Жыл сайын 18 қазан күні елімізде Рухани келісім күні аталып өтіледі. Бұл мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Қазақта "Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір" - деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттарды біріктіріп, татулық пен сенімділікті серік етудің арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері қадам басып келеді. Осыған орай біздің кітапханамызда "Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.