Пайдаланушыларға кітапханадан әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік беретін бірден-бір бөлім – Абонемент бөлімі. Бөлімнің қоры қазақ және орыс тілдерінде әмбебап оқулықтармен  ғылыми-көпшілік әдебиеттерден көркем әдебиеттерге дейінгі ғылымның әр саласын қамтиды.

Бөлім мамандары Қарағандылық ақын-жазушылармен шығармашылық кездесулер өткізеді, айтулы күндерге, мерейтойларға арнап кітап көрмелерін ұйымдастырып, әдеби кештер өткізеді, жаңа кітаптар презентациялары ұйымдастырылады. Әсіресе оқырмандар есінде қалғаны – Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне арналған кітап жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкені Абонемент бөлімі ұйымдастырып өткізді.

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі - бұл 2000 аса анықтамалық және библиографиялық басылымдардан құралған құнды құжаттар қоры бар кітапхананың анықтамалық және кеңес  беретін орталығы.

Оның ішінде:

  • Кітаптар
  • Энциклопедиялар
  • Сөздіктер
  • Анықтамалар
  • Атластар
  • Статистикалық жинақтар
  • Әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштері
  • Белгілі, есте сақтайтын күндер тізбесі
  • "ҚР Заңнамасы " электронды ДБ
  • "Параграф" ақпараттық жүйесі
  • РФ барлық заңнамалары электрондық түрде
  • Мақалалардың электронды картотекасы қазақ және орыс тілдерінде

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2001 жылдан бері  Ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Сектордың негізгі міндеттері:

  • Интернет желісі ресурстарын еркін пайдалануға мүмкіндік береді;
  • Қажет ақпараттарды іздеуге және оны сақтауға көмектеседі;
  • Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету мақсатында, олардың сұраныстарын зерттейді.

Интернет ресурстарын зерттеу жұмысын (электрондық кітапханалар, қазақстандық және шетелдік мерзімді басылымдарының толық мәтіні), толық мәтінді құжаттармен қыстырылған библиографиялық деректерден тұратын «Онлайн-коллекция» ДБ (деректер базасын) құруды жүзеге асырады.

Бөлім қызметінің негізгі басымдылығы – кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру, кітапхананың компьютерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бөлім қызметінің ең маңызды аспектісі – компьютерлерді жетілдіру, физикалық және моральдық тозығы жеткен компьютер жабдықтарын алмастыру, қолданыстағыларын жөндеу. Қазіргі заманғы программалар жасақтамаларын орнату.

  1. Кітапхананың жергілікті компьютерлік желісіне техникалық қолдау көрсету.
  2. Интернетке және электронды поштаға қол жеткізуді ұйымдастыру.
  3. Кітапхананың электронды каталогын пайдалану және қолдау көрсету үшін ақпараттық инфрақұрылым жасау. Негізгі форматтарды жергіліктендіру.
  4. Кітапхана сайтына, блогына технологиялық қолдау көрсету. Кітапхананың электрондық қызметтерін жетілдіру.
  5. Онлайн-каталогтың web-интерфейсін сүйемелдеу.
  6. Кітапханалық процесінде интернет-технологияны пайдалану. Бейнеконференцбайланыс режімінде шаралар өткізу.

Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы кітапхана оқырмандарының сұранысын қамтамасыз ететін кітапхананың жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Филиалдың қоры қазақ және орыс тілдерінде әмбебап оқулықтардан, көркем әдебиеттерге дейінгі ғылымның әр саласын қамтиды. Филиалда оқу залы, балалар бөлімі және абонемент бөлімі қызмет атқарады.

Филиал мамандары айтулы күндерге, мерейтойларға арнап кітап көрмелері мен көпшілік іс-шаралар  ұйымдастырады. № 27, 57,15,16 т.б. мектеп кітапханашыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Жазғы демалыс уақытында, оқушылардың жазғы демалыс лагерінде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Филиал басшысы : Багзибекова Айнагүл Хамитовна

Тел. 8(7212)77-27-76