Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Жиналысты кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова құттықтау сөзімен бастады, ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы жас мемлекет екенін, әрі Тәуелсіздіктің 26 жылында еліміз көптеген ауқымды мемлекеттік өзгерістерге ұшырады. Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жетекшілігімен және қазақстандықтардың ауызбіршілігі, ынтымақтастығы және рухының беріктігі арқасында еліміз саяси тұрақтылыққа, экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткізді. Д.Б. Аманжолова кітапхананың 2017 жылғы табыстары мен жетістіктерін бөлек атап өтті.

2017 жыл қазіргі Қазақстан тарихына "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізген жыл ретінде енеді. Көрме Астана қаласында "Болашақ энергиясы" тақырыбында өткізілді.

Өткізіліп отырған Халықаралық көрмеге орай Астана қаласында  Қарағанды облысының Мәдениет күндері өткізілді. Осы мерекеге белсене қатысқан Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы, директоры Д.Б. Аманжолова, директордың орынбасары А.С. Шаймұханбетова Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Кітапхана ісіне қосқан үлесі үшін және "Оқу әлеміндегі оқырман ұлт" Халықаралық симпозиумге қатысып белсенділік танытқан кітапхана ісін автоматтандыру бөлімінің басшысы А.А. Чен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің сыйақысымен марапатталды.

Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен оқырман залы бөлімінің өндірістік әдебиет секторының басшысы И.А. Гусева марапатталды. Ирина Авенировна Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-да 30 жыладан астам қызмет етіп келеді. Кітапхана ісінің маманы, оқырмандардың сүйікті кітапханашысы, пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын тез, әрі білікті түрде орындайды.

Мереке қарсаңында көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін кітапхана әкімшілігі және Кәсіподақ комитеті ғылыми хатшы В.И. Пакты, бөлім басшылар С.В. Писареваны және С.И. Головконы, сектор басшысы Қ. Рахымды, жоғары санатты кітапханашы К.Б. Кирсанованы алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты жағдайда "Талантты және болашағы бар" жас кітапханашылар байқауының жеңімпаздарын құттықтады. Байқау Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жас қызметкерлері арасында өткізілді. Байқау мақсаты – жас кітапханашылардың тұлғалық және кәсіби деңгейін ынталандыру және дамыту, кітапханашының жағымды беделінің құрылуы, шығармашылық қабілеттерін байқау және әрі қарай дамыту.

"Талантты және болашағы бар" байқауы 2 бөлімді қамтыды. Алғашқы бөлімі – "Іскерлік қолтаңба", қатысушылар өз библиопортфолиелерін және "Кітапхана болашағы" тақырыбында эссе ұсынды. Екінші бөлімі – сайыс, жалпы және кәсіби ой-өрісін байқайтын сауалдарды қамтыды.  Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.  

Жеңімпаздардың арнайы Дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

1 орын

Оқырман залы  бөлімінің сектор басшысы – Серікжанова Айым;

2 орын

Кітапханаларды дамыту бөлімінің кітапханашысы – Еділбай Айнұр;

Кітапхана ісін автоматтандыру бөлімінің инженер-жүйе технигі – Абрамчук Елена;

3 орын

Мерзімді басылымдармен жұмыс секторының кітапханашысы – Кульмагамбетова Гүлжазира;

Негізгі қорды сақтау бөлімінің кітапханашысы – Ақбергенов Еркебұлан.

Кітапхана ұжымы қызметкерлерін лайықты марапатқа ие болғандарымен құттықтады және әрі қарайғы еңбектерінің жемістілігін, кәсіби деңгейінің артуын және жаңа шығармашылық идеяларыңыздың орындалуын тіледі.