Қасым Аманжолов “ Көп туса қазақ дәл сіздей қызды” деп өлең арнаған, “ана тілінің абыз анасы” атанған ірі лингвист ғалым, филология ғылымдарының докторы, академик Рабиға Сыздықованың туғанына биыл 96 жыл. Ғалым өзінің саналы ғұмырында қазақ тіл білімін, тіл тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Ендеше назарларыңызға ғалымның шығармашылығы жайлы бейнекөрмені ұсынамыз.