Абай - ұлтымыздың бас идеологы, әлемдік тұлға. Ол адам болып қалыптасу үшін жас ұрпақтың зердесіне қандай асыл қасиеттерді сіңіру, қай бағытта тәрбиелеу керектігін айтып кеткен ғұлама адам. Ұлы ақынның арман – тілегі бүкіл адамзаттың ең биік асыл мұраттарымен  үндесіп жатыр. Абайды тану арқылы біз өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз. .

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 495 қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып белгіленіп, мемлекет басшысы  Қасым – Жомарт Тоқаев ұлы  ақынның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, болашақ ұрпаққа   рухани азық болады деп зор толғаныспен сенім білдірді.

Халқымыздың рухани көсемінің  ілімі, биік мақсаттарға жетелейтін ойлы өлеңдері мен тағлым аларлық қара сөздерін, өмірбаянын ұлттық құндылық ретінде таныстыру, тереңірек сусындату мақсатында кітапхананың оқу залдары бөлімінде «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Назарларыңызға "Сирек және құнды кітаптар" қорынан кітап жарнамасына қазақтың ойшыл ақыны, данышпаны Хакім Абай Құнанбайұлы "Шығармаларының толық жинағын" ұсынамыз.

Республикалық дәстүрлі ХІ Қасым Аманжолов оқулары.

Республикалық XI Қасым Аманжолов оқулары жеңімпаздарын марапаттау салтанаты.

"Жас дәурен" вокалдық байқауының күні. 5 қазан 2021 ж.

"Дүниеге келер әлі талай Қасым..." поэзия байқауының күні. 5 қазан 2021 ж.

Ақпараттық қолдау:


SARYARQA TV / Сарыарқа телеарнасы

ТК 5 канал Караганда

Первый Карагандинский Канал

Сәрсенбайұлы, Ж. Қасым жаққан жұлдыздар // Орталық Қазақстан. - 2021. - 7 қазан

Қасым жыры –рух байрағы

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дауылпаз ақын Қасым Аманжолов шығармаларын насихаттау мақсатында 2021 жылдың 6 қазан күні «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық дәстүрлі XI Қасым Аманжолов оқуларын өткізеді.

18-35 жас аралығындағы шығармашылық жастарды байқауға қатысуға шақырамыз.

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі XI Қасым Аманжолов оқуларының ЕРЕЖЕСІ

Балаларға базарлық!

Назарларыңызға «Түлкі мен құмыра» ертегісін ұсынамыз.

Салем достар! «Canva» бағдарламасын қалай пайдалану туралы сіздердің назарларыңызға шеберлік сағатын ұсынамыз.