2017 жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 10.00-де

кітапхананың конференц - залында

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған

"Қазақстан – Ұлы Дала Елі" атты тарих сағаты өтеді.

16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда Президент Н.Ә. Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 26 жыл толады. Тәуелсіздіктің тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.

Шарамызға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің профессоры, тарих ғылымдарының докторы З.Ғ. Сақтағанова қатысып, баяндама ұсынады. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, ел тарихындағы атаулы оқиғалар және демократиялық және құқықтық мемлекеттің дамуы туралы айтылатын болады.

 Баршаңызды іс-шарамызға шақырамыз!

Қосымша ақпараттел: 21-00-42

эл/почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.