Қарағанды облысы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды звеносы саналады. Қарағанды облысының тұрғындары 1 362 243 адамды құрайды, оның ішінде 294 344 000 адам ауыл тұрғындары.
Қазіргі уақыттағы облыстағы агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы өндірістің сатылы өсуімен, ауылдағы қаржы қызметтері нарығының дамуымен, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартумен сипатталады.
Өсімдік өсіру саласында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған басымды ауылшаруашылық дақылдарының егін егу алаңдарын кеңейтуде атқарылатын жұмыстар жалғасып келеді.
Облыстағы мал шаруашылығы экономиканың аграрлық секторының негізгі саласының бірі болып табылады. Мал шаруашылығында тұқымдық база даму үстінде. Облыста 40-тан астам тұқымдық мал шаруашылығы, оның ішінде тұқымдық заводтар, тұқымдық шаруашылық қалыптасқан. Мал шаруашылығын дамыту соңғы жылдары құлдилауға ұшыраған салалардың бірі – мал азығы өндірісінің қайтадан қалпына келтірілуіне тікелей байланысты. Облыстағы мал азығы өндірісін дамыту аясында көпжылдық шөптерді егуді жаңарту жоспарланды.
Қайта өңдеу саласында 200-ден астам ірі, орта және шағын кәсіпкерлік жұмыс істеуде: оның ішінде сүт өңдеу бойынша – 8, ет өңдеу бойынша – 13, Астық өңдеу бойынша – 25, нан мен нан өнімдерін шығару бойынша – 165, макарон өнімдерін шығару бойынша – 4, балмұздақ шығару бойынша – 5 және т.б.
Облыста жергілікті орындаушы органдардың ветеринарлық қызметі құрылған, малды теңестіру мен деректердің бірыңғай базасын жүргізуге назар аударылып келеді. Соңғы жылдары астық пен өсімдік шаруашылығының басқа өнімдерін өндіруде ғылымның рөлі айтарлықтай арта түсті. Облыста «Секе» жаздық бидай жаңа сорты өндіріске енгізілді. Басқа ауылшаруашылығы мәдениеті бойынша сұрыптау жұмыстары жүргізілуде, картоптың алғашқы тұқым шаруашылығы ретке келтірілуде.
Индустриаландыру бағдарламасы аясында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда:
- "Майқұдық құс фабрикасы" ЖШС. Бұқаржырау ауданы құс фабрикасының өндірістік кешенін қайта қалпына келтіру.
- «Green Technology» ЖШС. Көлемі 3 га. болатын жылыжай кешенінің құрылысы.
- «Қарағанды ұнкомбинаты» ЖШС. Құс фабрикасын дамыту және жетілдіру.
- «К.Марксатындағы құс фабрикасы» ЖШС. Бұқаржырау ауданының диірмен кешенін кеңейту және жетілдіру.
- «Арай kz» ЖШС. Ет өңдеу кешенінің құрылысы.
- «Здоровые азық-түліктер». Құс фабрикасының құрылысы.
- «Capital Projects Ltd» ЖШС. Құс етінің қуаттылығы 9400 тоннаға дейінгі бройлерлік құс фабрикасын құру. Жезқазғанда.
- «Астро-Агро» ЖШС. 2600 ірі қара мал басына дейінгі мал бордақылайтын алаңды және 1 180 «Ангус» аналық бас тұқымына дейінгі шаруашылық-репродуктор құрылысы. Абай ауданы.
- «Номад фирмасы» ЖШС. Қарағанды қаласында астықты терең өңдеу өнімдерін шығару.
- "Ақнар" ЖШС. Шошқа кешені. Бұқаржырау ауданы.
- "ДАРН и Н» шаруа қожалығы. Ірі қара малдың мал бордақылау алаңының құрылысы. Шет ауданы.
- «Шұғыла» ЖШС. Қуаттылығы тәулігіне 2 тоннаға дейінгі сүтті өндіретін сүт цехы. Бұқаржырау ауданы.
- «Шанс» шаруа қожалығы. Ат фермасының құрылысы.
- «Топартеплицалары». Абай ауданы.
- «Ескене» шаруа қожалығы. Мал бордақылау алаңының құрылысы. Жаңаарқа ауданы.
- «Марат» шаруа қожалығы. Мал бордақылау алаңының құрылысы. Бұқаржырау ауданы.
Толығырақ Қарағанды облысының агроөндіріс кешенін дамыту бойынша ақпаратты қараңыз.
2011 – 2015 жж. арналған Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының стратегиялық жоспары.
Облыстағы агроөндіріс кешенін дамытудағы болып жатқан өзгерістер кітапханалардың ақпараттық функциясына жаңаша қарауды талап етеді. Есептер талдауынан кітапханалардың әлі күнге дейін агроөндіріс кешеніне көмекке ең кем қамтамасыз етілген ақпараттық ресурс болып табылатынын байқадық. Ауылшаруашылығы тақырыбындағы құжаттар орташа алғанда облыстағы кітапханалар қорының жалпы көлемінен 3,5 %-ға жуығын құрайды, бұл аймақ экономикасының ауылшаруашылық мамандануын ескергенде жеткіліксіз. Аграрлық тақырыптағы кәсіби мерзімді басылымдар кітапханаларда жоқтың қасы. Кітапханалар заманауи технологияларды, жұмыстың дәстүрлі түрлерін қолдана аграрлық секторда жұмыспен қамтылған пайдаланушыларға жедел ақпараттық қызмет көрсету жүйесін құра алады. Агроөндіріс кешенінде жұмыс істейтіндерге қызмет көрсетуге баса назар аударылсын.
Аграрлық секторға қатысты ұйымдар мен осы салада еңбек ететін адамдарды анықтауды ұсынамыз. Берілген ауылшаруашылығы инфрақұрылымдарының берілімдері негізінде экономикалық саланың электронды картотекасын құрыңыздар.
Маркетингтік зерттеулерді пайдалана ақпараттық қажеттілікті зерттеңіздер. Агроөндіріс кешенін ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін аудан, ауылшаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен, ветеринарлық қызмет өкілдерімен, фермерлермен, агроөндіріс кешені мамандарын: агроном, ветеринарлық дәрігерлер мен зоотехниктер, сүт өңдеу бойынша технологтар, механиктер мен жұмыскер мамандықтарын және т.б. дайындайтын колледж, техникум оқытушыларымен Келісім-шарт бекітуді ұсынамыз. Деректер базасын құрыңыздар: аты-жөндері, байланыс телефондары, электронды мекен-жай енгізілсін, бұл электронды пошта арқылы ақпараттық сұранысты орындаудың жеделдігін қамтамасыз етеді. Агроөндіріс кешенінің қызметкерлеріне ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету Келісім-шарт құралы болып саналады.
Агроөндіріс кешені өкілдерінің қызығушылығын ескере 2012 ж. 14-желтоқсандағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Елбасы Жолдауындағы қарастырылған «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны», (Жол картасы – 2020) негізгі бағыттарына назар аудару маңызды. Қазақстан Республикасында АӨК дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасы. Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру Қарағанды облысының ауылшаруашылығы Басқармасының «2011-2015 жж. арналған стратегиялық жоспарын» міндетті түрде ескергендеріңіз жөн.
Кітапхана қорын ақпараттандыруды арттырудың міндетті түрдегі шарты – оның мазмұнын аналитикалық ашу тәсілдерін қолдану, әр түрлі тақырыптық папкалар мен картотекаларды жүргізу, оның ішінде фактографиялық; әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін құрастырып, өзекті тақырыптар бойынша шолулар жүргізу. Жоғары сұраныстағы тақырыптарды «Егін шаруашылығы және өсімдік шаруашылығындағы жаңалар», «Мал шаруашылығындағы жаңалар» картотекасында жүргізуді ұсынамыз.
Кітапхана сайтында «АӨК көмекке» бетін құрастыру мамандарға ақпараттық қызмет көрсетуде перспективті бағыттардың бірі саналады. Сіздер мамандарды келесі бөлімдер бойынша белсенді түрде ақпараттандыра аласыздар.
Заңнама. Нормативтік-құқықтық база. Жаңа кітаптар. Мерзімді басылымдар. Кітапхана басылымдары. Электронды басылымдар. Интернет ресурстар.
Қазіргі заманғы Интернет АӨК көмекке көптеген бағыттар мен өзекті тақырыптарды ұсынады. Сіздер осы орайда әр түрлі ақпараттық қызметтерді ұсына аласыздар:
- 1. АӨК мамандарын сауалдама негізінде сұраныстағы тақырыптар бойынша мекен-жайлық ақпараттандыру.
- 2. Интернет ресурстарын, ҚР мен ТМД елдерінің электронды каталогтарын қолдана күрделі тақырыптық сұраныстарды орындау.
- 3. Электронды пошта арқылы ақпараттық сұраныстарды жедел орындау.
- 4. Мамандарға он-лайн режімінде қызмет көрсету (виртуалды анықтама, құжаттарды электронды жеткізу).
- 5. Ауылшаруашылығы мамандарының сұраныстары бойынша Интернет-жіберулерді ұсыну.
- 6. АӨК мәселелері бойынша «Заң», «Параграф», е-gov.kz арқылы құқықтық және заңнамалық құжаттарды іздеу.
- 7. АӨК қызметкерлерінің сұраныстағы тақырыптары бойынша ақпараттық-библиографиялық тізімдер, дайджестер дайындау.
- 8. Мамандар Күнін, Ақпарат Күнін жүргізу, оларды маңызды тақырыптар бойынша мультимедиялық тұсаукесерлермен сүйемелдеу (мамандармен келісу).
- 9. Орталық кітапханалар ауылшаруашылығы бағытындағы іс-шараларды, семинар, кездесулерді өткізуге арналған орындар ұсынсын.
- 10. Материалдарды көшіру, сканерлеу және т.б.