Error
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_inkara is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_inkara is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

«Жыр-жауһар» поэзия клубы 2019 жылдың 19 қарашасында Ж.Жабаев атындағы №7 мамандандырылған мектеп-гимназиясында жас жыр-жауһарлықтармен  жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбекке арналған «Жұлдыздар із тастап кетеді» атты танымдық сағат өткізген болатын.

Іс-шараның мақсаты -  мектеп оқушыларын  ұлы тұлғалардың бірі Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығымен, ешкімге ұқсамайтын өмір жолымен таныстыру. Қаламгердің мұраларын ұсына отырып, кітапханаға деген қызығушылығын одан әрі жоғарылату.

А.Сейдімбек 1942 жылы 12 желтоқсанда  Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу ауылында дүниеге келген. Отызға тарта көркем, ғылыми-көпшілік және монографиялық кітаптардың авторы. Гомердің «Илиада», «Одиссея» дастандарын қара сөзбен аударған. Шығармалары 10-нан астам шет тілдеріне аударылған. Ақселеу Сейдімбектің өнер және өмірі туралы, өнердің төлтумалылығы жайында, әсіресе, халықтың тарихи тұлғасын айғақтайтын мәдени-рухани үрдіске қатысты жазылған «Сонар» атты кітабы 1989 жылы жарық көрді. Ұлттың рухани әлемінде күй өнерінің айрықша орынын терең сезінген ол тынымсыз іздене жүріп, ел ішінен 2000-дай күй аңызын жинақтайды, 150-ге тарта күйші-композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер жинайды. А.Сейдімбек жан-жақты тұлға болғандықтан, ол кісі жайлы бір ауыз сөзбен тоқталу мүмкін емес. Сондықтан, Ақселеу ақын, жазушы, ғалым ғана емес қазақтың шежіресін ерекше ден қойып зерттеген, күй өнері жайлы үлкен мұра қалдырған бірден –бір тұлға.

{gallery}material/news/2019_inkara{/gallery}


Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері А.Сейдімбектің өмірінен ерекше, қызықты  ақпараттар беріп, жазушының өміріне деген қызығушылықтарын арттырып, одан әрі ізденуге тұрарлық тұлға екенін жеткізе  алды. Ақселеудей тұлғамен алғашқы таныстықтары жүректерінен ерекше орын ала алды деген ойдамыз. Жас жыр-жауһарлықтарға қаламгердің    ғұмырынан сыр шертетін презентация көрсетіліп, кітапхана қорында бар  жинақтары мен зерттеу кітаптары таныстырылды.

Жыр-жауһарлықтар халық дарынының шырақтай сәуле берген шығармаларынан білім көкжиегін кеңітіп, жағымды оймен тарасты.

 

Абонемент бөлімінің кітапханашысы                Абдыкасова І.М.