Ақпараттық-библиографиялық бөлім кітапхана қорына жаңадан түскен құжаттар туралы ақпараттық тізім жасауды дәстүрге айналдырған.

Сіздердің назарларыңызға 2018 жылдың 1 тоқсанында білімнің барлық салалары бойынша түскен құжаттардың тізімі ұсынылып отыр.

Жаңа кітаптар – 2018 ж. (қаңтар-наурыз) Ақпараттық бюллетені:

Ақпараттық-библиографиялық бөлім кітапхана қорына жаңадан түскен құжаттар туралы ақпараттық тізім жасауды дәстүрге айналдырған.

Сіздердің назарларыңызға 2017 жылдың 3 тоқсанында білімнің барлық салалары бойынша түскен құжаттардың тізімі ұсынылып отыр.

Жаңа кітаптар – 2017 ж. (шілде - қыркүйек) Ақпараттық бюллетені:

Қорымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік толғаныстары" сериясымен түрлі сала бойынша жарық көрген бірнеше автордың әдебиеттерімен толықты. Бұл серия жазушы-журналисттердің шығармаларының арқауы қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік өркениетке қосылып, қоғам орнатудағы жеткен жетістіктері туралы. Белгілі тұлғалардың рухани қазынаға қосқан үлестері жайында.

Атап айтсақ, Көлбай Адырбектің "Тәуелсіздікке талпыныс", Айтбай Сәулетбектің "Қамшысөз", Көсемәлі Сәттібайдың "Менің елім", Марат Тоқашбаевтың "Жан дауыс", Рысбек Үркімбайдың "Елі үшін еміренгендер", Әлсейіт Оспанның "Сезім сәулесі", Серік Пірназардың "Парасат пен пайым" кітаптары.

Адырбек, К. Тәуелсіздікке талпыныс : публицистикалық мақалалар / К. Адырбек. – Алматы : Айғаным, 2016. – 380 б.

Белгілі журналист, қаламгер Көлбай Адырбектің бұл жинағына еліміздің тәуелсіздік алуына баспалдақ болған, XX ғасырдың соңғы репрессиясы – Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ азаматтары туралы ешбір боямасыз, егжей-тегжейлі нақты мәліметтер мен деректер енгізілген.

Толығырақ...

Жыл басынан бері оқу залдары бөлімінің қорына жаратылыстану, техника, медицина және экономика салаларына қатысты көптеген кітаптар легі келіп түсті. Ол еңбектер ғылыммен айналысамын деушілерге, жоғарғы оқу орын студенттеріне, жалпы оқырман қауымға арналған. Солардың бірқатарын сіздердің назарларыңызға ұсынамын:

 

Шілдебаев, Ж. Биологияға кіріспе: оқу құралы / Ж. Шілдебаев, А. Ермекбаева. – Астана : Фолиант, 2016. – 472 б.

Бұл оқу құралы "Жалпы биология", "Органикалық әлемнің алуантүрлілігі" және "Адам және оның денсаулығы" атты үлкен үш бөлімді қамтиды. Тақырыпты ашып айтқанда тірі организмдердің қалыптасуы мен қасиеттері, даму деңгейлері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, цитология негіздері, организмдердің көбеюі мен дамуы, генетика негіздері, органикалық дүниенің даму эволюциясы, адам және оның денсаулығы, экология және тұрақты даму мәселелері туралы білімді жаңа мемлекеттік білім стандартына сәйкес беру қарастырылған.

Бөрібай, Э. Радиациялық экология: оқу құралы / Э. Бөрібай. – Алматы : Экономика, 2015. – 184 б.

Кітапта радиоактивті заттар, радиобелсенділік туралы егжей-тегжейлі мәліметтер берілген. Радиоактивті заттардың ашылу тарихы, иондық сәулеленудің түрлері, шығатын көздері, биологиялық ағзаларға әсері ғылыми тұрғыда зерттеліп жазылған. Радиоактивті заттардың биосферадағы рөлі, маңызы мен қызметтері, табиғи радиациялық көздер, радионуклидтер туралы көптеген мәліметтер келтірілген.

Толығырақ...

Ақпараттық-библиографиялық бөлім кітапхана қорына жаңадан түскен құжаттар туралы ақпараттық тізім жасауды дәстүрге айналдырған.

Сіздердің назарларыңызға 2017 жылдың 2 тоқсанында білімнің барлық салалары бойынша түскен құжаттардың тізімі ұсынылып отыр.

Жаңа кітаптар – 2017 ж. (СƏУІР-МАУСЫМ) Ақпараттық бюллетені: