Құрметті оқырмандар!

Облысымыздың бас кітапханасы тағы да бір құнды кітаппен толықты.

Кітапхана қорына белгілі ғалым, өлкетанушы Тұрғанбек Алланиязов Жезқазған қаласынан арнайы келіп, кітаптарын сыйға тартты.

Кітап авторына құнды дүниені кітапханаға табыстаған үшін алғыс айтамыз. Еңбегіне жеміс және өлкетанулық тың деректер табуына тілектеспіз.

Жезқазған қаласының әлеуметтік-саяси тарихы туралы толымды ақпарат іздеген оқырмандарға таптырмас еңбектерді кітапхананың өлкетану бөлімінен оқуға болады.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітап қоры тек қана облыстық ақын-жазушылардың кітаптарымен ғана емес, қазақ әдебиетінің құнды туындыларымен де толығуда. Сондай-ақ кітапхана қорында Қазақстанға белгілі қаламгерлердің арнайы сыйға тартқан шығармалары да бар. Соның бірі - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, сатирик,  жазушы, драматург Баянғали Әлімжановтың лебізін білдіріп, қолтаңбасын қалдырған 12 томдық шығармалар жинағы, "Деген екен" және  орыс тіліндегі "Сказ столетнего степняка" атты кітаптарының барын үлкен мақтанышпен айта аламыз.

Толығырақ...

Қайым Мұхамедханов: хаттар сөйлейді [Мәтін] = Каюм Мухамедханов: письма говорят / жауап. ред. А. Т. Смағұлова ; құраст. Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы қоғамдық қоры. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2016.

Мұхамедханов, Қ. Шығармалары [Текст]. 1 т. : Абай шығармаларының текстологиясы жайында / Қ. Мұхамедханов ; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. - 2-басылым. - Астана : Фолиант, 2014.

Құрметті оқырман!

Біздің кітапхана қоры 5 томдық "Кемел" атты керемет сыйлық басылыммен толықты. Кітаптың авторы - жазушы Мырзагелді Кемел. Әр томы оқырманды атауымен-ақ қызықтыратыны сөзсіз: "Ойтұмар", "Ойдана", "Ойсана", "Ойтаным", "Ой-дәптер".

 

Толығырақ...

Мәсімханұлы, Д.  Азаттығым мен қазақтығым [Мәтін] : [елдік пайымдар, сыр-сұхбаттар, толғамдар] / Д. Мәсімханұлы. - Астана : Фолиант, 2014.

Мәсімханұлы, Д.  Қытай туралы қырық сөз [Мәтін] : ғылыми зерттеулер, очерктер, сұхбаттар / Д. Мәсімханұлы ; Тарихшылардың ұлттық конгресі кітапханасы. - Астана : Фолиант, 2014.