Мобильді технологиялар – кітапханалық-ақпараттық саладағы соңғы инновациялардың бірі. Бұл термин біраз уақыттан бері қолданыста. Мобильді кітапханалар мен мобильді кешендер көптеген елдер жүзеге асырып келе жатқан қолданыстағы жобалардың бірі, Еуропа, АҚШ, Австралия, Африка және т.б. елдерде талай онжылдықтан бері қолданыста. Мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін өтеу. толығырақ

«Қырым – 2011»,   «Қырым – 2012» конференцияларының жыл сайынғы баяндамаларында Я.Л.Шрайберг «мобильді» термині заманауи библиобустар түсінігін білдіріп қана қоймай, мобильді телефония құралдары мен пайдаланушылар гаджеттері арқылы деректер базасы мен кітапханалық каталогтарға кіру мүмкіндігін де ұсынады» деген болатын. Бұл жаңа үлгілерді іздеуге кітапханаларды жылжытудың келесі деңгейі, кітапханалардың жаңа коммуникациялық технологиялармен өзара қарым-қатынасы. Яғни, мобильді гаджет иесі кез келген уақытта қалаған кітапханасымен байланыса алады, немесе – Интернеттегі кітапханалық-ақпараттық ресурстарға қолжеткізіп, қажет болған жағдайда мәтіндерді жүктеп, өз мақсаттарына қолдана алады.

Кітапхана QR-коды

Электрондық кітаптарды оқуға арналған форматтар

Кітаптарды fb2, txt, pdf, mobi, epub және басқа форматта тегін оқыңдар және жүктеп алыңдар.

  • Сондықтан да кітапханашылар міндетті түрде айналадағы ақпараттық-коммуникациялық ортада бағдарлана білулері тиіс. Өз клиенттерімен коммуникация әдісі ретінде мобильді құрылғыларды зерттеу керек. Кітапханалық «қосымшалармен» немесе веб-сайттармен және т.б. жұмыс істей білу қажет.
  • Төменде келтірілген ресурстар кітапханаларға өздерінің стратегиялық және тактикалық жоспарларын құруға көмектеседі:
  • Мобильді кітапханалар. Мобильді кітапханалық онлайндық қызметтер. (Под ред. Д. Нидхэм, Мохамед А., науч. ред. Шрайберг Я. Л. Перевод с англ.).
  • «МоБибл» жобасы. (Мобильді Кітапхана) дайындаған БП.И.Бартенов атындағы №3 кітапханалық-ақпараттық орталық (Липецк қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі).

Жобаның негізгі басымдықтары:

  1. Ақпараттық ресурстық базаны толтыру.
  2. Кітапхананың техникалық потенциалын кеңейту және жобаның ресурстық қамтамасыз етілуі (ұялы телефондарды сатып алу, қосылу);
  3. Ұялы операторды таңдау;
  4. Тұрғындарға ақпараттық қызметтердің жаңа түрлерін көрсетудің технологиялық дайындығы;
  5. Кітапхана оқырмандарын SMS-хабарламалар мен дауысты хабарламалар арқылы ақпараттандыру: «SMS-брондау» (керекті әдебиеттің тапсырысы); «БИ 2» қызметі – кітапханалық жеке ақпарат; «МоБи-справка» қызметі – қорлар, қызметтер, қаланың қоғамдық өмірі және т.б. туралы ақпарат; «ИнфоБибл» қызметі – кітаптарды уақытылы тапсыру туралы еске салу, көрсетілетін коммуникативті қызметтер туралы ақпарат (мәдени-ағартушылық шараларға, клуб, әуесқойлық кітапханалық бірлестіктерге, акцияларға қатысуға және т.б. шақыру);
  6. Ұялы операторлар арқылы SMS-хабарлама және дауысты хабарламалардың көмегімен мобильді телефон иелеріне қызметтер ұсыну;
  7. SMS-ақпараттандыру қызметтерін ұсыну және «Телеком» компаниясының – SMS-хабарламаларды көпшілік жіберу сервисін қолдана хабарландыру;

Кітапхана сайтындағы мобильді сервистер. Кітапхана сайтында мобильді сервистерді қолдану жобасын жүзеге асыруға кіріскен Д.И.Чижевский атындағы Кировоград ОӘҒК іс-тәжірибесінен. Кітапханалық wap-сайт құру сұрақтары және мобильді телефон немесе КПК көмегімен ақпараттық және библиографиялық деректер базасына қолжеткізуді қамтамасыз ету бойынша өз талдамаларын дайындау, ИРБИС жүйесінің негізінде WAP-OPAC жүзеге асыру сұрақтары қарастырылуда, wap-сайтта мазмұн (контент) жариялауға арналған онлайндық бағдарламалық шешу ұсынылады. WAP технологияларын қолдану мәдениет мекемелерінің имиджін жақсартуға және қызметтерді таратудың жаңа каналдарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Bluetooth, WAP, GPRS сияқты сымсыз байланыс хаттамалары мобильді телефондар арқылы жаһандық Интернет желісінің сервистік және ақпараттық ресурстарына қолжеткізуді мүмкін қылады.

WAP GPRS  Bluetooth
WAР деген не? GPRS деген не? Bluetootһ деген не?
WAР кіріспе GPRS байланыс Bluetootһ технологиясы
WAР технология GPRS технологиясы Bluetootһ байланыс
WAР технологиялары GPRS қосымша  
WAP-бет құру