15 қыркүйек күні сағат 11.00 – 19.00 аралығында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап ғылыми кітапханасы алаңында Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған екінші жалпы республикалық «KitapTime-2023» кітап фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.

Фестивальдің мақсаты: кітап пен кітап оқуға деген қызығушылыққа қолдау көрсету, қоғамның мәдени құндылықтары мен зияткерлік потенциалын арттыру болып табылады.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке - Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Президентіміз Қ. Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады. Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Біздің кітапханамызда баршаңызды қуана күтеді. Назарларыңызға білім күніне арналған «Терең білім – тәуелсіздігімдің тірегі» атты кітап көрмесін ұсынамыз.

Ядролық сынақтардың тарихы – қасірет тарихы. 2000-нан астам ядролық сынақтардың құрбандары көбінесе халықтың ең осал топтары арасында болды. Ядролық сынақтардың жойқын зардаптары ұлттық шекарадан асып түседі және қоршаған ортаға, денсаулыққа, азық-түлік қауіпсіздігіне және экономикалық дамуға әсер етеді.

2009 жылы 2 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының алпыс төртінші сессиясы 64/35 қарарын бірауыздан қабылдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады. Қарарда адамдарды «ядролық қаруды сынау жарылыстарының және кез келген басқа да ядролық жарылыстардың салдары туралы және ядролық қарудан азат әлем құру мақсатына жету құралдарының бірі ретінде оларды тоқтату қажеттілігі туралы» белсендірек оқыту мен хабардар етуді талап етеді. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонының жабылуын атап өту мақсатында демеушілері мен авторлары көп бұл қаулыны қабылдау туралы бастама көтерді.

23 тамыз күні сағат 15-00-де Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының белсендісі, АТОМ жобасының Құрметті елшісі, Нобель сыйлығының үміткері, қылқалам шебері Кәріпбек Күйіковпен кездесу өтті.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының Конституциясы - бұл біздің мемлекетіміздің Ата Заңы, ол жоғары заңды күшке ие, Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылатын құжат. Конституция заңнамалық тұрғыдан анықталған негізгі нормативтік құқықтық актілердің арасында бірінші орында тұр. ҚР Конституциясының нормаларын талдау оның барлық негізгі ережелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тікелей қатысы бар екені сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және азаматтық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.  Конституцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы, негізгі құқықтық тетігі, базасы ретінде қарастыру қажет.

2023 жылғы 25 тамызда сағат 15.00-де Н. В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханада Қазақстан Республикасы Бірінші Конституциясының 30 жылдығына арналған (28.01.1993 жыл) «Constitution as a basic Law of Republic of Kazakhstan» дөңгелек үстелі өтті.

Шара Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің превенция басқармасымен бірлесіп өтті.

Толығырақ...

Кеншілер күні - біздің өлкеміздің тарихы мен дәстүрлерін сіңірген сүйікті және ерекше мереке. Бұл - мерекені Қарағанды кеншілері 1948 жылғы 28 тамызда (кейбір деректерде 27 тамыз) алғаш рет атап өтті. Яғни биыл бұл мерекенің аталып өтуіне 75 жыл толып отыр.

Осыған орай, кеншілер тарихынан сыр шертетін «Кеншілер – Қарағандының жүрегі» атты диалог - кітап көрмесін тамашалаңыздар!

Диалог-кітап көрменің құрметті қонағы Қарағанды көмір өндірісінің ардагері, «Кенші даңқы» белгісінің толық иегері Алмас Сағынайұлы Рысқұлов.

Толығырақ...