Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорын толықтырудың бір көзі - сыйға тартқан кітаптар болып табылады. Сыйлық болып кітапхананың қорын толықтыру  құралын құрайтын және оның қызметіне жауап беретін кез-келген ақпарат тасымалдағышындағы баспа басылымы немесе басқа бір пішіндегі құжат түрі табылады. Сыйға тарту –кітапханаға құжаттарды қайтарусыз (тегін) түрде жеке тұлғаның (бір топ адамның), мекеме немесе ұйымның белгілі талаптарға сәйкес мезгілді, ауық-ауық немесе бір рет берілуін қамтиды.  Кітапханаға кітаптарды авторлар, баспа үйлері, кітапханалар, жоғарғы оқу орындары, институттар, мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қорлар сыйға тартады.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітапхана қорына жасаған тартулары үшін Сыйлық ұсынушыларға үлкен алғыс білдіреді.

Құрметті оқырман!

Біздің кітапхана қоры 5 томдық "Кемел" атты керемет сыйлық басылыммен толықты. Кітаптың авторы - жазушы Мырзагелді Кемел. Әр томы оқырманды атауымен-ақ қызықтыратыны сөзсіз: "Ойтұмар", "Ойдана", "Ойсана", "Ойтаным", "Ой-дәптер".

 

Толығырақ...

Қайым Мұхамедханов: хаттар сөйлейді [Мәтін] = Каюм Мухамедханов: письма говорят / жауап. ред. А. Т. Смағұлова ; құраст. Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы қоғамдық қоры. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2016.

Мұхамедханов, Қ. Шығармалары [Текст]. 1 т. : Абай шығармаларының текстологиясы жайында / Қ. Мұхамедханов ; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. - 2-басылым. - Астана : Фолиант, 2014.

Мәсімханұлы, Д.  Азаттығым мен қазақтығым [Мәтін] : [елдік пайымдар, сыр-сұхбаттар, толғамдар] / Д. Мәсімханұлы. - Астана : Фолиант, 2014.

Мәсімханұлы, Д.  Қытай туралы қырық сөз [Мәтін] : ғылыми зерттеулер, очерктер, сұхбаттар / Д. Мәсімханұлы ; Тарихшылардың ұлттық конгресі кітапханасы. - Астана : Фолиант, 2014.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының топонимикалық картасы: тарихи негіздеме [Мәтін]: [ғылыми зерттеу] / Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Е. А. Бөкетов атын. Қарағанды мемлекеттік университеті, "Этномәдени зерттеулер" лабораториясы; құраст.: Т. Т. Аршабеков, М. С. Жакин, Ж. А. Жұмабеков. - Қарағанды : Гласир, 2009.

Жакин, М. С. Осакаров ауданының топонимикасы [Мәтін] : [ғылыми зерттеу] / М. С. Жакин. - Қарағанды : Гласир, 2015.

Жакин, М. С. Шет ауданының топонимикасы [Мәтін] : [ғылыми зерттеу] / М. С. Жакин. - Қарағанды : Гласир, 2013.

Ұлытаудың жыр бұлағы [Мәтін] / жинақ. ред. М. Машайықұлы. - Жезқазған : Полиграфия Ер Мұра, 2006.