13 наурыз күні біздің кітапханада Дүниежүзілік поэзия күні қарсаңында кітапханада «ZERDE» әдеби-мәдени клубының  салтанатты ашылуы өтті.         

Мақсаты: қазақ ақын-жазушыларының және әлем әдебиеті шығармаларын талдауға, жастарды сөйлеу мәдениетіне, өз пікірін ашық айтып, өз көзқарасын дәлелдей білуге баулу, әдебиетке деген таным-біліктілігін шыңдау.

Қазақ әдебиетінің классигі кезінде пікірталас туғызып, зерттеушілердің қызу талқылауына түскені белгілі. бүгінгі күнге  дейін, оқылып қана қоймай, жастардың арасында терең талқыға да түсетін өміршең  шығарма.

Шара барысында клуб мүшелері клубтың мақсаты мен міндеттерін, алдағы жоспарымен танысты. Сонымен қатар, белгілі жазушы С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» атты романын талқылап, ойларын ортаға салды. Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романы қатал сынға ұшырап, кейіннен бірнеше рет өзгеріске түсіп  «Мөлдір махаббат» болып жарыққа шыққан. Шынайы өмір шындығына негізделген шығарманы талқылау барысында  жастар өз пікірлерін ашық айтып, шығарманың бас кейіпкерлері Бүркіт пен Бәтестің арасындағы махаббаты жайлы әңгімеледі. Екі жастың махаббаты неге баянсыз болды?, Бәтес әлсіздік танытты деп ойлайсыздарма? Өз махаббаттарын қорғай алмағандығына сол кездегі салт-дәстүр кінәлі ме? деген сұрақтарға  жауап алып, түйінін жасады.

Клубтың жас мүшесі, Е.Бөкетов атындағы ҚарУ студенті Мағжан ақын Ф.Оңғарсынованың «Сәкеннің ұлы» атты өлеңін оқыды.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ студенті Дилара Мирамқұл клуб жетекшісі болып, филология факультетінің 20 студенті клуб мүшелігіне енді. Қонақтар клубтың жұмысына сәттілік тілеп, өз ықыластарын білдірді. Кітапханашылар «Ой маржаны кітап» атты кітап көрмесіне шолу ұсынды.