Аманжолова Дина Базарбайқызы,
кітапхана директоры

1976 жылы 7 маусымда Қарағанды облысы, Осакаров ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағандының мәдени-ағарту училищесін "Кітапхана ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақстанның қаржы-экономикалық университетінің "Психология" мамандығын тәмамдады.

1994 жылы еңбек жолын Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапханашы қызметінен бастады. Қазіргі уақытта кітапхананың директоры болып қызмет атқарады.

Облыстық Мәдениет басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Телефон: 8(7212) 567655
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Шаймұханбетова Айнұр Сәкенқызы,
директор орынбасары

1985 жылғы 8 қаңтар күні Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы ҚарМУ магистратурасын мәдениеттану мамандығы бойынша бітірген. Мәдениеттану магистрі.

2010 жылдан мемлекеттік қызметте, 2016 жылға дейін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы қызметін атқарған. 2011 жылы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығының "Қазақстан Республикасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы" атты бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курсы бойынша білім алды.

2016 жылғы ақпан айынан – Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғылыми хатшысы.

2016 жылдың қарашасында директор орынбасары қызметіне тағайындалды.

 Тел.: 8 (7212)567276
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


 

Пак Валентина Иосифовна,
ғылыми хатшы

1951 жылы 11 мамырдаКөкшетауоблысындатуған. 1972 жылы Челябинскідегі Мемлекеттік мәдениет институтын "Кітапханашы-библиограф" мамандығыбойыншабітірген.

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1977 жылдан бастап жұмыс істейді. 2000 жылдан бастап кітапхана директорының орынбасары, 2016 жылдың қазан айынан бастап кітапхананың ғылыми хатшысы.

"Кітапхана", "Кітапханаәлемі" журналдарында, кітапханатану мен библиографияға байланысты ғылыми жинақтарда, облыстық газеттер демақалалары жарық көрген.

"Крым-2005", "Крым-2010", "Ыстық көл-2003", "SCIENCE ONLINE" (Тунис, 2007) халықаралықконференцияларына, "Сорос-Казахстан" және "Еуразия" қорларының Республикалық семинар-тренингтеріне қатысқан.

Марапаттары:

  • "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медаль,2011 жыл.
  • "Мамандығына адалдығы үшін" Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы, 2016 жыл.
  • ҚР Мәдениет Министрлігінің, Қарағанды облысы әкімінің және Қарағанды облысы Мәдениет басқармасының Құрмет Грамоталарымен және ҚР ҰАК "Кітапхана ісінің шебері" құрмет белгісімен.

Телефон: 8(7212) 56-76-55
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.