Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында (бұдан әрі ОӘҒК) жыл сайын "Гоголевкадағы" Кітапхана түні" мәдени-әлеуметтік Акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – кітап кеңістігі мен оқуды дәріптеу үшін кітапхана мен кітапқа құмар тұлғалардың күшін біріктіру, тұлғаның бос уақытын өткізудің жаңаша түрлерін ұйымдастыру, жастарды оқуға баулу, Қарағанды облысы кітапханаларының мәртебесін көтеру.
Биылғы жылы аталмыш шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80-жылдық мерейтойына орай және 1 Мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесі қарсаңында 2016 жылдың 29 сәуір күні сағат 20.00-ден 24.00-ге дейін өткізу жоспарланған.
Акцияның аясында Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК және кітапханадағы "Жыр-Жауһар" поэзия клубы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздіктің төл перзенттері" атты жыр мүшәйрасын жариялайды.
"Тәуелсіздіктің төл перзенттері" атты жыр мүшәйрасын өткізу ережесі
Мүшәйраның мақсаты:
- Тәуелсіздік тарихын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық рухын асқақтату, патриоттық сезімін ояту;
Жас қаламгерлерге қолдау көрсету, деңгейі жоғары шығармаларды жазуға ықпал ету, шеберліктерін шыңдау, олардың туындыларын оқырмандар арасында насихаттау.
Мүшәйраның талаптары мен шарттары
- Мүшәйраға 14-25жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады;
- Додаға бұрын баспа беттерінде жарияланбаған 2 өлең (бірі – Тәуелсіздік тақырыбында, екіншісі – еркін тақырыпта) жолдануы тиіс;
- Ұсынылған өлеңдер компьютер арқылы терілуі тиіс. Қолмен жазылған шығармалар қабылданбайды;
- Шығармаларды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекен-жайына жолдауға немесе Ерубаев көшесі, 44 үй, Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның абонемент бөліміне тапсыруға болады;
- Өлеңмен бірге қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, байланыс номері жіберілуі тиіс;
- Өлеңдер сәуір айының 25 жұлдызына дейін қабылданады.
Жеңімпаздарды іріктеу тәртібі:
- Жеңімпаздарды қазылар алқасы айқындайды.
Ынталандыру:
- Мүшайра жеңімпаздары 29-сәуірде"Гоголевкадағы" Кітапхана түні" акция барысында жарияланып, іріктеуден өткен өлеңдер кітапхана оқырмандары мен акция қатысушыларының алдында оқылады.
- Жеңімпаздар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады, өлеңдер кітапхана сайтында жарияланады.
- Қатысушылар басқа тұлғаның авторлық құқығын бұзған жағдайда, өздері жауап береді.
- Қазылар алқасы ұйымдастырушылардың ұсынуымен тағайындалады. Олардың шешімі талқыланбайды, қайта қаралуға жатпайды.
Қосымша ақпаратты 56-53-04, 8 778 206 44 43 телефондары арқылы білуге болады.
Жауапты: Байбуланова Ж.Т.