2023 жылғы 10 қазанда Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұжымына жаңа басшыны – осы мекемеге тағайындалғанға дейін Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының басшысы лауазымында жұмыс атқарған Шаймуханбетова Айнур Сакеновнаны таныстырды.

Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы Айнур Сакеновнаны инновациялық ойлау қабілеті мен жоғары іскерлік, кәсіби дағдылары бар жігерлі басшы ретінде сипаттап, кітапхананың биік шыңдардан көрініп үлес қосуына толағай табыстар тіледі.

Кітапхана ұжымының атынан ғылыми хатшы В. И. Пак және құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің басшысы сөз сөйледі. Олар Айнұр Сакеновнаны тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жаңа басшының басшылығымен кітапхана Республиканың ең мықты кітапханасының маркасын, әсіресе жаңа технологияларды дамыту жолында сақтап қалатынына сенім білдірді.

Ақпарат үшін: Шаймуханбетова Айнұр Сакеновна, біздің кітапханаға тансық емес. 2016 жылғы ақпан айынан бастап – кітапхананың ғылыми хатшысы, 2016 жылғы 1 қарашадан бастап – ҚОӘҒК басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. Ал 2019 жылғы наурыздан бастап Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының басшысы болып тағайындалған. Шаймуханбетова Айнур Сакеновна қысқа уақыт мерзімде Қарағанды арнайы кітапханасын республикадағы мықты кітапханалардың біріне айналдырып, кітапхананың қызметін қайтадан толық қалпына келтірді, бірнеше республикалық және халықаралық конференцияларды ұйымдастырды. Басшының ұйымдастырушылық пен кәсіби дағдыларының арқасында кітапхананың 50 жылдық мерейтойы және «Инклюзивті қоғамды қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілген болатын (2022 ж. 6-7 қыркүйек).

Кітапхана ұжымы Айнур Сакеновнаны Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымына басшы лауазымына тағайындалуымен құттықтайды және оған креативті жобаларды іске асыру жолында шығармашылық шабыт, сенімді серіктестер мен достардың жан-жақты қолдауын, айналасындағылардың түсіністігін тілейді!

Біз тығыз достастықта, ортақ күш-жігермен дәстүрлі қызмет пен жаңа цифрлық мәдениетті біріктіретін жаңа кітапхана келбетін құра алатынымызға сенім білдіреміз.

 

Ғылыми хатшы: В. И. Пак