Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада 2014 жылы 16 мамыр күні сағат  19.30-да "Гоголевкадағы "Кітапхана түні" жастар Акциясы өтеді.

Ұйымдастырушылар:

  • Қарағанды облысының мәдениет басқармасы 
  • Қарағанды ОӘҒК                                                     

Сіздердің назарларыңызға "Кітапхана түнінің" бағдарламасын ұсынамыз

19.30-20.00

  • Шараның өтетін орыны – кітапхана алдындағы мерекелік әшекейленген алаң. Алаңда әдеби кейіпкерлер серуендеп жүр, Н.В. Гоголь қолтаңба береді.
  • «Кітапханаға гүл шоқтары» Акциясына қатысам деушілер кітапхана алаңына гүлдер отырғызады.

20.00-20.15

  • Кітапхана түнінің мерекелік ашылуы. Кітапхана  алаңы.

20.15-20.25

  • Кітапхана түнінің қызықты Бағдарламасымен танысу және кітапхана қонақтарын кітапханалық алаңдағы мерекелік шараға қатысуға шақыру, кеште бір мезгілде 8 алаң жұмыс істейді:

20.25-22.00

  • 1-алаң: «FREEMARKET» - Тегін дүкені   (1 қабат, Интернет секторы)
  • 2-алаң: «Минотаврмен жүздесу»        (жертөле, кітап сақтау бөлімі)
  • 3-алаң: «Шеберлер қаласы»:
  1. «Қағаздан жасалған керемет» ең үздік жасалған туынды, оригами байқауы,
  2. «Сұлулық пен сәнділікке бастар жол» шеберлік класы – байламдар мен галстуктарды сәнді   байлаудың көрсетілімі,
  3. «Туған қала туралы этюд» суреттер байқауы,
  4. «Қыз сұлулығы бұрымында» шаш өрудің ерекше үлгілері, брейд-студия (1 қабат, каталог залы)
  • 4-алаң: «Қарағанды өнері туралы сауалнамалар»   (3 қабат)
  • 5- алаң: «Шығыс сиқыры» шай қайнату рәсімі (шай қайнату, дегустация жасау және «Ең үздік   дегустатор» байқауының жеңімпазын анықтау)   (2 қабат, конференц-зал)
  • 6-алаң: «Менің сүйікті қалам - Қарағанды» танымдық викторина туры (2 қабат, 12 кабинет)
  • 7–алаң: «Мобильді болашақ» QR-квесті. (2 қабат, 14 кабинет)
  • 8 алаң: «Бидегі ғасырлар тарихы» би алаңы(3 қабат).

22.00-23.30

  • Би кеші  (3 қабат, оқу залы)

23.30–24.00

  • Кітапхана түнінің аяқталуы: «Кітапқа - Салют». Қорытындылау. Барлық қатысушыларға сыйлық беріледі

Кітапхана түнінде ұйымдастырылатын шаралар:

  • «Оқуды ұсынамыз» әдеби кафе-бары. Барменнің қойған әдеби сұрақтарына дұрыс жауап берген қонақтарға салқындатылған сусын, кофе, шай ұсынылады. (1 қабат, қонақжай).
  • «Творчество и чудотворство»  клуб шеберлерінің HAND -MAKE сауда көрмесі.
  • «Е2 – Е4» клубы – 1қабат, 10 кабинет.
  • «Мені өзіңмен бірге ала кет» кітап шопингі;
  • «Әдеби түймедақ немесе үзінді қай кітаптан келтірілген» интеллектуалдық казиносы
  • Кітапханаға тегін жазылу.