Error
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_til is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_til is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Өркениеттің өр биігіне шығар берік тұғыр – ұлттық болмыс десек, сол ұлттық болмыстың бір ұшығы тілмен сабақтас. Күні кеше ғана мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған жолдауында «Тіл – үлкен саясаттың құралы» - деп, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың уақыты келгендігін айтты. Ата - баба аманат еткен тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізуді мақсат ете отырып оқу залдары бөлімі кітапханашылары

Көпсалалы гуманитарлық техникалық колледждің «Дизайн» факультетінің 1 курс студенттерімен «Ана тілі ұлт қазынасы» атты ақпарат сағатын өткізді. Шараға қатысушы студенттерге қазақтың бай мәдениетін, салт – дәстүрін бойына сіңіріп өсер ұрпақ болу үшін қазақ тілінің мәртебесі жоғары болу керек екендігі жайлы айтылды. Қазақ тілін қызғыштай қорып, дәрежесін көтеруге бар күш жігерін жұмсаған ұлт қайраткерлерінің сөздерінен мысалдар келтіре отырып көрсетілген «Ана тілі – ұлт қазынасы» атты фото слайд студенттерге көп жайдан түсінік берді.

{gallery}material/news/2019_til{/gallery}

2025 жылдан бастап латын графикасына көшудің ұлт болып шешетін принципті мәселе екендігі, ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызылып отырғандығы жөнінде айтылған пікірге студенттер қызу қолдау білдіріп отырды. Шара барысында колледж студенттері белсенділік танытып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алды. Шара соңында «Тіл мемлекеттің негізі» деп аталатын кітап көрмесіндегі кітаптармен танысқан студенттерге кітапхананың қызмет көрсету аясы, мекен жайы, электронды сайты туралы түсініктер беріліп, тұрақты оқырман болуға шақырылды.

 

Оқу залдары бөлімі кітапханашы Айтбаева К.