Достар! Бұған дейін көп қаламгер бара қоймаған тың тақырыпқа арналған, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарының психологиялық астарына ғылыми тұрғыда талдау жасалған еңбек - «Қазақтың жазылмаған психологиясы» кітабына арналған бейне ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз!

2023 жылдың 24 қаңтар күні «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернат-лицейінің 10 «А» сынып оқушыларымен Мемлекет басшысы Қ-Ж.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауына байланысты «Қуатты ұлттың деңгейі – халық» атты ақпараттық сағат өтіп, оқушылар өз ойларымен, өз пікірлерімен бөлісті.

Оқушылардың ойынша, экономикасы дамыған әділетті елде тұру халыққа ыңғайлы. Сол жағдайды жасау – мемлекеттің басты міндеті. Әрбір жұмыс жасаған азаматтың еңбегі елеулі болуы қажет және ертеңгі күнге деген сенім болуы тиіс.

Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар жазушы, драматург Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға ұсынылды. Сіздердің назарларыңызға Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Табиғаты өзгеше дарын» атты бейне шолуымызды ұсынамыз. Баршаңызды Төлен Әбдіктің әдебиеттерін оқуға шақырамыз!

Құрметті оқырман! Тамыры терең тарихымыз бен әдебиетімізді, өнер мен мәдениетті зор талғаммен зерделеп жүрген көрнекті ғалым Мұрат Әуезовтің 80 жылдығына арналған «Мұрат Әуездің мәдени мұрасы» атты безендірілген кітап экспозициясына әдеби шолуды назарларыңызға ұсынамыз! Қызығушылық танытқан әрбір оқырман кітапханаға келіп әдебиеттермен жақын таныса алады.

Келіңіздер!

1941-1945 жылдардағы соғыста  ерлермен иық тіресе жүріп, ерлік көрсеткен қазақстандық нәзік жанды аруларымыз жайында әлі де ашылмай, зерттелмей жатқан тұстары бар. Ол – сұрапыл шайқастарда ерлермен қатар соғысқан қыз-келіншектер тағдыры... Олар игерген әскери мамандықтар...

Осы тақырыпта кітапханада қарағандылық запастағы полиция полковнигі Қанат Кареновтің сыйға тартқан «Қарлығаштар оралар ма = Когда вернутся ласточки» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Ай кітабы