Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_nezavisimost is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_nezavisimost is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай кітапханамыздың конференц-залында "Қазақстан – Ұлы Дала Елі" атты тарих сабағы өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты қара шаңырақ астындағы әр ұлт өкілдерінің бейбіт тұрып жатқандығын, оны сақтап қалу өскелең ұрпақтың қолында екендігін түсіндіру.Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 26 жыл ішінде саясаттында, экономикасында, мәдениетіндете, жалпы қоғамда түбегейлі өзгерістер жүргізіліп, мемлекетіміздің халықаралық беделі еселей түсті. Ширек ғасырда еліміздің әлемде мойындалуына ықпал еткен ауқымды нәтижелерге қол жеткізілді.

Іс-шараның шымылдығы "Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік=Независимость – гордость страны" атты кітап көрмесін таныстырумен ашылды. Көрме сөрелерінде еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен тәуелсіздік тарихын баяндайтын материалдар ұсынылды.

Шара барысында кешіміздің қонағы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің профессоры, тарих ғылымдарының докторы З.Ғ. Сақтағанова студенттерге Қазақстанның Тәуелсіздікке жету жолы тарихын баяндап берді. Тәуелсіз ел болуымызды "Алаш" партиясының құрылуымен байланыстыра отырып, 1986 жылғы Алматыда өткен "Желтоқсан оқиғасымен" сабақтастырды. Сондай-ақ, жас буынды өз еліне адал еңбегін сіңіріп, ұлтжанды азамат болуға шақырды. Әр Қазақстан азаматының өз мемлекетінің мақтанышы болуға және қорғауға қабілетті екендігін баса айтып, оқырмандарды рухтандырды. Сондай-ақ, Зәуреш Ғалымжанқызы өзінің авторлығымен жарық көрген бірнеше кітабын кітапханамызға тарту етті:

  • Повседневность городов Центрального Казахстан в 1946-1960 годы: сб. документов и материалов. – Караганда: Издательство КарГУ, 2016. – 277 с.
  • Сактаганова З.Г., Турсынова Ж.Ж., Смагулов А.Ж. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография. – Караганда: Издательство КарГУ, 2016. – 256 с.
  • Повседневность городов Центрального Казахстан в 1960-е-1991 г.г.: сб. архивных документов и материалов. Часть 2. – Караганда: Гласир, 2017. – 320 с.
  • Города Центрального Казахстана в 1950-1960-е годы: история и повседневность: монография. – Караганда: Издательство КарГУ, 2017. – 224 с.
  • Сактаганова З.Г. Экономическая модернизация Казахстана. 1946-1970гг.: монография. – Караганда: Издательство КарГУ, 2017. – 277 с.

Бұл кітаптар біздің қор арқылы тарихқа жаны жақын қалың оқырманға жол табары сөзсіз.

Іс-шара соңында кітапханамызға жаңадан 15 студент тіркеліп, оқырман билетіне ие болды.

{gallery}/material/news/2017_nezavisimost{/gallery}

Құрметті Қазақ Елі, ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Серікжанова А, оқу залдары