Кеншілер күні - біздің өлкеміздің тарихы мен дәстүрлерін сіңірген сүйікті және ерекше мереке. Бұл - мерекені Қарағанды кеншілері 1948 жылғы 28 тамызда (кейбір деректерде 27 тамыз) алғаш рет атап өтті. Яғни биыл бұл мерекенің аталып өтуіне 75 жыл толып отыр.

Осыған орай, кеншілер тарихынан сыр шертетін «Кеншілер – Қарағандының жүрегі» атты диалог - кітап көрмесін тамашалаңыздар!

Диалог-кітап көрменің құрметті қонағы Қарағанды көмір өндірісінің ардагері, «Кенші даңқы» белгісінің толық иегері Алмас Сағынайұлы Рысқұлов.

 

Көрмеден кеншілердің қажырлы еңбегі, тұрмыс-тіршілігі жайындағы ақын-жазушылардың, журналистердің, ғалымдардың шығармаларымен және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған экспонаттармен таныса аласыздар.

Құрметті кеншілер әрқайсыңыздың өмірлеріңіз еңбекқорлықтың, табандылық пен адалдықтың үлгісі бола алады. Сіздердің экономикалық дамуымызға қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Біз сіздерді мақтан тұтамыз! Барлық кеншілерге денсаулық, өркендеу және амандық тілейміз.

Мереке құтты болсын!