10 қантар күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхана базасында Қарағанды облысы кітапханаларының 2023 жылғы жұмыс қорытындысы және кітапханалық мәселелерді талқылау мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Қ.Т. Ашкеев, облыстық кітапханалардың және қалалық, аудандық ОКЖ басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Отырыс барысында  тұрғындарды кітапханалық қызметпен қамтамасыз ету, кітап қорын толықтыру, кітапханалардың ғимарат жағдайы, сайт мәселесі, ОКЖ-дың кәсіби біліктілігін көтеру, қаражат бөлу мәселелері және оны тиімді жұмсау сұрақтары, сонымен қатар 2024 ж. арналған жылдық жоспарлары талқыланды.

Құрметті кітап сүйер қауым! Назарларыңызға қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Нұрқожаұлы Бекхожиннің 110 жылдығына арналған «Поэзия тербетеді жүрегімді..» атты бейне презентацияны ұсынамыз!

Кітапханамызда ұлық мерекеміздің аясында, тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына шолу жасау мақсатында оқырмандар назарына «Ел тәуелсіздігі: кеше және бүгін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалардан бастап, бүгінгі күнге дейін Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы туралы материалдар ұсынылды.

13 желтоқсан күні кітапхананың оқу залдары бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих пен қазіргі заман» атты тарихи сағаты өтті.

Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының тарихи кезеңдері мен жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.

Аталмыш шараға Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ – дың  Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ш. М. Теміржанова, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының жас актерлері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары Б.К.Аязбаева, Ж.Ж.Ибраимова, С.М.Молғаждарова және Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың экономика факультетінің студенттері қатысты.

Толығырақ...

Қазақ тарихында шешендігімен, тапқыр шешімі арқылы әділдігімен көзге түскен бидердің ел тарихындағы алар орны ерекше. Олардың бірегейі Төле би Әлібекұлы - қазақтың аса ірі қоғам қайраткері, қазақтың әдет-ғұрып заңдарының тәртібі мен ережелерінің  кодексі - «Жеті Жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі, шешен, 17-18 ғасырларда билік еткен билеуші, дана бидің 360 жылдығына арналған “Қазақ даласының ұлы биі” атты бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз!