Егіндібұлақ селолық орталық кітапханасының іргетасы 1928 жылы қаланды. Кітапхана 2004 жылдың қаңтар айынан бастап үлгілі кітапхана мәртебесіне ие болды.
Қазіргі уақытта кітапхана 2 пәтерлі тұрғын үй есебінде салынған ғимаратта отыр. Кітапхана орны 322,6 шаршы метрді құрайды
Кітапханада бес адам қызмет істейді. Кітапхана меңгерушісі О.Жарылғапова , білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 33 жыл.
Г. Жылтыбаева , білімі жоғары кітапханашы, еңбек өтілі 25 жыл,
Г.Сағатова, білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 30жыл, Ж.Касимова ,білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 25жыл,
Б. Айтжанова, білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 8 ай.
Егіндібұлақ селосындағы халық саны - 2978.
-
Оқырмандар саны - 2097.
-
Кітапханаға келуі - 10245.
-
кітаптың берілімі - 20509
-
Кітапханада 91 - 4 – 58 телефоны қосылған.
Кітапхана компьютер үстелі 2, жұмыс үстелі 1, телевизор тумбасы 1, оқырмандар үстелі 6, оқырмандар орындығы 12, көрме стеллаждары 6, екі жақты стеллаж 15, айналмалы кресло 2, Кафедра выдачи 1, Компьютер 2, телевизор 1, коприовал. аппарат 1, сканер 1, принтер струйный 1, принтер лазерный 1, источник бесперебойного питания 2, 1 модеммен қамтамасыз етілген.
2007 жылы кітапхананың жылу қазандығы күрделі жөндеуден өтті. Бірақ кітапхана үйіне, жылу қазандығына тағы да күрделі жөндеу керек.
Кітапханада барлығы 34851 дана кітап қоры бар , оның ішінде қазақшасы 25335 дана. 2012 жылы 797100 теңгеге 767 дана кітаппен кітап қоры толықтырылса, 69 түрлі газет – журналдарға жазылды.
Кітапханада «Орталық Қазақстан», «Егеменді Қазақстан», «Дала мен қала», «Қазақ әдебиеті», «Қарқаралы», «Айқын», «Түркистан», «Халық сөзі»,газеттерімен, «Жұлдыз», «Жалын», «Тіл», «Мәдениет», «За рульем», «Аргументы и факты», «Қазақ тарихы» журналдары оқырмандар арасында көп сұранысқа ие.
Кітапханада «Күй күмезі Тәттімбет» ұсыныс тізбесі, «Мәңгілік жыр тудырған ақын», «Кеудесін кек кернеген кесек талант», «Ой түбіндегі – Оралхан» анәдістемелік библиографиялық кітапшалар мен слайд жасалды. Адам құқығы бойынша цифрлық кітапханадан полиция қызметкерлері, мекеме басшылары, әкімшілік қызметкерлері кейбір заң актілеріндегі өзгерістерді қызмет бабында пайдалануға алады.
Компьютерге салынған СИН – программасы арқылы кітапхана оқырмандары да кеңінен пайдаланады.Оқып үйренеді.
Сондай – ақ кітапханада құжаттарды цифрлау және РАБИС бағдарламаларымен 2011 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Кітапханада «Бабаның елі Балқантау» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылған. Жылма жыл шілденің алғашқы сенбісі дәстүрлі «Ауыл күнін» атап өтеді.
Кітапханада баба жөнінде материалдар «Қара қылды қақ жарған Қазыбек би» , «Халық әндерінің академигі» (Жүсіпбек Елебеков), «Тұрсын періште ақын», «Күндіз ақын, түнде – жарық жұлдызбын...», «Күй атасы – Тәттімбет» , «Ел еркесі – ер Мәди», «Қазақтың атақты әншісі Ғаббас Айтбаевтың туғанына 130 жыл» атты папкалар жинақталған.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында небәрі 36 жыл ғана өмір сүрген ақын жерлесіміз ақын Тұрсын Жұмашевтің артында қалған мәңгілік өшпейтін, жүрегін жарып шыққан, оның жақұт жырлары қалды. Тұрсын ағамызға «Халқының жүрегінде ақын жыры» атты еске алу кеші өтті.
Қазақтың ғажайып азаматтарының бірі, әрі бірегейі, ақын, балалар ақыны Кәрім Сауғабай. Кәрім сауғабайдың 70 жыл толуына орай «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби ертеңгілік өтті.
Республикалық домбырашылар конкурсының лауреаты, шертпе күй шеберінің тікелей мұрагері, Тәттімбет мұрасын жігерлі насихаттаушысы Тұрысбек Түсіпбеков жөнінде материалдар жинақталып кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Қасым жылы, қазақтың төріне шық» поэзиялық кештер өтті.
Сонымен қатар кітапханада «Ата – Мұра» қызығушылар клубы жұмыс жасайды. Папкаға материалдары жинақталды.
Сонымен қатар кітапханада «Өлкетану» картотекасы жүргізіледі. Бұл картотекаға өлкеде болып жатқан жаңалықтар және ақын жазушыларымыздың мерейтойлары, айтулы даталы күндер карточкаға жазылып картотекаға құйылады.
Сонымен қатар кітапханадағы «Ауыл мемлекеттің керегесі» атты ауыл энциклопедиясы толықтырылуда .
Келешекте үлгілі кітапхананың оқырмандарға берері зор. Сондықтан үлгілі кітапханалардың саны өссе нұр үстіне нұр болар еді.
Нұркен Әбдіров ауылдық кітапханасы 2008 жылы «Үлгілі кітапхана » мәртебесін алды.
Кітапханашы Маякина Бақытгүл Рахиметоллаевна , білімі жоғары, педогагикалық, еңбек өтілі -15 жыл. Кітапхана мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан, аумағы 80.кв м, кітапхана жылу қазандығымен жылытылады. Кітапхана көрме стеллаждары – 4,екі жақты стеллаждар- 8, жұмыс үстелі -1, компьютер үстел – 1, оқырман үстелі – 6, оқырман орындықтары – 12 жиһаздармен қамтамасыз етілген. 2009 жылы ремонт жасалған , биылғы жылы қаржы бөлінді толық жөндеуден өтпекші.
Халық саны :1363 ,
Кітапханадағы кітап қоры-13065, оның қазақшасы -6671, 2013 жылы 440700 теңгеге 417 данаға кітап қоры толықтырылып, 35 түрлі мерзімді басылымдарға жазылып оқырмандар сұранысын қанағаттандыруда.
Оқырмандар Алтын босаға , Ақ босаға, Айқын, Аңыз адам, Жұлдыздар отабасы, Жұлдыз, Денсаулық журналдарын көп алып оқиды.
-
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны -653
-
Кітапханаға келімі 9389
-
Кітап берілімі – 11386
«Қарағанды облысы кітапханаларында өлкеге байланысты құжаттар қорын сақтау» проектысына байланысты туған өлкеге байланысты құнды құжаттар көшірмесі жасалуда. Барлығы 6 документ – 9 бет көшірме жасалды. Адам құқығы бойынша цифрлық кітапханадан әкімшілік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар өздеріне қажетті құжаттарды ала алады. Цифрлы кітапхана заңдары ескі, жаңа заңдармен толықтыруды қажет етеді. Бірақ кітапханада компьютер қондырғылары ескі. Интернет жүйесімен жұмыс жасай алмай отырмыз . Рабис бағдарламасы қойылмаған. Кітапхана 52169 телефоны қосылған. Кітапхана оқырмандардың әр түрлі топтарының жас шамасына және мамандығына сәйкес кітапханалық қызмет көрсетеді. Оқырмандардың рухани байлығын арттырып, кітап оқуға баулу мақсатымен, әңгімелер өткізіліп, кеңестер береді. Кітапхананың қазіргі талапқа сай көркем безендіріп оқырмандармен әр түрлі көпшілік жеке жұмыстар жүргізеді.
Әр түрлі тақырыпта кітап көрмелерін ұйымдастырып, шолулар, анықтама – библиографиялық ақпараттар беру арқылы оқырмандарға кітап қорын насихаттау.
Нүркен модельді кітапханасында «Қарқаралы - шежіре өлкесі», «Қарағанды құт дарыған мекенім», « Кенді - өлке Қарағанды» , «Ақын , сазгер Мәди Бәпиұлы», «Сарыарқаның сұңқары Тоқтар Әубәкіров», « Қазақтың қанатты ұлы Нұркен Әбдіров», «Батыр Нұркен ауылы газет бетінде», «Туған елге сағыныш Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың майданан жазған 62 хаттары», «Ғылымға із қалдырған бір туар тұлға - Ақжан Жақсыбекұлы Әл - Машанин», «Абай -мәңгілік қазына », «Туған жердің төл презнті Жаппар Өмірбеков», «Дауылпаз ақын Қасым Аманжолов», «Ақын Қасым- ғасыр Қасым», «Арыстандай ақырған ақын еді, Жыр көгінде қырандай шалқып еді Қ.Аманжолов», «Жерлес интернационалист - жауынгерлер», «Қыр даланың қыраны Ғабдиман Игенсартов», « Дала классигі Ғабиден Мұстафин » , «Парызын адал атқарған қаламгер Жайық Бектұров», «Сатирик – жазушы Әбжан Омарбаев», «Өмірі -өнеге Қалибек Қуанышбаев»,«Туған жер тұнған шежіре» ауыл энциклопедия, «Туған жер тұнған шежіре » фото альбомдар мен папкалар жинақталған.
Нұркен Әбдіров атындағы үлгілі кітапханасының жанынан құрылған «Ақ отау» қызығушылар клубы 1998 жылдың сәуір айынан жұмыс жасайды.
Сонымен қатаркітапхана «Жас қалам» жас ақындар клубының жобасы бойынша жұмыстар атқарады.
Жобаның мақсаты: Оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, Ана тілінің абыройын асқақтау, Ұлтжанды рух беру ізгілік пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу мақсатын жас оқырмандар іріктеліп өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алады.
«Туған жер – тұнған шежіре» ауыл энциклопедиясы қайта өңделуде.
Кітапханада «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан», «Сұлу сөздің сиқыршы сырбазы» Ғ.Мүсіреповтің туғанына 110 жыл, «Ғасырлар мен тағдырлас» атты көрмелер ұйымдастырылып, шолулар, конференция, кездесу кештер, мен тәрбие сағаттары өткізілді.
Нұркен Әбдіров атындағы үлгілі кітапханада ауыл әкімшілігімен, тұрғындармен , зейнеткерлер, жұмыскерлер, студент жастар, мектеп оқушыларын және ұстаздармен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Сонымен қатар өткізген шараларды аудандық Қарқаралы газетіне жарияланып отырылады.
Кітапхана жұмысына көп қиыншылық туғызатын жағдайы қазіргі заманда кітапхананың электронды ресурстары өте төмен интернет жүйесі қосылғанмен, байланыстың нашарлығына орай жұмыс жүрмей отыр . Үлгілі кітапхананың болашақта өте қажет .
Кітапханалардың заман талабына сай оқырманға өркениетті қызмет көрсетуі үшін кітапханашылардың жаңа технологияларды бір кісідей игеріп, кітапхана жұмысына кеңінен қолдануы кітапханадағы жұмыстың негізгі бағыты болып табылады.
Заман талабынан туындап отырған кітапханалық үдерістерді автоматтандыру. Кітапханашылар өздері жеке компьютермен жұмыс істеу дағдысын жете меңгеру . Интернетті пайдаланушыларға жеделғабыл әрі тиімді және сапалы қызмет көрсетуді жүзеге асыру. Интернет ресурстары бойынша сайттарға кіріп, ақпараттық технология жөнінде өз білімдерін шыңдай түсу.
Жаңаарқа ОҚЖ 25 ауылдық кітапхана бар, үлгілі кітапханалар саны - 9.
-
- Аудандық С.Сейфуллин атындағы үлгілі кітапханасы
- Аудандық Б.Өтешов атындағы балалар үлгілі кітапханасы
- Қызылжар ауылдық үлгілі кітапханасы
- Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасы
- Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасы
- Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасы
- Ынталы (Қараағаш) ауылдық үлгілі кітапханасы
- Орынбай (Көктал) ауылдық үлгілі кітапханасы
- С. Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасы
Кітапхана қоры. 9 модельді кітапханалар қоры 118735, қазақ тілінде 78635, 2012 жылы 4324 дана кітап, 2951692 теңгеге қаржыланды.
Электронды басылымдар қоры үлгілі кітапханаларда 83 дананы құрайды.
Бақылау көрсеткіштері. 2012 жылы үлгілі кітапханалар 11471 оқырмандарға қызмет көрсетті, оның ішінде электронды қызметті қолданушылар саны 4000, кітап берілімі 231961 дана, келушілер саны 117516.
Үлгілі кітапханалардағы интернет. Жаңаарқа ауданының барлық үлгілі кітапханалары телефонмен және 8 үлгілі кітапхана интернетпен қамтылған. ADSL Megaline технологиясы бойынша 2 кітапхана, WLL CDMA – 1 кітапхана, «Зона Интернет» қызметіне (коммутированный)- 5 кітапхана. Барлық үлгілі кітапханалар электронды поштамен жұмыс істейді.
2007 жылдан 2012 жыл аралығында барлық үлгілі кітапханаларда күрделі жөндеу жүргізілді.
Үлгілі 9 кітапханадағы клубтар: «Арай», «Даму» жастар клубы, «Атамекен», «Өлкетану», «Отбасымен оқимыз», «Маржан» жастар клубы, «Денсаулығымыз-байлығымыз» қызығушылық клубы, «Қазақтың салт – дәстүрі», «Жас отау», «Жас толқындар жырлайды», «Жас ақындар» үйірмесі , «Қолөнер» қызығушылық клубы, «Өлкетану» үйірмесі.
2012 жылғы шыққан өнімдер (продукция): «Күміс көмей, әнші Күләш апай – 100 жаста» ұсыныс тізімі, «Конституция күні – мемлекеттік мереке!» буклет, «Спорт – денсаулық кепілі» ұсыныс тізімі, Ж.Мағзымұлы «Жаңаарқа әншілері» буклет, «Жаңа кітаптар» буклет, «СПИД – ке жол жоқ!» буклет, «Нұрлы Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан» буклет, «Азат қозғалысының басшысы Наурызбай батыр – 190 жаста» ұсыныс тізімі, «Сматай батырдың туғанына 145 жыл» ұсыныс тізімі, «Шылымды тастап, денсаулық ұтып ал!!!» буклет, «Сыр сандықты ашып қара» буклет, Саясат. Саяси ғылым туралы, Қазақстан Республикасының заңдары туралы, Өнер және Мәдениет туралы, Тарихи мәліметтер жинағы, Қазақстан ғылымдары туралы, Денсаулық сақтау, Медециналық ғылымдар туралы, С.Сейфуллин туралы тарихи деректер, «Ұлы Жеңіске – 65 жыл», «Жаңаарқадан шыққан ғалымдар» туралы, Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер мен айтулы даталар күні, «Қазақ спорты» туралы, «Жолдауға қолдау» туралы, «Тәуілсіздікке 20 жыл», Тіл туралы, Дін имандылық туралы т.б.
Национальные парки и Заповедники Казахстана
Каркаралинский государственный национальный природный парк Каркаралинский район
Государственный национальный природный парк «Буйратау» является еще совсем юным, природоохранным учреждением, который появился на просторах казахстанской республики 11 марта 2011 года.
Бұйратау - Ұлттық мақтанышымыз интервью
Путеводитель: Государственный национальный природный парк «Буйратау». "Бұйратау" мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі. Карта - схема экологического туризма "Белодымовский", Экологиялық туризмнің карта - сызбасы "Жаушоқы".
Государственные природные зоологические заказники Карагандинской области
Бельагашский государственный природный заказник (зоологический) Бухар-Жырауский район
Кувский государственный природный заказник (зоологический) Каркаралинский район
Бектауатинский государственный природный заказник (зоологический) Актогайский район
Кызыларайский государственный природный заказник (зоологический) Актогайский район
Улытауский государственный природный заказник (зоологический) Улытауский район
Государственный природный заказник «Белдеутас» (зоологический) Каркаралинский район
Караагашский государственный природный заказник (зоологический) Жанааркинский район
Когашикский государственный природный заказник (ботанический) Жанааркинский район
Жезказганский ботанический сад г. Жезказган Жезқазған ботаникалық бағы. Зеленый пояс Жезказгана.
Туранговый государственный природный заказник (ботанический) Актогайский район