Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_Arshabekov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_Arshabekov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Тәуелсіздік жылдары ұлттық ата тарихымызды түгендеу жолында талантты тарихшы ғалымдар орасан зор қызмет атқарып келеді. Қазақ тарихына байланысты еңбектер жиналды. Тамаша зерттеулер жарық көрді. Қарағанды облысына байланысты ғылыми зерттеулердің жарыққа шығуына орасан еңбек еткен ғалымдарымыздың бірі Темірғали Аршабеков.

"Бай тарихы бар қазақ елінің "Мәңгілік ел" болу арқылы тарихта аты сақталады. Оның шежірелі тарихы арқылы біз асқақ елге айналамыз" - деп өз сұқбатында айтқан Темірғали Тілеубекұлы "Сарыарқаның этномәдени зерттеулері" (2001-2004 жж.) бағдарламасын дайындаған авторлардың бірі. "Қарағанды облысының топонимикалық картасы" зерттеу жобасының ғылыми жетекшісі, "Қазақстан тарихы мен этнологиясының мәселелері" атты жас зерттеушілер жинағының үш басылымына жауапты редактор болды, Орталық Қазақстан аймағы бойынша студенттердің далалық этнографиялық экспедициясына жетекшілік етті, 2001 жылы ел тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған "Сарыарқа әлемі" экспедициясын басқарды, аймақтық мәдени мұра бағдарламасы бойынша облыстық мәдениет басқармасының тапсырысымен Ұлытау-Нұра аудандарының тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеу бойынша, осы аудандарға этнографиялық экспедицияның жетекшілік жасады.

{gallery}/material/news/2018_Arshabekov{/gallery}

Тарихшы, археолог, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражай директор орынбасары Т.Аршабеков "Қарқаралы күмбездері", "Жаңаарқа тарихы", "Атамекен", "Қасиетті-мекен Қарқаралы", "Музей және тарих", "Ұлытау-Нұра аудандарының тарихи-мәдени ескерткіштері", "Ақтау бекінісі", "Нұра ауданының тарихы", "Сарыарқа қазақтары", "Қарағанды облысы Нұра ауданының топонимикалық картасы: тарихи негіздеме", "Абай ауданының тарихы", "Алаштың Әлиханы", "Кенесары жорығы ізімен", "Бұқар жырау ауданының топонимикасы" т.б. бірнеше ғылыми мақалалардың авторы.

30 наурыз күні кітапханада өлкетанушы, тарихшы-этнограф Темірғали Тілеубекұлы Аршабековтың "Туған жерге - тағзым" атты есеп беру шығармашылық кеші өтті.

Кешке Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Е.М.Нілдібаев, "Нұр Отан" партиясы Қарағанды облыстық филиалы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесінің төрағасы, Білім меценаты Б.Қ.Алтынбеков,  экономика ғылымдарының докоры, аймақтық даму ғылыми зерттеу институтының директоры Ә.Ә. Әлімбаев, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетінің ғалымдары М.С.Жакин, Н.Смағұлов, Қарағанды экономикалық университетінің географ-ғалымы С.Жетпісов, Қарағанды Болашақ Академиясының тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедра меңгерушісі Е.Б.Қасенов,  журналистер Ә.С.Жанпейісов, Б.Матулова, Қарағанды облыстық тарихи өлкетану музейі мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері қатысты.

{gallery}material/news/2018_arsh{/gallery}

Кеш аясында қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы маңызды еңбектер, мұрағаттық, тарихи материалдар, зерттеу жұмыстары, Сарыарқаның атақты тұлғаларының өмірі мен өнері туралы естеліктер туралы жинақталған кітаптар жөнінде әңгімеленді. Сонымен бірге Т.Т.Аршабековтың тарихи жәдігерлерді зерттеудегі қосқан орасан еңбегі жайында замандастары қызықты естеліктерімен бөлісіп, 55 жасқа келген мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Кездесу барысында әншілер Е.Базарбаевтың, Б.Ноғаеваның орындауындағы әуезді әндері көңілге қанат бітіріп, оқырмандардың қызу қолдауына ие болды.

Кездесу соңында оқырмандар назарына Т.Т.Аршабековтың тарихи, ғылыми, өлкетанулық еңбектері қойылған кітап көрме ұсынылды.

 

Өлкетану әдебиеті бөлімінің меңгерушісі С.О.Телпекбаева