Ерубаев көшесі тарихы

Қарағанды қалалық советі президиумы отырысының 26.07.1938 ж. № Ф. 15. ОП.1 Д. 159. Л.Л. 80-80 об. хаттамасына сәйкес құрылған Киров көшесі Қарағанды қалалық әкімшілігі басшысының 23.11. 1992 ж. №1/337 Ф. 1528. ОП.1. Д.13. Л.61 шешімімен С.Ерубаев көшесі болып өзгертілген.
Қарағандының Ленин ауданындағы Жаңа қаланың орталық бөлігі арқылыөтеді, оңтүстік-батысқа қарай Тепловоз көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін, Совет проспектісімен қатарласа Жамбыл көшесін, Ленин проспектісін, Бейбітшілік бульварын. Лобода, Қазақстанның 40 жылдығы көшелерін, Н. Әбдіров проспектісін, Дзержинский көшелерін қиып өтеді. 1940 - 50 жылдары салына бастаған. Киров көшесі бүгінде көріктендірілген кең (30—35 м) қалалық магистраль болып табылады, көшені бойлап 3 және 5 қабатты ғимараттар тұрғызылған.
Ғимараттардың көлемдік-кеңістіктік және конструкциялық құрылымынан қала салудың соғысқа дейін қалыптасқан үрдісі байқалады. Киров көшесіндегі ғимараттарға облыстық прокуратура, облыстық сот, ішкі істер басқармасының өрттен қорғау басқармасы, облыстық кітап саудасы мекемесі, облыстық әскери комиссариат, облыстық өлкетану музейі, А. П. Гайдар атындағы қалалық Пионерлер Сарайы, № 1 перзентхана, үшінші емхана,қалалық денсаулық сақтау бөлімі, «Вторчермет». «Қарағанды азаматтыққұрылысты жобалау» және «Қарағанды жол жобалау» институты, жол-құрылыс тресі сияқты мемлекеттікмекемелер менұйымдар орналасқан. Пионерлер Сарайы алдындағы аланда В. И. Ленин мен А. М. Горькийге ескерткіш орнатылған (1987).(Қарағанды. Қарағанды облысы / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 231 б.)

Түсініктеме: Совет проспектісі қазіргі Бұқар жырау даңғылы, Қазақстанның 40 жылдығы көшесі қазіргі Әлімханов көшесі, Дзержинский көшесі қазіргі Ә.Ермеков көшесі, А. П. Гайдар атындағы қалалық Пионерлер Сарайы қазіргі балалар мен жасөспірімдер сарайы

 

 


Copyright ©2014 Қарағанды ОҒӘК