Жас қаламгерлер
Әдеби мұра – халықтың әр-түрлі тарихы кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы. Орасан бай, сан алуан, қоғамдық, эстетикалық жай-жапсары барған сайын ашыла түсетін, терең мазмұнды, көркемдік қуатты, бейнелілік тартымды, сөз, тіл кестесімен де баурап алатын әдеби шығармаларымыз өте көп.
Әдебиет - заман ағымына сай түрленіп, өзгеріп отыратын құбылыс. Көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындыларымен бірге бүгіндері әдебиетімізге жаңа туындылар да қосылып келеді. Соңғы жылдары қоғамдағы өзгерістермен бірге әдебиетімізге де елеулі өзгерістер, жаңа есімдер еніп, заманға сай жазылған жаңа туындылар тууда. Жаңа ғасырдағы қазақ өдебиеті жаңа толқын өкілдері саналатын жас жазушылармен толығып келеді. Соңғы жылдары әдебиетіміз көптеген талантты жастармен толықты.
Әдебиет - құнарлы ойдың, сәулелі сананың мәңгілік көші болса, сол көштің лек басындағы ұлт рухы мен уақыт жүгін бойына тұмар қып таққан сөз өнерін жалғастырушы қазіргі заманғы қазақстандық жас қаламгерлер жайлы қысқаша түсінік береміз. Ұсынылып отырған ақпаратта жас ақын-жазушылардың өмірбаяны, шығармашылығы және баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларының тізімдері беріледі.
Кітапханашылардың жастар шығармашылығын насихаттауда әр түрлі тақырыпта ұйымдастыратын кітап көрмелері, даярланатын баспасөз басылымдары папкалары, тақырыптық папкалар, әңгіме, шолу, пікір-талас, талқылау, портрет кеші, тұсау кесер, әдеби кеш, әдеби портрет, кездесу, әдеби қонақжай...сияқты дәстүрлі түрдегі көпшілік шаралармен қатар, дәстүрлі емес іс-шараларды да өткізуде төмендегі мәліметтердің септігі тиеді деген сенімдеміз.
Құрастырған: Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі Р.О.Бұланбекова
Берілген мәліметтер әрдайым жаңа ақпаратпен толықтырылып отырылады. Бұл материалды құрастыруда басылымдарда, мерзімді баспасөз беттерінде, ғаламторда жарияланған деректер пайдаланылды.