Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай кітапханамызда «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас ұрпақты адамгершілікке, жастардың қажетті білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.

Шараға «№61 ЖББМ» мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Уразалина және Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің 1 курс студенттері қатысты.

Шара барысында А.С.Уразалина жастарға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, арақ, темекі  сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығына тоқталып. Жастарға жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен айналысып, денсаулыққа зор мән беруге шақырды. «Ғасыр дерті» атты бейнеролик көрсетіліп, ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы туралы мағлұмат беріліп, студенттер мен дәріскер арасында сұрақ-жауап түрінде сұхбат өткізілді. АИТВ/ЖИТС, жұғу жолдары және инфекцияның алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар оқырмандар назарына салауатты өмір салтын ұстану,  келеңсіз жағдайлардың алдын алу және «21 ғасыр – салауатты қоғам ғасыры» құру мақсатында ұйымдастырылған «Ғасырдың қасіретті дерті» кітап көрмесі ұсынылды.