Дала данагөйі, қазақ руханиятының көрнекті өкілі, қоғам және мемлекет қайраткері Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған "Қаз дауысты Қазыбек би" виртуалды энциклопедиясы – кітапхананың жаңа ғаламтор-жобасы.

Қапы қалмаңыздар! Таныс болыңыздар! Бұл жоба жайлы өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды білдіріп, Қаз дауысты Қазыбек би туралы деректермен бөлісуге болады.

Латын тіліндегі "сorruptio" сөзі "парақорлық, жемқорлық" дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық деген сөздің қазіргі заманғы тұжырымдамасы жеке адамның пайдасы үшін, адамгершілік пен заң нормаларына қайшы келетін ресми немесе ресми ұстанымын пайдалану болып табылады.

Қазіргі жағдайдағы сыбайлас жемқорлық мәселесі жаһандық проблемаға айналып отыр, себебі ол саяси құрылымы мен экономикалық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге тән.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдықтарын Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті.

Көптің ойын байытып, сауатын молайтып, білім нәрімен сусындатар кітапханамызда 2017 жылдың 16 қараша күні тағы бір танымдық кеш өтті. Әдеби-шығармашылық кеш ұлтын сүйген, отаншылдық сезімі орасан әдеби шығармашылықтың бар саласында қолтаңбасын қалдырған жерлесіміз Қапан Сатыбалдиннің 100 жылдығына арналды.

Қазақ тарихындағы қысталаң кезең, отызыншы жылдары әдебиетке келген жазушы Қапан Сатыбалдин өз дәуіріндегі әдеби даму үрдісінде оның шығармалары публицистік жалынымен, өршіл отансүйгіштік сезімімен, биік мұраттарға беттеген рухани қуатымен ерекшеленді. Прозалық шығар­малары жаңашыл жазу бағыт­тарымен, халық тілінің қанық бояуы көшкен сұлу тілімен танылды. Сатыбалдин көркем очерк саласында да өнімді еңбек етті. Ол очеркті көркемдік деңгейі жоғары, көркем шығармадай қызыға оқылатын етіп, ширықтыра жазған. Драматургиядағы жеңіл, нақты, қарапайым өмір суреттерін қамтып жазған қаламгер.

2017 жылдың 12-13 сәуірінде жалпыұлттық газеттерде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»=«Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» мақаласы жарияланды. Бұл бағдарламалық мақала, ақиқатында, қазақстандық қоғамның рухани дамуының жаңа көкжиегін ашып көрсеткен. Президент рухани жаңғыртудың негізгі алты бағытын ұсынады: ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, білім құмарлық, Қазақстанның эволюциялық дамуы мен сана-сезімінің ашықтығы. Маңыздысы, Ұлт Көшбасшысының идеяларын жүзеге асыратын әр тұлға үшін әртүрлі жобалар түрінде қазақстандық қоғамның алдына нақты шаралар қойылған.

Елбасының бағдарламалық мақаласы мен қазақстандық қоғамның алдына қойылған міндеттері туралы біздің кітапхананың оқырмандары мен қызметкерлері өз ойларымен бөлісті.

Құрметті сайт оқырмандары!

Біз сіздерге кезекті жыл кітабының таңдалғанын хабарлаймыз.

2017 жылы,  Алашорда мемлекетінің 100 жылдығы қарсаңында – Алашорда үкіметі құрылған күндері-ақ "Алаш ұранын" жазған, ХХ ғасырдың басындағы ұлттың ояну кезеңінің жалынды жыршысы, қазақ әдебиетінің классигі Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын оқитын болдық.

Ай кітабы