Өлкетану бөлімінің ең маңызды бағыттары, ол өлкетану кітап қорын жинау, өлкелік құжаттарды және жергілікті басылымдарды жүйелі анықтау, өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау және мәдени мұрасын өркендету, сирек кездесетін кітаптардың көшірмелерін түсіріп алу болып саналады.

Өлкетану жұмысы облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың басты бағыттарының бірі болып саналады. "Облыстық Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың өлкетану бөлімінің қызметі туралы ережесінде" жан-жақты қарастырылған.

Бөлім жұмысының негізінде «Облыстық кітапхана – өлкетану орталығы» бағдарламасы қойылған.

Басты бағыттар:

  • Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қызмет көрсету;
  • Интернет ресурстарымен жұмыс;
  • өлкетанулық деректер базасын қалыптастыруды корпоративтік қызметті енгізу;
  • өлкетану бойынша инновациалық-әдістемелік қызметін дамыту;
  • өлкетанулық CD-ROM қорын құру.
  • "Сарыарқа" электрондық кітапханасы жұмысы және соның негізінде өлкетану қорын сақтандыруды ұйымдастыру
  • ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының Мемлекеттік электронды кітапханасымен жұмысты жалғастыру (http://www.kazneb.kz)

Ақпараттық ресурстар:

  • Қарағанды облысының туралы өлкетану әдебиеттер қоры;
  • ақын және жазушылардың қолтаңбалары бар кітаптар жиынтығы;
  • мультимедиалық басылымдар "Өлкетану CD-де"
  • облыстық, қалалық және аудандық газеттер мен журналдардың 30-ға жуық атаулары;
  • электронды өлкетану каталогы
  • өлкетану (карточкалық) картотекасы 54 мың. жазбалар;
  • Толықмәтінді ДБ "Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер";
  • өлкетанулық библиографиялық көрсеткіштер қазақ және орыс тілдерінде (2016жылға 13000 құжат).

Бөлім басшысы: Сандуғаш Орынбайқызы Телпекбаева

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бөлiм тарихы 

Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009

1959 жылы КСРО Мәдениет министрлігі «Облыстық, өлкелік, республикалық (АКСР) кітапханалардағы өлкетану жұмысы туралы Ережені» қолдануға енгізуді ұсынды. Осы Ережеге сәйкес облыс көлеміндегі барлық типтегі және ведомстводағы кітапханалар үшін облыстық кітапханалар өлкетану орталығы болу керек. Осы құжат кітапханадағы өлкетану жұмысының маңыздылығын тағы да нақтылай түсті.

Өлкетану жұмысы қашанда облыстық ғылыми-әмбебап кітапханалар жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Кітапханадағы өлкетану жұмысының статусы кітапхананың 1996 жылы белгіленген міндетінде анықталған, онда кітапхананың басты қызмет аясы – өлкенің мәдени құндылығына баулу, Жарғы және «Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхананың өлкетану жұмысы туралы Ережесі» бойынша кітапхана өлкетану әдебиетінің депозитарийі екендігі анықталаған. Бірақ облыстық кітапхананың жұмыс аясы депозитарийлық жұмыспен  шектелмейді, ол әлде-қайда ауқымды, ең алдымен - өлкетану ақпараттық ресурсын құру және өлкетану ақпаратын тарату.

Өлкетану әдебиеттерімен жұмыс жасау кітапханалық жұмыс процесінің барлық түрлерімен байланысты – кітап қорын толықтырудан бастап ақпараттық қызмет көрсетуге дейін. Қызмет көрсететін бөлімдер өлкетану бөлімін дәріптеумен шұғылданады, анықтамалық-библиографиялық бөлім каталогтар мен картотекаларды ұйымдастыру және әдістемелік әрі баспагерлік жұмыстарды жүргізді.

Өлкетану жұмысын  тереңірек, үйлестіре жүргізу мақсатында кітапхана директоры Ю.С.Князева 1980 жылы өлкетану секторын құруды шешті. Оның міндеті өлкетану туралы ақпараттық материалдарды жинау, сақтау және тарату. Секторды құруда алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілді: директордың орынбасары Я.А.Безродная Киров қаласындағы Герцен атындағы облыстық ғылыми кітапханасының тәжірибесімен танысуға іс-сапарға жіберілді. Әкелген материалдар сектордың қалыптасуына үлкен көмек болды. Сектор жұмысы алғашқы жылдарда-ақ кітапханада мұндай бөлімшенің ашылғанының дұрыс екенін көрсетті. Бар тәжірибені пайдалана отырып сектор қызметкерлері өлкетану жұмысының аясын кеңейте түсті, әсіресе өлкетану ілімін түсіндіріп таратуда. Сектор қаладағы өлкетанушыларды топтастырды. «Өлкетану бейсенбілігінің» отырысы үнемі өткізіліп тұрды. Белгілі жазушылар мен ақындар, ғалымдар, журналистер мен әуесқой-өлкетанушылар секторда жиі-жиі болып тұрды. Өлкетану қорын құру жұмысы айтарлықтай мақсатты түрде жүргізілді, сектор қызметкерлері өлкетану әдебиеттерін анықтап табу мақсатында оқырмандарға қызмет көрсететін бөлімдер мен кітап сақтау бөлімінің қорларын қарап шықты. Қазақстан КП Қарағанды обкомының баспасөз секторының келісімімен өлкетану секторы қалалық, аудандық және көп тиражды газеттердің міндетті даналарын тегін алып тұрды.

Кітапхана «Қарағанды облысы» өлкетану каталогын құруға белсене кірісті, оның ішінде өлкетану әдебиеттері туралы құрама алфавиттік каталог. Алфавиттік каталог Ведомствоаралық Кеңестің шешіміне сәйкес белгілі номерлермен (сигла) тіркелген қаладағы барлық ірі кітапханаларға басылған тізім түрінде жіберіліп тұрады. Әрбір кітапхана өздерінің кітап қорында бар, бірақ тізімде көрсетілмеген кітаптарды тізімге енгізеді. Осы тізімнің негізінде қаладағы ірі кітапханалардың құрама алфавиттік каталогы жасалды. Қаладағы ірі кітапханаларға өлкетану туралы жаңадан түскен тізімдер тоқсан сайын жіберіліп тұрады және қайтадан түскен мағлұмат бойынша құрама каталог толықтырылады.

90-шы жылдардың ортасында өлкетану қорын толықтыру және мерзімді басылымдар түсуі іс жүзінде тоқтады, осыған орай ағымдағы библиографиялық жүйе бұзылды, өлкетану каталогы толықтырылмады.  Жағдай тек 1998 жылдың басында жақсара түсті. Бұл ең әуелі жаңа ақпараттық технологияны енгізумен, сонымен қатар бағдарламалық және жобалық жұмыстардың басталуымен байланысты.

1997 жылы өлкетану туралы ақпараттың ролін ескеріп оны жинау және тарату, ақпараттық ресурс жасау жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін кітапхана мамандары «Облыстық кітапхана – аймақтық өлкетану орталығы» бағдарламасын жасады. Бағдарламаның басты мақсаты жаңа ақпараттық технологияға байланысты өлкетану жұмысының мән-мағынасын анықтау. Бағдарлама аясында негізгі мақсатқа сай мынандай жұмыстарға баса мән берілді:

  • өлкетану жұмысын ресурстық қамтамасыз ету;
  • жаңа технологияның енгізілуі негізінде ақпараттық қамтамасыз ету;
  • өлкетану туралы инновациялық-әдістемелік және баспа жұмыстары.

Бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде 1997-2001 жылдары бөлім біраз мәселелерді шешті:

  1. Өлкетану жұмысын жетілдіру үшін жаңа технологияны енгізді («Өлкетану» электронды ДБ жасалды, 2016 ж. 1-ші қаңтарына 62000 библиографиялық жазба болды, өлкетану материалдары «Облыстық кітапхана – аймақтық өлкетану орталығы» бағдарламасында жеке тарау болып кітапхана Веб-сайтына берілді.)
  2. Баспалық жұмыс жетілдірілді (кітапхана оқырмандарына дәстүрлі және электронды түрде ұсынылатын «Әдеби Қарағанды», «Өлке фольклоры», «Өлке топонимдері», «Кіші отанның білгірлері», т.б. тақырыптарда құнды библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар даярланды).
  3. Өлкетану туралы әдістемелік жұмыстар (облыстағы ОКЖ үшін өлкетану жұмысын одан әрі дамыту туралы семинарлар өткізіліп, практикалық жұмыстар жүргізілді, елді мекендердің жылнамаларын жасау туралы кеңестер мен ұсыныстар жасалды, «ОҒӘК өлкетану ресурстары - жастарға» сериясы бойынша әдістемелік құралдар жасалды.)

Кітапхана өлкетану әдебиетінің депозитарийі ретінде керекті ақпараттарды жинаумен шұғылданады. Оларды жергілікті мерзімді басылымдардан, мемлекеттік мұрағат, тарихи-өлкетану мұражайы, қоғамдық мұражайлар, мысалы: академик Е.А.Бөкетовтың мемориалды мұражайы, облыстағы ЖОО редакциялық баспа бөлімдерімен, облыстық статистика басқармасымен серіктестік деңгейдегі қарым-қатынастар арқылы жинайды. «Болашақ» университеті және «Қарағанды полиграфиясы» жергілікті басылымының міндетті данасын беріп тұрулары үшін келісім жасалды. Кітапханаға түсетін өлкетану әдебиеттерінің үлкен бөлігі  - жергілікті ақындар мен жазушылардың, кітапхана қонақтарының, ғылыми және зерттеу жұмыстары авторларының сыйға тартқан кітаптарынан тұрады.

Кейінгі жылдары бөлімнің қоры аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында шығарылған Қарағанды облысының тарихы мен мәдениеті туралы құнды басылымдармен толықты.

Бағдарламаның жүйелі түрде уақтылы жүргізілуі кітапхананың өлкетану туралы ақпараттық орталық ретіндегі имиджін көтерді. Өлкетану қызметі облыс көлемінде өткізілетін барлық әлеуметтік-мәдени іс-шараларға: Қарағанды облысының әкімдігі құжаттар және мұрағат Бөлімі ұйымдастырған саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу Күніне арналған дөңгелек үстелге, республикалық фестивальдар мен конференцияларға қатысады.

2002 жылдан бастап бөлім «Облыстық кітапхана – аймақтық өлкетану орталығы» 2002-2006 ж.ж. бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруды бастады. Екінші кезеңнің шешуші сәттері – жаңа ақпараттық технология негізінде қызмет көрсету, интернет ресурстарымен жұмыс, өлкетану деректер базасын құру, корпоративті жұмыс істеу, өлкетану туралы инновациялық-әдістемелік жұмыс, CD-ROM-да сақтандырылған өлкетану қорын құру.

Бағдарламада көрсетілген міндеттерге сай бөлім 2002 жылдан бастап «Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер» толықмәтінді электронды Деректер Базасын жасауға кірісті. «Құжаттар мұрасын цифрлау және сақтау Лабораториясын құру» жобасы қолдау тапқан уақыттан бастап өлкетану құжаттарын цифрлау жұмысы қарқынды жүргізіледі. Жыл сайын 1750-нан астам өлкетану мазмұнындағы құжаттар цифрланды. Барлық толықмәтінді база электронды каталогта көрсетіледі және кез-келген оқырманның компьютерден оқуына, қағазға басып алуына, немесе электронды тасушыға жазып алуына болады.  Бүгінгі күнде ЭДБ-да 13000 жуық pdf форматта құжаттар бар. «Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер» ЭДБ-ның негізінде кітапхана веб-сайтына «Сарыарқа» электронды кітапханасы берілді, оның тұсау кесері 2005 жылы Петропавл қаласында «Қазақстанның кітапхана астанасында» өткізілді.

Өлкетану ресурстары ғаламторда, яғни өлкетану ресурстары кітапхана сайтында. www.library.karaganda.kz  веб-сайтындағы «Облыстық кітапхана – аймақтық өлкетану орталығында» өлкетану ақпараты жеке бөлім болып берілген, онда өлкетану туралы ақпараттық мәліметтер ресурстары,   «қарағанды облысы туралы не оқу керек» тақырыптық тізім, өлкетану туралы библиографиялық көрсеткіштер тізімі, «Өлкетану» клубының жұмысы туралы материалдар берілген. Бұл материалдар үнемі жаңартылып тұрады. Өлкетану туралы ақпараттық материалдар сайтта кітапхананың өлкетану орталығы ретіндегі мақсаты мен міндеттеріне сай орналастырылады. Статистика мәліметі бойынша қашықтан қатынайтындар әсіресе өлкетану ресурсына көп шығады, соңғы үш жылдағы динамика осыны көрсетеді. Орталық Қазақстан туралы өлкетану білімін кеңейту үшін кітапхана 2002 жылы IATP ұйымдастырған Интернеттегі конкурсқа қатысты, нәтижесінде өлкетану сайтын құруға Грант жеңіп алды. Қашықтан қатынайтындар үшін ақпараттық материалдар 2003 жылы наурызда қазақ және орыс тілдерінде интернетте «Сарыарқа: on-line» www.saryarka.freenet.kz веб-сайтында жүйелендірілген. Ақпарат библиографиялық және фактографиялық ақпараттармен қатар үнемі толықтырылып тұрады, «Қарағандының құрметті азаматтары» анықтамалығы берілді. 2005 жылы өлкетану бөлімі облыстың мәдени өмірі туралы материалдарды www.adebiet.freenet.kz  адресі бойынша интернетке шығарды. Сайт материалдары бірнеше бөлімдерге жүйеленді: облыстың әдеби өмірі, айтыстар, ақындар, жазушылар мен ақындар, әдеби бірлестіктер.

Интернет технологиясының пайда болуына байланысты өлкетану деректер базасын корпоративті құрудың мүмкіндігі туды. Кітапхана 2002 жылдан бастап қазақстандық Корпоративті Каталогтау Орталығының мүшесі. Орталық мақсаты: Қазақстан туралы құрама электронды деректер Банкін құру. ҚККО-на ең алдымен өлкетану туралы библиографиялық жазбалар жіберілді:  2003-2007 жылдары 10 мыңнан астам жазбалар жіберілді.

2007 жылдан бастап кітапхана ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының Мемлекеттік электронды кітапхана қорын (ҚазҰЭК) құру жобасына қосылды. Қарағанды облысы туралы цифрланған сирек және құнды кітаптар нұсқасы, оның ішінде тарихи-өлкетану мұражайы қорынан алынған кітаптар ҚРҰАК-на жіберілді және ғаламторды пайдаланушылар ҚазҰЭК веб-порталына қатынауларына болады. Осы уақыт аралығында ҚазҰЭК-на 100 цифрланған кітап нұсқасы жіберілді.

Жаңа ақпараттық технологияны енгізу өлкетанушыларға «Қарағанды облысы туралы әдебиеттер» ДБ барынша толық құруға мүмкіндік берді. «Өлкетану – шекарасыз» - бұл бөлімнің жаңа жобасы облыстағы ОКЖ-де ақпараттық өлкетану ресурстарын құру туралы жұмысты үйлестіре және бірлесіп жүргізуге бағытталған. Жобаның түпкі мақсаты құрама өлкетану каталогын құру. Жобаны жүзеге асыруға  арналған нұсқаулық құжаттар жасалды: «Қарағанды облысы туралы әдебиеттер» құрама каталог Ережесі, АЖО (АРМ) «Каталогизаторға» библиографиялық жазбаларды  импорт-экспорт жасау нұсқаулығы, Қарағанды облысы бойынша аймақтық тұрпатты бөлу, Электронды ДБ көрсететін материалдарды  іріктеу принципі, ОҒӘК және қалалық, аудандық ОКЖ арасында аймақтық тұрғыдағы мақала материалдарды бөлісіп библиографиялық жазу туралы келісім-шарт жасалды. Экспорттау-импорттау туралы бірнеше практикалық сабақтар өткізілді. Жобамен жұмыс жасау туралы библиографтарға арнап консультация-кеңес ұйымдастырылды. 2007-2008 жылдары кәсіби шеберлік мектебінің библиографтар секциясында «Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру» сабағы өткізілді. Осы жылдары «Өлкетану» ЭК 354 жазба импортталды, барлығы 2976 жазба экспортталды.

2008 жылдың бірінші жарты жылдығында ИРБИС-тің енгізілуіне байланысты жоба екінші жарты жылдықта уақытша тоқтады.

Соңғы жылдары өлкетану бөлімі құжаттар мұрасын цифрлау және сақтау Лабораториясымен бірігіп өлкетану туралы сақтандырылған қор құруды бастады. Бөлім қызметкері Г.Н.Үмбединова облыстың 70 жылдығына арналған «Қарағанды облысының шежіресі», қаланың 70 жылдығына қазақ және орыс тілдерінде «Қарағанды менің сүйікті қалам» және «Өлкетану көрсеткіштері CD-де» компакт-дискілерін жасауда үлкен еңбек етті.

Жаңа ақпараттық технологияны енгізіп, оны жүзеге асырумен қатар бөлім өлкенің тарихын, мәдениетін, әдебиетін насихаттауға көп көңіл бөлді. Бөлімнің жанында «Өлкетану» клубы жұмыс істейді. Жыл сайын әртүрлі тақырыптарға әдеби кештер, кездесулер, конференциялар, презентация, дөңгелек үстелдер өткізіледі: қалалар мен аудандар тарихы, қарағандылық ақын-жазушылардың шығармашылық өмірі, Қарағанды көмір бассейнінің тарихы, саяси қуғын-сүргін, Карлаг, өлке экологиясы, т.б. Осы жылдары көптеген ақын-жазушылар, ғалымдар кітапхананың қонақтары болды: Ж.Бектұров, Ә.Әзиев, Е.Ибраһим, М.Бродский, М.Балыкин, А.Салехов, Л.Лунина, С.Ақсұңқарұлы, т.б.,  ғалымдар Е.Бөкетов, Ж.Әбішев, Б.Қасенов, Д.Шаймұханов, Л.Думлер, М.Ермеков, Ф.Базанова, Т.Савченко, т.б. Өлкетану бөлімінде облыстың тарихын білетін, оны зерттейтін нағыз өлкетанушыларды  Л.Ф.Семенов, Ю.Г.Попов, В.И.Новиков, Б.Әубәкіров т.б. топтастыру кітапханашылардың еңбегі.

Өлкетану бөлімінің алғашқы меңгерушісі Р.И.Тлегенова қарағандылық ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттаумен белсене шұғылданды. 80-шы жылдары жазушылар Ж.Бектұров, Е.Ибраһим, Ә.Әзиев, М.Балыкиндер, облыстық театрлардың актерлері жиі-жиі сектордың қонақтары болып тұрды. Қазақстан компартиясының және БЛКЖО съезінің делегаттары оқырмандармен кездесуге шақырылды. Мысалы, жас шахтер, «Киров» шахтасының комсомолдық жастар бригадасының бригадирі (қазір белгілі қоғам қайраткері, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты) М.Б.Тінікеев кітапханада оқырмандармен кездесуге келді.   

Біраз уақыт сектордың меңгерушілері болып Р.А.Хаирова, Л.А.Васильева, К.И.Мұстапаевалар істеді. 1988-2005 ж.ж. секторды, содан кейін бөлімді Галина Петровна Долженко басқарды, ол кітапханаға 1976 жылы келген.

Осы жылдары Галина Петровна кітапханалық өлкетану жұмысына кәсіби тұрғыдан қарап, ерекше көңіл бөлді. Оның бастамасымен Бұхаржырау, Тельман, Қарқаралы ОКЖ-де өлкетану туралы озық тәжірибе мектептері ұйымдастырылып, жұмыс жасады. Көптеген жылдар бойы облыс кітапханаларында іс-сапармен болып, оларға әдістемелік, практикалық көмектер көрсетті. Өлкетану қорын ұйымдастыру, картотека жасау, өлке туралы әдебиеттерді насихаттауға байланысты кеңестер берді. Галина Петровнаның тікелей қатысуымен облыс кітапханалары «өлке жылнамасын» құруды бастады. Ол қарағанды облысының тарихын жақсы біледі және оны насихаттауда үлкен үлес қосады. Оның облыстық газеттерде жарияланған материалдары қашанда оқырмандардың қызығушылығын тудырады. Қарқаралы қаласының 150 жылдығына байланысты «Индустриальная Караганда» газетінде жарияланған материалын Қарқаралы ауданының әкімі атап өтті. Галина Петровна бөлім жанынан «Өлкетану» клубын ашты. Клуб жұмысына облыстық мұражай, әдеби бірлестіктер, облыстық мұрағат, тарихшылар мен әдебиетшілер, тіл мамандары қатысады. Ол «Өлке топонимдері», «Әдеби Қарағанды», «Өлке фольклоры» ауқымды библиографиялық материалдар даярлады және алғаш рет осы тақырыптағы материалдарды жүйеге келтірді. «Әдеби Қарағанды» көрсеткіші оқырмандардың, кітапханашылар мен оқытушылардың, мұражай қызметкерлерінің қызығушылығын тудырды. Теміртау, Павлодар өлкетанушылары бұл көрсеткіштен өздерінің зерттеу жұмысына керекті материалдарын тапты.

1997-2001 ж.ж. өлкетану жұмысындағы кітапхананың негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын «Облыстық кітапхана – аймақтық өлкетану орталығы» бағдарламаның негізгі авторы Галина Петровна. Оның еңбегінің арқасында өлкетану бөлімі ниеттес өлкетанушылар мен  журналистердің кездесетін орнына айналды. Ол қазіргі кезде Санкт-Петербургте тұратын өлкетанушы Ю.Г.Поповпен үнемі байланыс жасап тұрады. «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясын дайындаған журналист авторлар А.Ж.Жанғожин, Е.Б.Кузнецова бөлімнің тұрақты қонақтары.

Галина Петровна барлық облыстық семинарлар мен конференцияларға қатысып пікір бөлісіп, көптеген кітапханалық іс-шаралардың ұйымдастырушысы бола білді. Оның әрбір сөздері, кеңестері әрқашанда мазмұнды, тартымды болып, ұжымда беделді бола білді. Оның еңбегі бағаланып, Қарағанды қаласының 70 жылдығына орай жасаған ағартушылық жұмысы үшін қала әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Қазіргі уақытта бөлімді – еңбексүйгіш, тату ұжымды Телпекбаева Сандуғаш Орынбайқызы басқарады. Ол қазақ жазушылары мен ақындарының, Қарғанды облысы қаламгерлерінің шығармаларын дәріптеуде айтулы еңбек етуде. Бөлімдегі төрт маман сақтандырылған өлкетану қорын ұйымдастыруға, «Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер»толықмәтінді ДБ-ның қорын құруға жауапты. Барлығы 13000 жуық құжат және 153 кітап цифрланды (2015 ж.).