22 қазан. - 7  б.
Әбілова С.  Ерлер даңқы өшпейді // Қарқаралы. - 2005. - 13 тамыз. - 5  б.
"Әрбір артық кесек көмір, бұл - артық снаряд, автомат" қарағандылық комсомолецтердің басты ұраны осы болды// Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 сәуір (№ 76). - 2 б.
Әтжанова Р.  Өртеңдегі үш тал гүл, үш төбеге айналдық // Орталық Қазақстан. - 2005. - 8 наурыз. - 4  б.
Байсерікұлы С. Есімде менің сол // Қарқаралы. - 2001. - 30 маусым.
Байтұрсын Т.  Еңбек түбі зейнет екен білгенге  // Орталық Қазақстан. - 2014. - 6 мамыр (№ 82/83). - 8 б.
Бәшімова Г.  Біздің әке-шешеміз тылда соғысты // Орталық Қазақстан. - 2000. - 10 мамыр.
Бәязитқызы К.             Абзал адам жайлы сыр // Орталық Қазақстан. - 2005. - 25 шілде. - 7  б.
Бейсенбеков Н. Ауыртпалықты көтерген ауылым  // Орталық Қазақстан. - 2005. - 18 қаңтар. - 3  б.
Бекмағамбетов Б. Нұралықтар соғыс жылдарында // Орталық Қазақстан. - 2005. - 7 мамыр. - 11  б.
Бекмаханұлы И.  Он үшінде оқ жонған тыл ардагері Әкбай Әлібеков өмірінің бір үзік сырлары // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 1 сәуір. - 3  б.
Бекмаханұлы И. Әке жолымен // Орталық Қазақстан. - 2011. - 5 мамыр (№ 69/70). - 5 б.
Бекмаханұлы И. Мағыналы ғұмырдың соқпақтары // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 13 сәуір (№ 32). - 3 б.
Бекмаханұлы И. Өмірлік ырзығын шахтадан тапқан тыл ардагері Нақи Елтаев жайлы бір үзік сыр // Сарыарқа. - Қарағaнды. - 2007 . - 4 мамыр(N18). - 4  б.
Бекмаханұлы И. Шуағы нұрлы ғұмыр  // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005 . - 23 қыркүйек(N78). - 4  б.
Белгібай І.  "Әкесі жақсы қандай-ды..." // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2009. - 3 сәуір (№ 36). - 11 б.
Белгібай І. Жауынгер жесірі // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 25 ақпан. - 9  б., 2005. - 4 наурыз. - 9  б.
Белгібай І. Жер жүрегімен бірге соққан жарты ғасыр // Шарайна. - 2005. - 23 шілде. - 2  б.
Белгібай І. Мен бақытымды еңбектен таптым,- дейді қарт кенші тыл ардагері Арын Жұлдызғалиев // Шарайна. - 2006 . - 20 мамыр(N57). - 2  б.
Бүркітитер Г. Қадиша апа туралы бір үзік сыр // Қарқаралы. - 2005. - 13 тамыз. - 5  б.
Ғалыұлы Ж. Жеңіске үлес қосқан қыздар // Орталық Қазақстан. - 2005. - 20 қаңтар. - 12  б.
Дастанов А. Ері майданда қан кешкен, өзі тылда тер төккен  // Шарайна. - 2008. - 9 мамыр. - 4 б.
Дастанов А. Қиындықта шыңдалған, қуанышта нұрланған тыл ардагері Нәбира Өткелбайқызының өмір жолдарынан // Мысты өңір. - 2011. - 6 мамыр (№ 19). - 5 б.
Даутанқызы Б. Бар қасиет дарыған бүтін білім // Қарқаралы. - 2012. - 8 наурыз (№ 19/20). - 8 б.
Дәненова Ф. Тыл қаһармандары // Орталық Қазақстан. - 1975. - 8 май (№ 108). - 3 б.
Дулығалы Д. Құрыш қалқан // Мысты өңір. - 2007. - 26 қаңтар. - 7  б.
Елеуов К.  Жаңа заем - жауға соққы // Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 сәуір (№ 76). - 3 б.
Ер-азаматтардың орнын басамыз // Орталық Қазақстан. - 1990. - 25 наурыз (№ 70). - 2 б.
Есеева Б. Қарт майдангер ортамызда // Абай хабаршысы. - 2000. - 29 сәуір.
Ескенов Х. Олар елдің мақтанышы еді  // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 2 қыркүйек. - 3  б.
Жағдұлы З. Соғыс отына шарпылған балалық шақ // Орталық Қазақстан. - 2005. - 26 наурыз. - 13  б.
Жанаева Т. Жеңіске біз де үлес қосқанбыз // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 6 мамыр (№ 39/40). - 13 б.
Жанғожин А. Майдан мен тылдың жауынгерлік сапында 40-жылдар: "Орталық Қазақстан" газетіне-70 жыл // Орталық Қазақстан. - 2001. - 13 маусым.
Жанғожин А. Сұрапыл соғыс туралы ақиқат пен аңыз // Орталық Қазақстан. - 2000. - 26 сәуір.
Жанғожин А. Тылдағы ерлік еңбек / А.Жанғожин, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. - 2004. - 6 қаңтар. - 6  б.
Жанысбай С. Соғыс өрті шалмасын // Орталық Қазақстан. - 2009. - 31 желт. (№ 200/201). - 3 б.
Жармағанбетұлы М. Біз көрген зұлматты ендігі ұрпақ көрмесін // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 27 сәуір. - 3  б.
Жұмағали С.    Көкірегі сырға толы кейуана // Орталық Қазақстан. - 2007. - 8 мамыр. - 3  б.
Жұмағали С. Көкірегі сырға толы кейуана // Орталық Қазақстан. - 2007. - 8 мамыр. - 3  б.
Жұмасұлтанов Ә. Қарағанды облысы соғыс жылдарында // Орталық Қазақстан. - 2005. - 23 сәуір. - 7  б.
Жүнісбеков Д. Қос ардагер // Қарқаралы. - 2002. - 9 мамыр.
Жүнісбекұлы Д. Қырық бірінші жылдың келіншектері // Қарқаралы. - 2001. - 5 мамыр (№ 18). - 2 б.
Жүсіпова М. Ұмытылмас күндер // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2010. - 7 мамыр (№ 33). - 5 б.
Имаш Е. Көрінбес майдан жауынгері // Орталық Қазақстан. - 2010. - 27 наурыз (№ 45/46). - 3 б.
Көпішев Е. Жапырақ жайған бәйтерек // Орталық Қазақстан. - 2007. - 30 тамыз. - 3  б.
Көпішев Е. Өмір жолы - өнеге // Орталық Қазақстан. - 2007. - 1 желтоқсан. - 4  б.
Кәрібайұлы Е. Әділдіктен айнымаған тіл және заң саласы қызметінің ардагері Қожамжар Махатовтың өнегелі өмірінен //Сарыарқа - Жезқазған. - 2005. - 18 мамыр. - 3  б.
Күлейменов Ж. Еңселі ұлдың еңбегі еленбей ме? // Орталық Қазақстан. - 2013. - 29 маусым (№ 108/109). - 4 б.
Күмісбаева Р. Тыл майданы ардагері  // Қарқаралы. - 2005. - 2 шілде. - 5  б.
Қирабаев С.  Ірілік және ізгілік // Егемен Қазақстан. - 2009. - 13 мамыр (№ 168-169). - 5 б.
Қожамсейітов С.  Қаһарлы Қарсақбай // Мысты өңір. - 2010. - 16 сәуір (№ 16). - 5 б.
Қожамсейітов С. Жезқазған жезі жауға жасын болып атылды // Мысты өңір. - 2010. - 21 мамыр (№ 21). - 6 б.
Қойбағаров Х. Тылда да, тыңда да бірге // Қарқаралы. - 2005. - 6 тамыз. - 5  б.
Қойшыбаев Ш. Дәрібай Томай батыр немересі //  Орталық Қазақстан. - 2006. - 7 қазан. - 10  б.
Қоржынов С. Сұратыл соғыс ерте есейтті // Егемен Қазақстан. - 2011. - 7 мамыр (№ 188/189). - 6 б.
Құбашұлы М.  Қиындыққа мұқалмаған, ауырлыққа жұқармаған ұрпақпыз // Орталық Қазақстан. - 2005. - 21,23 сәуір. - 11  б.
Құдышев О. Сол жылдарда // Орталық Қазақстан. - 1975. - 7 май (№ 107). - 2 б.
Қызбалаұлы Ж.  Жапырақ жайған бәйтерек // Абай-Ақиқат. - 2007. - 18 қазан. - 5  б.
Қыныбаева Р.              Тыл ардагері Айткен әженің айтқандары  // Қарқаралы. - 2011. - 19 наурыз (№ 21/22). - 3 б.
Қыныбаева Р. Ерлерше еңбек еткен аналар // Қарқаралы. - 2005. - 27 тамыз. - 5  б.
Лұқпан Е. Еділ бойындағы ерен ерлік / Е.Лұқпан, Ғ.Смағұлов // Орталық Қазақстан. - 2004. - 25 қараша. - 7  б.
Лұқпан Е. Майдан мен тылдың / Е.Лұқпан, Ғ.Смағұлов // Орталық Қазақстан. - 2005. - 8 қаңтар. - 10  б.
Лұқпан Е. Москва үшін шайқас / Е.Лұқпан, Ғ.Смағұлов // Орталық Қазақстан. - 2004. - 13 қараша. - 7  б.
Майбас Т. Қозадүр // Орталық Қазақстан. - 2006. - 6 мамыр. - 8  б.
Мақанова Н. Тыл ардагері // Қарқаралы. - 2005. - 13 тамыз. - 5  б.
Мамыраев М.  Ғажайып ерлік // Орталық Қазақстан. - 1975. - 8 май (№ 108). - 2 б.
Маратқызы І. Атамыз бен әжеміздің өмірі ұрпағына өнеге // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2010. - 9 сәуір (№ 26). - 5 б.
Мұқанұлы М. Тәубелі тілек // Мысты өңір. - 2004. - 16 желтоқсан. - 6  б.
Мұқанұлы Ө. Ұлы жеңіске үлкен үлес қосқан Жезді кеніші 38 күнде қатарға қосылған еді // Мысты өңір. - 2007. - 26 қаңтар. - 7  б.
Мырзабеков Б. Ерлік ескірмейді // Орталық Қазақстан. - 2014. - 17 мамыр (№ 88/89). - 4 б.
Мырзаханқызы Г. Майданда да, тылда да ерлік көрсетті  // Жаңаарқа. - 2005. - 15 қаңтар.
Нұрмағанбетов Ж. Тылда да тынымсыз еңбек еттік: кенші Ж.Нұрмағанбетовпен әңгіме / Сұхбаттасқан С.Сексенұлы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 18 наурыз.
Омарбеков М.  Есімі кітапқа енген еңбек ардагері // Орталық Қазақстан. - 2008. - 2 ақпан. - 5  б.
Омарбекұлы М. Тыл ардагері Жәукен ағаның жолы немесе бір әулет туралы үзік сыр // Орталық Қазақстан. - 2005. - 5 мамыр. - 10  б., Қарқаралы. - 2006. - 14 қазан. - 6  б.
Оразбай Е. Алтын көпір // Орталық Қазақстан. - 2006. - 8 маусым. - 8  б.
Оспанұлы Ж. Жапырақ жайған бәйтерек  // Орталық Қазақстан. - 2008. - 26 ақпан. - 3  б.
Өткелова С. Мылтықсыз майдан // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 29 сәуір (№ 37).
Рахұлы А. "Қарағанды қаһарман қала болуға лайықты" // Орталық Қазақстан. - 2014. - 11 ақпан (№ 27/28). - 4 б.
Рахымбекұлы Ә. Тылдағы толағай тірлік ұйытқысы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 1 мамыр (№ 167/169). - 8 б.
Рысмағамбетов Ж. Мылтық ұстамасақ та, соғыстық емес пе? // Жаңаарқа. - 2011. - 7 мамыр (№ 20). - 3 б.
Саяжанқызы М. "Он бір жасымда еңбекке араластым" // Мысты өңір. - 2011. - 25 наурыз (№ 13). - 5 б.
Сәдуұлы Е. Рухия әже // Орталық Қазақстан. - 2007. - 8 мамыр. - 3  б.
Сәулебайұлы А. Жеңіс жыры жүректерде жаңғырады // Қарқаралы. - 2011. - 14 мамыр (№ 37/38). - 1 б.
Сексенұлы С. Тылдағы тынымсыз еңбектің куәгері // Орталық Қазақстан. - 2010. - 8 мамыр (№ 70/71). - 6 б.
Сексенұлы С. Ұстаз бақыты // Орталық Қазақстан. - 2010. - 17 сәуір (№ 57/58). - 5 б.
Семқұл Б. Ардақ тұтар ардагерлеріміз // Орталық Қазақстан. - 2000. - 3 мамыр.
Сихынбаев Қ. Еңбекпен ерте есейген тыл ардагері, металлург Ахметжан Дауылбаевтың өнегелі өмірі жайлы // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 18 ақпан. - 3  б.
Смағұлов Ғ.  Мылтықсыз майдан ерлері // Орталық Қазақстан. - 2001. - 9 мамыр.
Советтік Қарағанды // Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 сәуір (№ 76). - 3 б.
Стаханов А.  Қару дегеніміз - металл мен көмір // Орталық Қазақстан. - 1990. - 25 наурыз (№ 70). - 2 б.
Сүйін С. 41-ші жылғы келіншек // Мысты өңір. - 2010. - 7 мамыр (№ 19). - 7 б.
Сүлейменов Ш. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ... // Орталық Қазақстан. - 2012. - 8 мамыр (№ 76). - 3 б.
Тойбек А.  Тылдың тауқыметін тартқандай өтті соғыс... // Орталық Қазақстан. - 2012. - 24 қараша (№ 198/199). - 7 б.
Тойбек А. Тылдың тауқыметін тартқан // Орталық Қазақстан. - 2012. - 24 қараша (№ 198/199). - 7 б.
Тойбек Ж. Жүрегі әнге тұнған әже // Орталық Қазақстан. - 2009. - 3 қазан (№ 150/151). - 6 б.
Тортаева Л.  Ұрпақ сабақтастығы // Шарайна. - 2005 . - 20 мамыр(N57). - 2  б.
Төкешев Н. Тыл мен майдан бірлігі // Орталық Қазақстан. - 2005. - 14 маусым. - 4  б.
Төлегенова Ш. Қаһармандықтың үлгісі // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 6 мамыр. - 3  б.
Төлепбергенов Ғ. Жауынгерлерді жігерлендірді // Орталық Қазақстан. - 1990. - 25 наурыз (№ 70). - 3 б.
Төребекова А. Қарағанды облысы соғыс жылдарында / А.Төребекова, Ғ.Смағұлов, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. - 2005. - 2,12,14,16 сәуір. - 6  б.
Төребекова А. Қарағанды облысы соғыс жылдарында / А.Төребекова, Ғ.Смағұлов, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. - 2005. - 31 наурыз. - 8  б.
Төребекова А. Қарағанды облысы соғыс жылдарында / А.Төребекова, Ғ.Смағұлов, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. - 2005. - 12 сәуір. - 4  б.
Төребекова А. Қарағанды облысы соғыс жылдарында / А.Төребекова, Ғ.Смағұлов, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. - 2005. - 14 сәуір. - 7  б.
Төрегелдин М. Тылда жанқиярлық танытқан Қарсақбай, Жезді өндірістерінің отты жылдардағы тарихынан // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 6 мамыр (№ 39/40).  - 3  б.

Туғанбай А. Атақты ондықтың бірі еді // Тоқырауын тынысы. - 2008. - 14 қараша (№ 46). - 4 б.
Түсіпбекова А. Өресі асқақ тұлға // Орталық Қазақстан. - 2005. - 26 мамыр. - 5  б.
Хасенханқызы Н. Тағдыр // Қарқаралы. - 2005. - 6 тамыз. - 5  б.
Шаймұқанова Р. Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін // Орталық Қазақстан. - 2005. - 28 сәуір. - 7  б.
Шалабекұлы Р. "Қилы заманды бастан кештік, қысыл-таяң кезеңді көзбен көрдік": енбек ардагері Р.Шалабекұлымен сұхбат / сұхбаттасқан С.Шәжейұлы // Азия Транзит. - 2005 . - №11. - 28-30  б.
Шөкейқызы Р. Қиындықты жеңе білген  // Орталық Қазақстан. - 2011. - 7 мамыр (№ 71/72). - 4 б.
Ыбырайымов С.  "Ақсақалдың алдында бас иемін"  // Орталық Қазақстан. - 2010. - 29 сәуір (№ 65).
1943 жыл: ел тынысы // Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 сәуір (№ 76). - 2 б.

Боздақтар. 1941-45 ж.: Ұлы Отан соғысы жеңiсiнiң 50 жылдығына арналады / Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1994. - 496 б.

Қаhарман қарағандылықтар [Мәтін] = Герои-карагандинцы / ред. Г.Ж. Бабулова. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2000. - 146 б.

Совет Одағының Қазақстандық батырлары [Мәтін] Т.1.- Алматы: Қазақстан, 1969. - 476 б. : портр. - (мұқ.)

Лұқпанов, Е. От кешу [Мәтін] / Е. Лұқпанов. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2005. - 164 б.

Ақпанбаева, Т. Өшпес ерлік, өлмес мұра [Мәтін] / Т. Ақпанбаева. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2005. - 358 б.

Ғаббас Жұматов: өмір және тағдыр [Мәтін] = Ғаббас Жуматов: жизнь и судьба / құраст. С. Мәдиев. - Алматы : Қазақ университеті, 2008. - 278 б.

Якимов, Г. Өшпес ерлік [Мәтін] / Г. Якимов ; ауд. О. Ыдырысов. - Алматы : Жалын баспасы, 1980.-192 б.

Исабаев, Қ. Өсиет [Мәтін] : романдар / Қ. Исабаев. - Астана : Астана-Полиграфия, 2008. - 608 б. - (Уақыт және қаламгер).

Бекенов, Қ. Тағдырымның жазғаны [Мәтін] / Қ. Бекенов. - Қарағанды : Арко, 2002. – 237 б.

Әбішев, Ә. Замана перзенттері [Мәтін] : таңдамалы шығармалар / Ә. Әбішев. - Алматы : Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1961. - 507 б. - (мұқ.) : 1 с.

Бұлқышев, Б. Адамзатқа хат [Мәтін] / Б. Бұлқышев ; құраст.: Р. Рүстембекова, Р. Ыдырысов. - Алматы : Санат, 2005. - 208 б. - (Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 60 жыл)





Copyright © 2015, karlib.kz